Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет158/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   165
АИДА ДАРЖАНОВА
КИМЭП университетінде Журналистика және мемлекеттік 
басқару саласы бойынша білім алған. 2020 жылы Мельбурн 
университетінің (Австралия) Басқару (Адам ресурстары) маги
-
стрі академиялық ғылыми дәрежесіне ие болған. Аида KPMG, 
ACT, ADM Consulting Group сияқты ірі компанияларда зерттеу 
және бизнес-консалтинг салаларында 10 жылдан аса тәжірибе 
жинақтаған. Қазақстандағы гендерлік теңдік қозғалысына, әйел
-
дердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі науқан
-
дарға белсенді қатысады. Ол болашақ мансабын зерттеу сала
-
сымен байланыстырады, докторлық дәреже алып, Қазақстандағы 
және бүкіл әлемдегі ғылымның дамуына үлес қосуды көздейді.
АЙДАНА ТЛЕУЛЕСОВА
Каунастағы (Литва) Ұлы Витовта университетінің магистранты. 
Айдана – тәуелсіз жазушы, қазіргі уақытта педогогтық қызмет
-
пен қатар, еріктілер қатарында жұмыс істейді. Маманданған са
-
ласы – лингвистика, оның ішінде тілдің, оның ішінде БАҚ тілінің 
қоғамдағы қызметін зерттейтін әлеуметтік лингвистика және 
мультилингвизм саласы. Университетте оқып жүрген кезінде Гер
-
мания, Эстония елдерінде болып, әлеуметтік лингвистика мәсе
-
лелері бойынша ондаған курстық зерттеу жұмысын жүргізген. 
АЙМАН ЖАҢАБЕКОВА 
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 
бітірген. 1998-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни
-
верситетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының аспирантура
-
сында оқыған; 2003-2011 жж. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі 
институтының «Грамматика» бөлімінде аға ғылыми қызметкер
2011 жылдан бері аталған ғылыми мекемеде «Қолданбалы линг
-
вистика» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ғылыми 
зерттеу саласы – Функционалды грамматика және корпустық 
лингвистика саласының өзекті мәселелері. 2010 жылы «Қазақ 
тіліндегі уақыт түсінігінің тілдік парадигмасы» тақырыбында 
докторлық диссертация қорғаған. Филология ғылымдарының 
докторы А.Жаңабекова – 100-ден аса ғылыми мақаланың, оның 
ішінде 3 монографияның авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет