Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
ӘӨЖ 929(09) 045 
 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ - АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІ 
МЕН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫ 
 
Тоқбаева Л.Қ., оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Ортағасырлық ислам мәдениетімен философиясы өз дәуірінен озып, 
бүгінгі күнде адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған Әл-Фараби бүкіл 
әлем ғылымындағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады.Ол өзінің керемет 
философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүнетаным,түркілік интеллект 
мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш еткендігі баяндалған 
Түйінді сөздер: Әл-Фараби, рухани, құндылық, философия
 
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар 
аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге 
келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы 
ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед 
ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан 
шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың 
болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап 
кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр 
атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар 
қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі 
мәдениет орталығы болған. 
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол 
заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, 
осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-
Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің 
дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен 
философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі 
пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы 
ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, 
Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен 
болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің 
ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие 
алады. 
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті 
адамзат өркениетінің даму тарихында рөл атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем 
елдерінің түрлі өмір аясна әсер етуін жалғастыруда.Ортағасырлық ислам мәдениеті мен 
фмлософиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде адамзат игілігі үшін қызмет етуде. 
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби. Ол өзінің философиялық ілімдері арқылы түркілік 


61 
ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары 
екендігін бүкіл Еуропаға паш ете білді. 
Ислам философиясының тарихына көз жүгіртсек, Әл-Фараби рухани әлемінің 
қаншалықты құнды, әрі маңыздылығына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иждихат 
дәрежесіне көтерілді. Ол фикх, калам тәрізді ілімдер бойнша өз ойын білдіріп, сол 
мәселелер бойынша нақты шешім қабылдай білді. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, 
ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе 
жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, 
орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең 
әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен төзімділік 
көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, 
“Табиғи гармониясын” қырық рет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді. Міне 
осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге 
көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін 
Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше 
ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген 
кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан 
ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады 
екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, айқай –шудан, 
бәле-жаладан барынша аулақ жүруге тырысқан. 
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның 
барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның 
түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, 
философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі 
грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби 
Аристотельдің 
“Категориялар”, 
“Метафизика”. 
“Герменевтика”, 
“Риторика”, 
“Поэтика”, бірінші және екінші “Аналитика” т.б. бірсыпыра философиялық және 
логикалық 
шығармаларына 
түсініктемелер 
жазған. 
Фарабидің 
Аристотель 
философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель дүниені 
материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. 
Фарабидің әлем ғылымына қосқан үлесін ескере отырып оны Шығыс философтары
“Ал муаллим ас-сани” — екінші ұстаз деп атаған. “Бірінші ұстаз” — “ал муаллим ал 
аууал” деп олар Аристотельді атаған. 
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып,оны тек оқып 
қана қоймай өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі кала тұрғындарының 
көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Бақытқа жету” 
сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. 
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де 
жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, 
адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-тартпа мұсылман 
діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда 
білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек 
үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. 
Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап 
шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, 
мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, 
математикада үлкен жаңалыктар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, 
физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді 
жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі 


62 
дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады. 
Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. 
ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір төбе. 
Немістің шығыс зерттеушісі А.Мюллер әл-Фараби туралы: “Бүкіл мұсылман 
шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап 
айналысқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек 
философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да 
шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа 
ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек”, — деген пікір айтқан. Расында ол 
энциклопедист ғалым еді. Жан-жақты білімімен қатар, медицинаны да жақсы 
меңгерген, бұл салада көлемді еңбектер жазған. “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің 
ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да – басты мүше, бірақ, 
мұның үстемдігі бірінші емес», – деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап 
берген. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-
Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси 
көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық 
Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен 
ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. Қорқыт өмір бойы ажалды жеңетін 
күшті іздесе, әл-Фараби бақыттың кілтін іздеді. Бақытты қалада тұруды армандады. Ол 
ең соңында: «Бақытқа қолы жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау», 
– деп бақытты қанағатпен ғана ұстап тұру мүмкін екенін айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет