Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет135/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2.3 Прозаиктердің ұқсастықтары
a) Қарға культі
Індет тақырыбында жазылған еңбектерінің әсері ме екен әлде саналы 
түрде солай жасады ма, авторлардан ұқсас деталдар таптық. Айталық, 
Асқар Алтайдың новелласы «Қарқ! Ка-а-ар. Ко-о-ор! Мыңжылдық 
қарға үні құмыға жетті» деген сөйлеммен аяқталады. (qazaqadebieti.kz 
2020). Қала тып-тыныш. Бұл тыныштықты қарға ғана бұзды. Ал өлгелі 
жатқан тарақан соңғы рет осы қарғаның үнін естиді. Есболат Айдабосын 
туындысын «Қарға қырылған» деп атайды. Қабірстанның батыс жағында 
өсіп тұрған жалғыз ағашқа қарғалар қонып отырады. Автор әңгімені осы 
қарғалардан бастайды, яғни қос қаламгер де қарға культін өзек етіп алған.
b) Жаза мотиві
Енді осы «Қарға қырылған» әңгімесіндегі кейіпкер жұма сайын ашынасына 
барады. Жұрт оны жұма намазға барады деп ойлайды. «Жұма сайын түс 
әлетінде көлігі оңға емес, солға бұрылады. Жұрт намазға жығылғанда, 
ғұсыл құйынып жататын. Мешітке кеттіге жорып, ешкім іздей қоймайды» 
(qazaqadebieti.kz 2020). Дәл осындай, жұрт мешітке бара жатыр деп 
ойлайтын тағы бір кейіпкер бар. Ол Қанат Әбілқайырдың «Коронавирус» 
әңгімесінде кездеседі. «Әдетте сыраханаға бет алсам болды, мешіттен 
қайтқан діндес достарыммен кездесіп қаламын. ‘Ниет қабыл болсын’ 
деп олар жылы шырай танытатын. Құлшылығымды қарқ қылып тастаған 
адамдай ‘әумин, әумин’ деймін мұсылман кейіпке ене қойып.... осы 
намазхан бауырларым менің сыраханаға кетіп бара жатқанымды 
білмейді-ау, білмейді» (malim.kz 2020b). Бұдан нені байқаймыз? Авторлар 
осы індеттің таралуын адамзаттың Құдайға деген құлшылығының 
азайғанынан деп ойлауға мегзеп, осындай жаза мотивімен беріп отыр. 
Демек, қазақ әдебиетінде індет – жаза деген мотив осындай детальдар 
арқылы айқын байқалады.
с) Әйел кейіпкерлер әрекеті
Асқар Алтайдың новелласында да, Есболат Айдабосынның да 
шығармасында да Қазақстанға вирусты әйел кейіпкер алып келеді. 
Екі әйел де тұрмысқа шықпаған. Екеуі де еркектердің көңілдесі. Бірі – 
стюардесса, енді бірінің нотариусы бар, яғни екеуі де жақсы ақша табатын, 
ауқатты, модерн әйелдер. Тіпті «Қарға қырылған» әңгімесінде мынандай 


305
жолдар бар. «Коронавирус жұқтырған әйел өзімен қарым- қатынаста 
болғандардың аты-жөнін айтудан бас тартты» (qazaqadebieti.kz 2020а).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет