йузі сарғарыб (жүзі сарғайып), т.б
Ерте орта ғасырлардағы (XII ғ.) түркі жазба ескерткіште- рінің бірі – атақты Қожа Ахмет Ясауидің «Хикмет» («Пара- саттылық» немесе «Даналық») атты өлеңдер жинағы. Ясауиді кейінгі ғасырларда «Хазрат Султан арафин», ал қазақтар арасында «Әзіреті Сұлтан» деп атаған.Таурбек Ақжарқын
Ортағасырлық, тіпті кейінірек кезеңдерге жататын ескерткіштерге қарағанда архаизмдер мұнда кемде-кем кездеседі. Олардың барлары: біт- (жаз), ай- (айт- дегеннің көне варианты), ошәл, ошбу (осы), қамуғ (барлық), елк (қол), арығ (ару), нүчүк (неліктен) деген тұлғалар.
азды-көпті дыбыстық өзгерістерімен күні бүгінге дейін сол мағынада түркі тілдерінде, айталық, оның ішінде қазақ тілінде қолданылып келе жатқан сөздер бар. Мысалы: йазуқ (жазық, күнә), Игә(Ие, Жаратушы ие, Құдай» мағынасында) т.б.
Түркі сөздерінің ішінде жазба тілдің қарлұқ-ұйғыр дәстүрінен сақталған бірен-саран тұлғалар сол кезеңдегі оғұз-қыпшақтық параллельдермен қатар кездеседі:йавуқ/йақын, кечә-күндүз/ түн-күн, дозақ ічрә/дозақ ічінде т.т.
Түркілік архаистік элементтердің қатарына ғ, г дыбыстарына аяқталатын сөздер жатады: шундағ, мундағ, андағ, оңлуғ-соңлуг, сарығ, улуғ, кічіг, тіріг, танығ.
Фразеологизмдердің ішінде метафоралық түрлері өте көп. Мысалы: қара йуз(қара бет адам), көңүл құшы, ит нәфсі, йуз мың(сансыз, көп),йузі қара, қара йер. Сондай-ақ жандын кеч(жаннан безу), т.б. сияқтылары – қазіргі қазақ тілінің де фразеологиялық қазынасының «мүліктері».
Сапарбай Мерей
Мұрат Айбота
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әрептен тұрады. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғды әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген.
Қазақ әдеби тілін қалыптастырудың алғашқы лабораториясы қазақтың бай, көркемдігі мен бейнелігі жағынан дүние жүзінің ешбір жазба әдебиетінен кем түспейтін ауыз әдебиеті болды.
Түркі, монғол тайпаларының ертегі мен эпосының түп тегі сақ, хун, үйсін, қыпшақ, көк түріктер заманында басталып, Х-ХVІІІ ғасырларға дейін үздіксіз дамуда болған.
Қазақ ауыз әдебиетінің тілі
Мұрат Айбота
«Ер Тарғын» және Абыл, Нұрым, Мұрын жыраулар арқылы жеткен Қырым- ның қырық батыры (Нұрадин, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази) туралы жырлар, XV-ХVII ғасырларда жоңғар шапқыншылары- нан қазақ жерін қорғауға байланысты туған «Ер Қосай», «Қарабек батыр», «Төрехан батыр» жырлары ауызша дамыған қазақ әдеби тілімен іліктесіп келді
Өзегі өте ертеден келе жатқан «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан» өзге кейінгі дәуірлерде, XVII-ХIX ғасырларда туып, жырланған «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Мақпал қыз», «Сегіз бен Мақпал», «Күлше қыз» сияқты лирикалық эпостар да қазақ көркемсөзінің үлгісі болып, әдеби тілге зор үлес қосқаны анық.
Фольклор қазынасының тек батырлар жырлары мен лироэпостары ғана емес, шешендік сөздер, ертегілер т.б. сияқты жанрларының да тіл өрнегі мейлінше көркем әрі белгілі бір лексикалық, стильдік нормалары қалыптасқан болып келеді.
Мұрат Айбота
Қазақ ауыз әдебиеті тілінде эпитет, теңеу, метафора сияқтылар да – нормаға айналған әдеби-тілдік көрсеткіштер. Олар – әдеби тілдің сөздік байлығын активтендіре түсетін, сөз мағынасының реңктерін барынша пайдалануға әкелетін элементтер.
Сондай-ақ эпитет, теңеу және троптың әрқилы түрлері бейнелеуіш тұрақты тіркестерді – поэтикалық фразеологизмдерді жасайды.
Ауызша әдеби тілдің бұл саладағы үлкен қоймасы – қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі болып келеді.
Батырды қыран құсқа, арыстанға, еркіндікті сүйген адамды тарланға, құланға, сұлулықты аққуға, толған айға теңеп образ жасауда жыраулар мен ақындар қазақтың өте ертеден келе жатқан бай ауыз әдебиеті қазынасына иек артқан. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында Тарғын батыр бірде бөрі, бірде арыстан, бірде ақ сұңқар теңеулерімен бейнеленеді. Тұлғасына қарасам, Сайдан шыққан бұлақтай.
Гомер деген кім, қайда туып-өсті?
Гомер деген сөздің өзі ерте заманда кіші азиялық гректерде соқыр деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген.
Илиаданың стилі көтеріңкі де, Одисеяның стилі жайлы болып келеді. Оны зерттеушілер былай деп түсіндіреді: Илиаданы ақын жас шағында, ал Одиссеяны қартайған кезде шығарған.
Антикалық әдеби сынның қойған екінші сұрағы: поэмалардың сол алғашқы түрінде сақталуы. Гомер жазуды білмеген, сол себептен оның шығармалары ауызша, тек қана жыршылардың есінде сақталған. Писистраттың арқасында бөлек-бөлек өлеңдер жиналып біріктірілді (б.д.д.VI ғ.).
«Жазусыз заманда мұндай үлкен поэмаларды шығару мүмкін емес, Илиада мен Одиссея бөлек өлеңдердің жинағы» деген пікір болды (Вольф).
Германның теориясы бойынша, «Илиада мен Одиссеяның негізінде екі кішкентай эпос жатыр. Кейінгі жыршылар сол эпостарға жаңа материал қосып, оны ұлғайтты», дейді Герман.
Таурбек Ақжарқын
Пайдаланылған әдеюиеттер тізімі:
Өмірәлиев Қ. Оғұз қаған эпосының тілі. — Алматы, 1988
Наджип Э.Н. Кыпчакско-огузский литературный язык мамлюкского Египта XIV