Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет99/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165
Теориялық негіз
Зерттеу жұмысында медиаға тәуелділік теориясы қолданылды (Ball-
Rokeach & DeFleur, 1976). Медиаға тәуелділік теориясы бойынша, адам 
балама ақпарат көзінің қолжетімді болуы сияқты белгілі бір жағдайларда 
ақпарат алуда бұқаралық ақпарат көздеріне көбірек сенім артады (Ball-
Rokeach & DeFleur, 1976; Loges, 1994). 
Медиаға тәуелділік теориясына сәйкес, ақпарат жеткіліксіз болса 
немесе қарама-қайшы болса, халық пен қоғам екіұдай күйге түседі. 
Қоғамдағы табиғи апат, саяси дағдарыс, белгісіздік пен алауыздық 
сияқты қауіп екіұдай сезімді өршіте түседі, халықтың медиаға тәуелділігі 
арта түседі (Ball-Rokeach & DeFleur, 1976, p. 9). Мұндай кезде медиа 
жағдайды анықтайтын ақпарат жинап, оны аудиторияға жеткізе алса 
және қауіпсіздік үшін қажет жүріс-тұрыс үлгісін насихаттай алса, екұдай 
сезімді сейілте алады. Ал түпнұсқа ақпарат көзі сенімді мәлімет бере 
алмаса, екіұдай сезім күшейе түседі (Ball-Rokeach, 1973; Ball-Rokeach & 
DeFleur, 1976). Белгісіздік деңгейі жоғары болса, ақпарат іздеуге деген 
талпынысты жалғастыруға түрткі болады, ал оны сейілту үшін қолда бар 
ақпарат арналарының жұмысын жақсарту керек (Ball-Rokeach, 1973; Ball-
Rokeach & DeFleur, 1976).
Бол-Рокеч пен ДеФлер (1976) бұл теорияны бастапқыда көпдеңгейлі 
сараптамада қолдану үшін құрастырған. Сараптама макродеңгейде 
халықтың, БАҚ-тың және басқа да қоғамдық институттардың өзара 
байланысының құрылымдық тәуелділігіне мән береді. Сараптаманың 
микродеңгейінде жеке адамдардың мақсаты мен қажеттілігіне қол 
жеткізуіне қоғамдық және медиаинституттардың ақпарат ресурстары 
әсер ететінін ескере отырып, медиаға тәуелділіктің асимметриялық 
әсеріне мән беріледі (Ball-Rokeach, 1985).


236
Тай мен Сун 2003 жылғы SARS эпидемиясы кезінде қытай азаматтарының 
медиаға тәуелділігін зерттеген мақаласында (2007) Қытай үкіметінің 
ақпаратты қадағалауы кесірінен қытай халқы белгісіздік пен екіұдай 
мәліметтің анық-қанығына жету үшін интернет пен қысқа хабарламаларға 
жүгінген деп жазған. 
Бұл зерттеу жұмысы үшін Медиаға тәуелділік теориясының маңызы аса 
жоғары болды, өйткені қазақ халқының COVID-19 індеті басталғалы бері
ақпаратқа зәру болуы мен белгісіздік күйге түсуін түсіндіруге ауқымды 
негізді осы теория ұсына алады. Бұл теория пандемияның халықты түрлі 
коммуникация арналарын қолдануға итермелегенін түсіндіреді. Қазақстан 
халқының неліктен белгілі бір әлеуметтік медиаға сенім артқанын тексеру 
үшін COVID-19 пандемиясының бірегей оқиға екенін ашып көрсету керек. 
Медициналық ұйымдардың нақты нұсқаулық пен ақпарат ұсына алмауы 
және үкіметтің транспарентті болмауы белгісіздікке үлкен себеп болғаны 
айдан анық. Нақтырақ айтсақ, медиаға тәуелділік теориясы халықтың 
ақпаратқа зәру екеніне және медиажүйенің ақпаратты жинау мен ұсыну 
әлеуетіне мән бере отырып, адамдардың медиаға сенім артуының басты 
себебі – ақпаратқа зәрулігі деп түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет