Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘОЖ: 94 (574) (045) 
ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Ханыбыллаева Ж., 
Тарих» мамандығының студенті
 
Ғылыми жетекші: Қамиева Г.Б
.,
 аға оқытушы
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. 
Мақалада
 
сан түрлі
 
ғылымның даму тарихына негіз болған, ерекше 
жинақталған білім қорларын қалдырып кеткен ойшыл данышпан – Әбу Насыр Әл-
Фарабидің философиялық жүйесіндегі идеализм мен материализм, үш принципі, ақыл 
және ізгі мемлекет (қала) туралы ілімдері жөнінде қарастырылған.
Түйінді сөздер: 
материя, ақиқат, идеалистік ілім, трактаттар, «ізгі қала». 
Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа енуі, адамдық өмірлік әрекеттің барлық 
салаларын қамтитын, күрделі драмалық үрдістердің күшеюі және тереңдеуімен 
ерекшеленіп отыр. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңі жеке елдер мен мемлекеттер 
сияқты әрбір адамның тіршілігіне, рухани дамуына тікелей әрі мәнді әсер ететін, 
жаһандану үрдісімен сипатталады. Адамзат тарихында түрлі мәдениеттердің жасампаз 
сұхбатының, гуманизм мен әділеттіліктің жалпы адамзаттық идеяларын жемісті жүзеге 
асырған, жаңа философиялық жүйелердің пайда болуына жеткізген, көптеген үлгілері 
бар. Олардың біріне ұлы Дала ойшылы – Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-
950) философиялық жүйесі жатады. Ол қазақтың көне Отырар жерінде дүниеге 
келген, бойына көптеген мәдениеттердің – ирандық және үнділік, гректік, арабтық және 
түркілік жасампаз күштерінің самалын сіңірген, бірақ өзінің шығармашылық қуатын 
көпқырлы ислам мәдениетінің рухани тыныс-тіршілігінде іске асырған, орта ғасыр 
дәуірінің асқан ірі ойшылы болып табылады [1, 78-б]. 
Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, яғни, 
оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда 
философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Насыр Әл-
Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан 


93 
қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, 
әсіресе, «Аспан астындағы дүние» ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. 
Фарабидің 
қоғамдық-философиялық, 
жаратылыстану 
туралы 
ғылыми 
көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, 
философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Ұзаққа 
созылған жаулаушылық саясаттың нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет Араб 
халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік 
дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып, 
жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІX – X ғасырларда саяси, философиялық ойдың дамуы 
таптың және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен 
кешендердің осы шиеленіскен идеологиялық күресі жағдайында жүрді. Мұндай жағдай 
философияда айқын көрініс болып табылады. 
Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің 
ізімен құдай дүниесі бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп – «алғашқы 
түрткі» ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз дайындылығымен құдайға 
тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің 
«жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан» деген қағидасына мүлдем қайшы. 
Керітартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты 
«күпірліктері», қателіктері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған,- деседі кейбір 
зерттеушілер. 
Фараби «ақиқат біреу-ақ, оған әржақтан, әртүрлі деңгейден қарауға болады, 
сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін», – деп санайды. 
Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. 
Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін 
діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі – негізінен 
дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. 
Фарабидің данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей 
қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына қарағанда, Фарабидің 
философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған бірден 
көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология бойынша айтсақ, 
материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм арасындағы ауытқуды 
білдіреді. Ол бүкіл орта ғасырлар философиясындағы проблемаларды қамтиды. Олар: 
болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті 
– проблемасы, логика мәселелері, ақыл және оның адамның қоғамдық іс-
әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және 
ғылымдар методологиясы, проблемалары, т.б. [2]. 
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық 
қасиеттер болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның 
өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығына және жетілгендігінде деген мағынада 
айтамыз. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз 
әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және қайырымды адам боламыз: 
біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады! 
Егер бір нәрсенің өмір сүруін қажетті етеін себеп белгілі болса, онда сол 
нәрсенің өзі де белгілі. Себептер ретімен орналасқан уақытта соңғылары себепті тізбек 
ретінде жеке-дара нәрселереге жетеді. Осылайша, бірінші себептің айқындылығы 
арқасында бүкіл жалпы мен жеке-дара нәрселер анық болады [1,170-б]. 
Бірақ ол бұл нәрселерді олардың болмысы емес өзінің болмысы арқылы, бірін-
бірінің соңынан жаратқан тәртіппен таниды. Табиғилықтан соң келетін оның таным 
әлемі екінші шексіз жалпылық, мұнда бұйрық қасиеті өмір сүреді. 


94 
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын терең 
талдай келіп, Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді:
1. дүниенің мәңгілігін тану;
2.детерминизді зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу ғылымы – 
білімнің қайнар көзі;
3. адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім.
Бұл үш принцип – Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері 
болып саналады. Әрине, ғылымның даму деңгейі, саяси-әлеуметтік жағдайлардың 
салдарынан бұл мәселелер туралы ол кейде кері шегініс жасауға мәжбүр болады. 
Ақыл туралы ілім Фараби философиядағы ірі жетістіктер санатына қосылады. 
Мұндағы ақыл ұғымына кең, бүкіл әлемдік мағынада қарастырылып, оның 
космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы; 
Аристотельше айтқанда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) 
жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатысы түпкі себепті – Алла иемденеді. Алладан 
кейінгі екінші сатыны – аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл 
және оған сай төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың 
төртінші сатысы – адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатысын форма мен материя 
алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің, аспан мен жердің алшақтығы жайлы 
ресми мұсылман дінінің қағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге 
материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді [2]. 
Адамның мәні құпия және айқынға бөлінеді. Айқынға келер болсақ, сезім 
арқылы қаьылдайтын дене және оның мүшелері. Сезімдік қабылдағыш оны сырттан 
қабылдаса анатомия оның ішкі құрылымын көрсетеді. Құпиялыға келсек ол адамның 
рухани күші. 
Адамның рухани күші екі категорияға бөлінеді: бірі – іс-әрекетпен шұғылданса, 
екіншісі – таным. Іс-әрекет үш текті: өсімдікті, жануар және адамдық. Ал танымдық екі 
түрлі: жануарлық және адами. Бұл әрекеттердің бесеуі де адам бойында бар және 
бұлардың көбісі ортақ [1, 269-б]. 
Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз ақыл немесе ғарыштық (космостық) 
ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол – жер бетіндегі 
тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік 
иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік 
ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген 
қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның 
ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі 
проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан 
өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап, 
дамытып, жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде 
қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты адамдардың жаны өлмейді, ал 
қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны оның тәнімен бірге өледі,- деген идеяны 
қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы адамның артында қалдырған ісінің, ізінің өшпегені, 
оның жанының өмір сүргені дегенді меңзейтін сияқты. Бұлай деп айтуымызға
Фарабидің «Ұлы Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты туралы» еңбегінде ол 
дүниедегі өмір туралы жазған мынадай жолдары негіз болады: «Білім, яғни ғылыми 
мұра қалдырған адам өлгеннен кейін өз қамы үшін ғана харакет еткен адамнан қадірлі, 
білгіш, көреген болады, өйткені көп мал-мүлік күйттеу ғылымға кесірін тигізеді. 
Сондықтан рухани мұра қалдыру дүниеауи қам-харакетке қарағанда абзал да қадірлі, ол 
ғылымға кесірін тигізбейді. Ол дүниелік өмірде дәрежеге жетуге кедергі болмайды. 
Егер, бәлкім, ғылымның басқа адамдары, оның әріптестері бұл мұраны пайдаланса, ол 
оған өлгенге дейін де, өлгеннен кейін де игілік боп жұғады» [3]. 


95 
Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай 
астындағы дүниенің шын мәнінде бар екенін, оның айдан жоғары орналасқан 
дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан 
төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер 
– ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан 
алуан әртүрлі қосылыстарынан тұрады. 
Фараби өзінің дүниеге көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін 
қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», 
«Бақытқа жету туралы» трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру 
формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол, ең 
алдымен, өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы 
өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, ол 
кемел, үлгілі құрылым ретінде «Ізгі қаланы» таңдайды, оған жақын келетін және 
тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын «қажеттілік қаласы» деп 
қарайды. Фараби әрі қарай «алыс-беріс қаласы» (саудагерлер мен алыпсатарлар 
мекені), «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» (ұры-қарылар, арамтамақтар мекені) 
бөліп ажыратады [3]. 
Ізгі мемлекет (қала) туралы ілімін жасауда Фараби Платонға еліктеп, мемлекетті 
әрбір мүшелері белгілі бір қызметті атқаратын адам тәніне ұқсас етіп қарастырады. 
Осыған сәйкес ізгі мемлекеттегі феодалдық құрылыс суреттеледі. Идеалистік түрде 
жақауратып айтылғанымен, Фараби топшылауында адамдар арасындағы теңсіздік, 
артық кемшілік анық сезіледі. Мысалы, халық мемлекеттің жүрегі саналғанымен, күн 
көріс қамы әрекетін жасауға, ойлауға мәжбүр. Фараби мұндай теңсіздікті, әділетсіздікті 
жоюдың бірден бір жолы – ағартушылық, адамгершілік тәрбиесін күшейту деп 
қорытады. Феодалдық әділетсіздік, езгі мен зорлық-зомбылық өріс алып тұрған сол 
ауыр заманның өзінде-ақ ол зорлықсыз, қанаусыз әділ қоғам болу мүмкін деген батыл 
болжам жасайды. Фараби ондай ізгі мемлекеттің тууы, ең алдымен мемлекет 
басшысына, оның ақыл-парасатына, ғұламалығына, талантына, тәрбиесіне тікелей 
тәуелді, деп қорытынды жасайды. 
Әбу Насыр Әл-Фараби ғылымы фәлсафа, логика сияқты салаларының ірге тасын 
қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып 
олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі 
зерттеулер жүргізген, математикада үлкен жаңалықтар ашқан, астраномияда кесек-
кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын тың ойларымен байытқан. Жаратылыстану 
ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша 
күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының 
пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған. 
Әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» трактатының ғылым тарихында 
алатын орны ерекше. Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады:
1.Тіл білімі және оның тараулары;
2.Логика және оның тараулары;
3.Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, 
музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым;
4.Физика мен метафизика және оның тараулары;
5.Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін 
ғылымы) [2]. 
Сонымен, Фарабидің философия және дін арақатынасы, діннің пайда болуы 
тарихы, ақыл мен иман ұғымдарының арасалмағы, ғылыми ойлау мен діни сезім, діннің 
қоғамда алатын орны мен оның атқаратын қызметі сынды іргелі мәселелерді шешуге 


96 
бағытталған, ешқашан өз құнын жоймайтын философиялық ойлары қазіргі адамдар 
үшін де қажетті әрі пайдалы болып табылады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Қазақ халқының философиялық мұрасы. Әл-Фараби философиясы. – Астана,
2005.
2.https://martebe.kz/al-farabidin-khogamdykh-filosofijalykh-zhane-pedagogikalykh-
gylymi-kozkharasy/ 
3.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – А., 1973. – 286-296-бб. 
4.http://akikat.kazgazeta.kz/?p=237 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет