306
жаза мотиві жоқ. Ол жер мен табиғатты және адамды зұлмат пен індеттен
сақтай көр деп мінәжат қылады, жалбарынады. Өлең 2020 жылы 28 наурыз
күні жазылған.
Олжас Отардың «Қамын ойла, өзгенің, өзіңнің де» деген өлеңі де
Жаратқанға жалбарынып, бүкіл әлемнің тыныштығын тілейік деген
сарында жазылған. Бірақ Ақберен
Елгезекпен салыстырғанда, Олжас ақын
шығармасында жаза мотиві бар. Ол иманның бір шыбығын көктетсек,
қауіп пен қатерден арыламыз деген идеяны ұсынады.
Толқын Қабылшаның «Жер мен көктей таныдым ба алыпты» деген
өлеңінде адамзат пейілі сыналып жатыр деген ой айтылады. Автор
адамзаттың мейірімі азайып кеткен соң, пандемия жайлады деп ойлайды,
яғни өзге ақындардан байқалған жаза мотиві – Толқынның да өлеңдерінің
негізгі өзегі. Ақын:
«Жер-ананың сақтай гөр» деп бесігін,
Тәңірімнен сұрап тұрмын кешірім» –
деп өлеңін қорытындылайды.
Әлібек Шегебайдың өлеңінен күнә және жаза мотиві байқалмады.
Бірақ ол вирусты адамзаттан үлкен, алып етіп көрсетеді. Карантинде үйге
қамалған халықты сабырға шақырады. «Бар болғаны үйіңе қамап қойды,
қуып шықса қайтесің сол үйіңнен» деп, азаматтарға басу айтады. Бұл өлең
де елде вирус әлі өршімеген кезде жазылған.
Әлібек Шегебайдың идеясымен үндес
сарында жазылған Асқар
Дүйсенбінің «Үйде бол» деген өлеңі бар. Ақын карантин кезінде үйде
болған адам ғана өзін, елін, бауыры мен Отанын сақтай алады деген
идеяны өлеңмен берген.
Карантин кезіндегі ахуалды Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
«Карантиннің отыз жетінші күні» деген өлеңімен жеткізген. Қос өкпе таза
ауамен дем ала алмай, сүреңсіз тіршіліктен қажығанын айтады. Карантин
жөнінде жазылған өлеңдердің ішіндегі поэтикасы мықты өлең – осы.
Мәселен, автор таза ауамен тыныстамадым деген ойды былай жеткізеді:
«Самал
сөзін ести алмай қор болды-ау, қайран менің қос өкпем.»
Жангелді Немеребаевтың пандемия кезіндегі ахуалды баяндайтын
«Нұрланып биыл да көк пен жер» деген өлеңін оқыдық. Бірақ өлеңде
ахуалды баяндаудың ерекше бір формасы, поэтикалық әдіс жоқ,
өлең формасымен жазылған публицистикалық материал деп айтсақ
қателеспейтін сияқтымыз. Ақын «Ең соңғы дертті жан жазылып шықты»
деген хабарды сүйіншілеп жетізер күн келсе екен деген тілек айтады.
Достарыңызбен бөлісу: