Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет122/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165
Құрылымы мен мәліметін талдау 
Материалдар бірнеше шарт бойынша іріктелді. Бірінші шарт бойынша, 
материалдың тақырыбы мен зерттеу мәселесі сай болуы керек. Мысалы, 
авторлар іріктеу барысында балаларға және қарттарға қатысты зорлық-
зомбылық тақырыбына жазылған жүздеген материалдардың ішінде 
зерттеу жұмысының мына шарттарға сай болуына мән берді: 
1. Жарияланған күні: 2020 жылғы 16 наурыздан 30 қазанға дейін.
2. Керек тақырып: әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық. 
3. Оқиға болған ел: Қазақстан, Германия, Румыния.
Келесі айналымда материалдың алғашқы мәлімет беруші ретіндегі 
дескриптивті талдау белгілері бойынша іріктелді:
1) Оқылымы «жоғары», «орташа» және «төмен» болып жіктелді. Бұлай 
жіктеу оқырманның материалды қаншалықты жеңіл түсінетінін, 
оқиға желісін сезінуін білдіреді. Уеб-сайттың интерфейсі, стилі, 
форматы сияқты визуал онлайн-элементтерінің де маңызы бар.
2) Контент пен ауқым коэффициенті: 10-нан 1-ге дейін. Контент пен 
ауқымның ең жоғарғы коэффициенті – 10. 
3) 
Материалдың дереккөзінің ашық болуы осы материалдағы 
мәліметтің сенімділігін көрсетеді. Оқырман ақпараттың дереккөзін 
көре ала ма?
4) Бейтараптығы тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында ақпарат 
берген журналист қай тарапты қолдап отырғанын көрсетеді. 
Жауабы: жәбірленушіні, күш көрсетушіні немесе бейтарап екенін.
5) Құрылымының үйлесімі: «ақпаратты үйлесімді және логикаға сай
бір жайттан екінші жайт туындайтын тізбекпен жеткізуі» (Bennett, 
2018).
33 Алайда қазақ тілінде жазылған мақала табу қиын болды, мысалы, Казправда 
орыс тілінде жариялаған зорлық-зомбылық оқиғаларын қазақша баспады. 
Парламенттік мәжіліс уеб-сайтында да осы тренд байқалды. Қазақ тіліндегі 
ақпаратпен салыстырған орыс тіліндегі ақпарат егжей-тегжейлі жазылып, 
өзіндік структурасы болды.


279
6) Сөз саны.
7) *Пікір саны, мүмкіндігінше.
8) *Оқылым саны, мүмкіндігінше.
Зерттеу жұмысы бір-біріне ұқсас екі зерттеу жобасының жиынтығы 
түрінде жүргізілді. Челси Ли мен Дженнифер С. Уонгтың еңбегінде 
Канада газеттеріндегі жаңалықтардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 
жөніндегі материалдарға мән берілген (Lee & Wong, 2019). Олар жүзден 
аса материалды сараптап, 4 тақырыпқа бөлген. Бұл зерттеу жұмысында 
4 тақырып емес, 5 тақырып алдық және оларды жоғарыдағы зерттеу 
сұрақтары бойынша таңдадық: «Пандемия және гендерлік зорлық-
зомбылық», «Тағы бір күш көрсету оқиғасы», «Әйелдің өз кінәсі/
жәбірленушіні кінәлау», «Жаңалыққа жарамды болса ғана проблема етіп 
көрсетуі», «Журналистің іс-әрекетке шақыруы».
Сараптама техникасының екінші элементі – мәліметті 
абстракциялаудың стандартты формасы, оны журналистер Сандхия 
Кажепита, Кара Ноеснер, Эдуард Хилл қолданған (Kajeepeta et al., 2016). Бұл 
сараптамада сұрақтардың саны жиырмаға жетті. Мәліметті абстракциялау 
формасы мәліметті жүйелі түрде жинаған кезде қолданылады. Авторлар 
іріктеп алынған материалдардан мәлімет алған соң жоғарыда аталған 5 
санат бойынша дескриптив және елдерді салыстыру бойынша сараптама 
жүргізген.
Мәліметті абстракциялаудың стандарт формасында мына санаттағы 
сұрақтар қолданылды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет