Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
ӘОЖ 1 (092.1) 045 
АРИСТОТЕЛЬ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ: ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ 
Ерке Ү.Б., студент 
Ғылыми жетекші: Бағдатұлы М., оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. 
Ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-
жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми 
зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырған әлемнің бірінші және 
екінші ұстаздары Аристотель мен Әбу-Насыр-әл-Фараби ғылымның көптеген 
салаларының алғашқы болып негізін қалаған болатын. Олардың арасында физика, 
метафизика, 
поэтика, 
театр, 
музыка логика, риторика, саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика 
атарлылар айрықша аталады. Олар қалдырған философиялық пайым жүйесі мен 
ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-
батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. 
Түйінді сөздер: 
Философия, көзқарас, “Бірінші ұстаз”, Әл-Фараби, Аристотель,
пантеисттік идея.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы 
ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. 
Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, 
жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аттары ауыздан-
ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен 
тарих перзенттері Аристотель мен Әбу-Насыр-әл-Фараби ұстаздардай әлі ешкім болған 
емес. Әлемнің “Бірінші ұстазы” мен “Екінші ұстазы” қашанда ел есінде. 
Аристотель философиясы.
 
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек 
философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-
ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, 
Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі 
(«идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» 
арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. 
Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 
335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш 
салада бөліп қарастырды:
1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі 
турасындағы ілім;
2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде;
3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. 
Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние. 
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп 
ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын 
байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың 
белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі 
қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады [1].
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп 
тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз 
кемелденген философ. Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор 
еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, 


107 
дәрежесі өсе бастады. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына 
терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі 
мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, 
әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Аристотельдің 
анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", 
Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). 
Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Ең алдымен материя 
белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа 
айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені 
болмыс еместен ештеңе де шықпайды. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды 
екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар 
екендігі даусыз болар еді. Аристотельдің ойынша, адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді 
сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, 
адамның сауатты болғанынан, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің 
(қабілеттің) бар болғандығынан. Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, 
бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза 
мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске 
асқан шыңдық.
Аристотельдің даналығы — ол ешкім байыбына барып шеше алмаған 
философиялық мәселені шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. 
Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы 
басқа қатынастардың мәнін ашады. Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі 
жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, 
ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы 
санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуге жол ашу. Екінші жағынан, 
көздің өзінің негізгі қызметі түп тамырымен өзгеріп, тек құмартудың, нәпсінің дамуына 
жол ашып, дүниеге тоймайтын, ешбір тойымсыз кезге айналу. Ендеше көз бен 
ақылдың, көз бен парасаттылықтың арасында диалектикалық байланыс бар. Өйткені 
бірінші — көз сезімділік танымының алғашқы сатылары қабылдау мен елестетудің 
формаларына кеңінен қызмет атқарса, екіншісінде көз арқылы рационалды танымның 
биік сатысына жол ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет