Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
ӘОЖ 929(09)045 
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛДАРЫ 
Бағдатұлы М., оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. «Ұлы даланың ұлы ойшылдары» атты мақалада осы уақытқа дейін 
ғасырлар қойнауынан суырпақтап сыр тартқан тарихшылар, ұлы ойшылдар, ұлы 
тұлғалардың ұлы даланың әр кезеңде бой көтерген тұлғалар туралы кішігірім өзіндік 


57 
галереясы туралы баяндалған, олардың мәлім де беймәлім ғұмырлық ұстанымын, 
көзқарасын, сыр-сипатын, болмысы талқыланған. Мақала кезең-кезең бойынша 
тұлғалардың шығармаларына тоқталып, хранологиялық талдау жасалынған. 
Түйінді сөздер: Ұлы дала, ойшыл, философия, ағартушы, ұстаз, ғұлама. 
Кешегі қазақтың ежелгі мекені Ұлы Дала, қазіргі Мәңгілік ел - Қазақстан шетсіз 
де шексіз. Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы 
Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау Ұлы даланың жері де 
Ұлы, тылсым терең тарихы да Ұлы, өскелең ұрпаққа деген Ұлағаты да Ұлы. Түп-
тамыры түркіден тарайтын ортақ Дала өркениетінің ұланғайыр кеңістігінде ежелден 
бастап-ақ гүлдене қанат жайған бұл мәдени үрдіс Қазақстанның қазіргі шекарасымен 
ғана шектелмесе керек. Өмір мен өлімнің өзегін жалғап, қуаласаң сағымдай созыла 
жеткізбей діңкеңді құртатын Уақыт, Кеңістік атты шексіз ұғымдардың парқы мен 
нарқын айыра білген ата-бабаларымыз қандай дана десеңізші. Ол даналықтың ізім-
қайым жоғалуы мүмкін бе?! [1].
Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, әлем 
халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», 
Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – 
«Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей 
біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет 
басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан… Біздің бабалырымыз 
тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. 
Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті 
байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», 
деген келелі ойды ортаға тастады [1].
Ұлы абай «Адамды заман билейді, заманға жаман күйлейді» деген сөзі ойға 
оралады. Тұлға да өз заманының төлі, сол себепті заманға бейімделмей қоймайды, бірақ 
қарапайым көпшіліктің оның ерекшелігі, заманға күйлемейтіні. «Көмекей әулие» 
атанған Бұқар жыраудың: 
Жақсыдан жаман туса да,
Жаманнан жақсы туса да,
Тартпай қоймас негізге, -
Деген сөзі тағы еске түседі. Тұлға кездейсоқ тумайды, тұлға – халықтың 
жүздеген жылдық сұрыптау тәжірибесінің нәтижесі. Жақсыдан жақсы туу мүмкіндігі 
қашанда көп [2].
Ұлы даланың ойшылдарының орнын толтыру Қазақстан Тәуелсіздікке қол 
жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болып отыр. Кейінге уақытта орта ғасырлардағы түркі-
қыпшақ әдебиеттіне тікелей қатысы бар Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет 
Йасауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани т.б. белгілі қаламгерлердің 
шығармашылық өмірлерін топтауға болады. Екінші кезеңде қазақ халқының 
ойшылдары арқылы, төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ 
философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. 
Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі 
мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – 
халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын.
Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. 
Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан 
ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз 
Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. 
Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман 


58 
дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) 
халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу 
сарынымен жырлады. 
Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының 
философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. 
Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. 
Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. 
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси 
сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін 
дамытты. 
Қазақ халқының өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, 
адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылған. Нақты өмірден бастау алатын қазақтың 
философиялық көзқарастары қоғам мен табиғат туралы пікірлерге толы [4].
Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен 
мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, 
жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами 
болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, 
қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болып жатады.
Жоғары да қысқаша баяндалып кеткен тұлғаларымыз – Ұлы даланың 
ойшылдары ретінде мойындалған. Тақырыбымызды аша түсу үшін аталған 
ойшылдардың барлығына емес, әр кезеңдегі бір тарихи тұлғаларға қысқаша 
шығармаларына тоқтала кетсек. 
Әл-Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) 
қаласында түркі тектес әулетте туылған. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі 
ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның 
әкесі әскербасы болатын. Зерттеуші ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары 
туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы 
мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын 
оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның 
ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек 
[5].
Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып 
тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп, 
өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
Әл-Фараби ғылымдарды мынадай басты екі бөлімге бөлген: Бірінші: теориялық 
ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген. Екінші: 
практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм ғылымдарын жатқызған.
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде 
адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан 
жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (
интеллект
), оның ішкі және 
сыртқы 
сезім мүшелеріне
(хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, 
ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау 
мешаиын (
перепатетиктер
) мектебіндегілерге тән құбылыс
[6].
Жалпы әл-Фарабидің ғылымның логика, философия салаларында жазған 
еңбектері көп болған. Әрі нақ осы салалардағы тың пікірлері оның атын асқақтатып
төрткүл дүниеге әйгілі етті. Сол еңбектердің бірі өткен Ихса әл-Улум кітабы. Ол 
аталмыш кітабында түрлі ғылымдардың басын тоқайластырып, олармен таныстырып 
өткен.


59 
Әл-Фарабидің бұл жаңашылдығы бұрын-соңды болмаған жаңа ғылыми әдіс 
болатын. Сондықтан бұл кітап әл-Фарабидің жаңашылдығына жарқын дәлел бола 
алады. Платон және Аристотель философияларының негіздері атты кітабы. Бұл кітап 
әл-Фарабидің философия ғылымындағы керемет білімдарлығын, даналық атаулының 
қыр-сырын жетік меңгергендігіне айғақтайтын еңбегі. 
Расында да әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, жалпы мұсылман үмметіне, 
барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтаныш [5]. 
Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық 
бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді 
кітап саналатын, «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 
діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын 
ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, миссионерлік өмірге, 
құлшылық етуге шақырып уағыздар айтылған. 63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед 
Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді 
өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол 
жерде өмірін жалғастырады.
Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден 
мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару 
Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласы – 
Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды [6]. 
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең 
мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз 
шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап 
айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара 
сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты. 
Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс 
тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы 
халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам 
көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-
деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай 
шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп 
отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады. 
Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі 
негізі-адам,толық 
адам.Абай 
армандаған 
толық 
адам 
өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен 
іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю Абай 
шығармаларының биік мұраты. 
Қазіргі жаңартушылық пен жаһандануға тап келіп отырған еліміз бен халқымыз 
үшін болашаққа дұрыс бағдар ұстануда өткеннің өсиетінен тәлім алу маңызды. Әсіресе, 
бүгінгідей плюралистік қоғамда, діндер мен дүниетанымдар, мәдениеттер мен 
өркениеттер қиюласқан заманда дәстүрлі дін мен мәдениеттің қазбаланып, оның кей 
тұстарының қайта бағамдалуы, қараңғы түнде бағдар көрсететін темірқазықтай болған 
ойшылдарымыздың дүниетанымын қайта пайымдау осы заманның өзекті 
мәселелерінің бірі [7].
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
Ұлы дала ұлағаты. Алтайы Оразбаева// www.e-history.kz 
2. 
Тарихи тұлғалар тағылымы/ Ө. Озғанбай. – Астана: Фолиант, 2016. – 440 
бет. 


60 
3. Қазақ даласындағы алғашқы ағартушылар дүниетанымдарының саяси 
мазмұны// Ғ.Ә.Жұмасұлтанова.- https://articlekz.com 
4. Әл-Фараби деген кім?// http://fatua.kz 
5. Әбу Насар Әл-Фараби// https://adebiportal.kz 
6. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі// https://oyla.xyz/article/koza-ahmet-assaui-kesenesi 
7. Абай шығармашылығы// dalanews.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет