300
мейірімді Құдай түзелер деп көп күтті. Сосын бізден үмітін үзді де,
назар аудармай қойды. Құдайдың назарынан тыс қалғанда, біз оба-
қараңғылығына тап болдық деп түсіндіреді. Камюдің бұл романы – індет
және карантин кезінде адамдардың өзін ұстауын, ахуалын көрсетіп,
таным-түсінігін танытатын еңбек. Себебі автор ежелгі шығармалар сияқты
емес, әр адамның індет туралы түсінігіне тоқталған. Шығарма кейіпкерлері
әлеуметтің әр тобының өкілдері: өзге елден келген журналист, дәрігер,
дін қызметкері, бала және демікпеге шалдыққан қарт адамдар. Мәселен,
адамдар өзгереді дегенге демікпесі бар шал сенбейді. Індет біткен соң, тірі
қалғандар баз баяғы тірлігін қайта жалғастырады деп ойлайды. Әрине,
дәрігерлер обаны көзге көрінбейтін микроб деп таниды. Ал автордың
өзі бұл романын Еуропадағы ұлтшылдық пен фашизмге қарсылық деп
көрсеткен, яғни Камю жұқпалы індет сырттағы микроб емес, санада өмір
сүреді деп есептейді. Демек, Камю бір ғана індеттің өзінен поэтикалық –
философиялық дүние жазып шыққан. Кім білсін, COVID-19 індеті кезінде
тағы бір «Оба» сияқты кең тынысты шығарма жазылып жатқан да болар.
Ал қазақ әдебиетіндегі ахуал қандай? Бізді осы сұрақ мазалайды.
Соғыс, індет, аштық түсініктері қоғамның өмірі мен күллі таным-
түсінігін өзгертеді. Біз әдебиеттегі жазылған өлең мен көркем мәтіндерге
көңіл бөліп, корона күндеріндегі қазақ қоғамының ойын, сезімін,
әлемдік індетті қабылдауын, ол туралы білдірген пікірін зерттеуді
мақсат тұттық. Зерттеу кезінде салыстырмалы-сараптамалық теорияны
негізге алдық, яғни қазақ әдебиетінде індет тақырыбы бұрын қалай
қозғалды, бізге белгілі шығармалардағы кейіпкерлер қандай індеттен
зардап шеккен? Осы сұраққа жауап табу мақсатымен іздендік. Бұрынғы
індет тақырыбында жазылған шығармалар мен бүгінгі әдебиетте корона
індетінің жазылуында ұқсастық, сабақтастық бар ма әлде жаңа вирус
туралы жазбалардың поэтикалық формасы да жаңаша қалыптасты
ма? Салыстырмалы теориялық негіз бізге осы сұрақтарға жауап табуға
көмектеседі деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: