83
екі ғұлама вакуумның, яғни бостықтың жаратылысы, бар-жоғы жайлы қарама-қарсы
көзқараста тұрған.
Вакуум мәселесі кейінірек, орта ғасырларда қайта көтерілді. Бұл тұста да, баяғы
Демокрит пен Аристотельден басталған осы екі бағыт қайта сарапқа салынды.
Мутакалимдер, яғни діншіл философтар «бостық бар» деп болжаса, Фараби және оның
шәкірттері Аристотельдің ізін қуып ешқандай вакуумның жоқтығы жайлы ілім жасады.
Осы мәселеге арнап Фараби өзінің атақты еңбектерінің бірі «Вакуум» деген трактатын
жазған. Бұл еңбектің арабша нұсқасы түрікше және
ағылшынша аудармаларымен
бірге 1951 жылы Түркияда басылып шықты. Бұл трактатты Қазақстан Ғылым
Акедемиясының фарабитану тобы орыс және қазақ тіліне аударды.
Фараби бұл еңбегінде вакуумның жоқ екендігін ертедегі гректерде сирек
кездесетін тәсілмен, яғни эксперимент жасау жолымен, физика ғылымының сол кездегі
жетістіктеріне, дұрыс логикалық ақыл-ой қорытындыға сүйене отырып дәлелдеуге
ұмтылады.
Фараби былай дейді: «Егер сору нәтижесінде ауаның үштен бірі шықты десек,
онда үштен екі бөлігі ыдыста қалады, сөйтіп ыдыстың үштен бір бөлігі ауадан босайды.
Айталық, бұл бөлік ыдыстың орта жағын қамтысын. Сонда ыдыстағы қалған екі бөлік
арасында белгілі бір аралық немесе көлем барма?
Олар бұл сұраққа бар немесе жоқ деп жауап беруге тиіс. Егер бар десе, онда ұзындығы,
ені және тереңдігі бар нәрсемен толды деген сөз. Ал,егер жоқ десе, онда мынадай қарсы
дау айтуға болады: «су ыдыс аузынан ауасыз кеңістікті толтырғанша құйылған жоқ па?
Су біраздан кейін ағуын тоқтатып, ыдыстың аузынан судың тоқтаған жеріне дейінгі
деңгейді алған жоқ па? Егер олар бұған құптап жауап берсе,онда аралықтың бар
болғаны... [1, 49 б.]»
Бұдан
кейін Фараби дененің ұлғаю, кішірею құбылыстарына тоқталады:
«Заттардың ұлғаю және кішіреюінде де осы сияқты жағдай байқалады... Дененің
мөлшерінін ұлғаюы екі түрлі жолмен жүзеге асады:
1) оған сыртқы жағынан басқа бір денені әкеліп қосу арқылы ұлғайтылады. Мұның
мысалына қосып сығымдау арқылы бір дәнді екінші дәнге жабыстыруды алуға болады.
Сонда бөліктерден тұратын жалпы көлем артады. Осы сияқты, араластыру және
бөлшектеу арқылы да көлемді өзгертуге болады. Мысалы, егер арпа мен бидайды
араластырса жалпы көлем ұлғаяды. Осы сияқты бір денені екінші денеден ажыратсақ
зат кішірейеді. Бұл жерде денені араластыру немесе денеден жылы және суық
бөлшектердің ажырауы салдарынан жылы дененің сууы, суық дененің жылуы сияқты
құбылыс орын алып отыр.
2) Дененің мөлшерінің өзгеруі оған басқа бір бөліктің қосылуы немесе алынуы
арқылы жүрмейді, өздігінен болады. Бұл қызу дененің температура-сы одан қызу
бөлшектердің қосылуынсыз-ақ төмендеуі немесе артуы
сияқты көптеген денелердің
көлемі осы тәріздес ұлғаяды. Олардың мөлшері оған басқа бір шаманың қосылуынсыз
немесе алынуынсыз-ақ өзгереді».
Фараби былай дейді: «Мұндай дәлелдің қатарына ауаны жатқызуға болады,
өйткені оның көлемі басқа көлемнің қосылуынсыз-ақ ұлғаяды. Ешнәрсенің
қосылуынсыз-ақ судың температурасы өсіп, кему кезінде судың өзінің баяғы су
қалпында қалатыны сияқты ауа да көлемі ұлғаю және кішірею кезінде баяғы ауа болып
қалады». Бұл жерде әңгіме су мен ауаның массасы жайлы болып отыр. Әрі қарай
ғалым: «Ауаның ұлғаюы мен кішіреюі табиғи немесе зорлау арқылы жүзеге асады.
Мысалы, тастың қозғалысын алайық. Ол табиғи түрде, яғни төмен қарай қозғала алады
және күш қолдану арқылы жоғары қозғала алады, егер кернеу ала болса, өзінің табиғи
қалпына, яғни төменге қайтып келеді. Ауа да осы сияқты. Егер оның көлемі зорлау
арқылы ұлғайса, онда кернеу болып тұрғанда, бұл көлем сақталады. Кернеу қалай ада
84
болса, солай оның көлемі бұрынғы табиғи қалпына қайтып келеді»,-деп
қорытындылайды [1, 52 б.].
Атынан көрініп тұрғандай Фараби бұл еңбегін ұстазы Аристотельдің атақты
туындысы «Физиканы» өңдеп, түсіндіруге арнайды. Аристотельдің «Физикасы» сегіз
кітаптан тұрады және ол біздің қазіргі физика ғылымына сай келмейді, оны табиғаттану
философиясы деп қарастырған дұрыс. Мұнда Аристотель физиканың зерттеу объектісі,
нысанасы қозғалыстағы денелер деп алып қозғалысқа
қатысы бар мынадай
проблемаларды зерттейді. Өзгерудің жалпы проблемасы, материя мәселесі,
субстанциялар, қозғалыстың формалары т.б. «Физика,-деп жазады Әл-Фараби,-табиғи
денелердің қайсысы жағдайға қарай анық болмыс екенін анықтай отырып, табиғи
денелерді зерттейді; ол әр табиғи денеде оның нысаны мен субстанциясын, оның
жаратушысы мен осы дененің, сондай-ақ акциден-циясының бар болу мақсатын
зерттейді» [2, 30 б.].
Ә-Фараби жер бетіндегі және аспан, әлемдегі заттардың
материалдық сипатта
болатындығына күмән келтірмейді. Материалдық заттар мен денелер Фараби пікірінше
алты түрге бөлінеді: 1. Аспан денелері; 2. Есті жануарлар (адамдар); 3. Ессіз жануарлар;
4. Өсімдіктер; 5. Минералдар; 6. Тқрт түпнегіз-от, су, ауа, жер. Аристотель аспан
денелері ерекше бір зат-эфирден тұрады деді. Ал, Әл-Фараби болса, аспан денелерінің
ерекшелігін тек олардың құрылысынан көреді [3, 110 б.].
Фарабидің бұл еңбегінің басты маңызы-Шығыс пен Батыс оқымысты-ларына
олардың механикалық көзқарастарын, білімдерін дамытуда ерекше қызмет атқарған-
Аристотель идеяларын тазалап, жөндеп жеткізу болды. Ол Аритотельдің «Физикасына»
арналған ортағасыр Шығысындағы тұңғыш еңбек қана емес, Европа ғалымдарында да
Аристотельдің механикалық қағидаларымен таныстырушы бірінші шығарма.
Қорыта келгенде
«Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын,
ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында
болуы шарт» дейді ойшыл. Менің білгенім, үйренгенім бір тоғыз болса, білмегенім
тоқсан тоғыз. Сондықтан Әл-Фараби мұраларын оқу үйрену, зерттеу қоршаған дүниге
деген сын көзқарасымызды
қалып-тастырып, жаңа серпін берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: