Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ АЙМАҚТЫҚ



Pdf көрінісі
бет29/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ АЙМАҚТЫҚ 
МЕДИАДАҒЫ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР 
ТУРАЛЫ ФРЕЙМДЕР (АТЫРАУ ЖӘНЕ ПАВЛОДАР 
ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ МЕДИАРЕСУРСТАР 
МЫСАЛЫМЕН)
Амина Үрпекова
COVID-19 пандемиясы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарының 
айрықша рөлге ие және сенімді, сондай-ақ дер кезінде ақпарат таратудың 
маңызды екенін аңғардық. Дәл осы кезде «инфодемия» деген арнаулы 
термин пайда болды. Бұл сөз «эпидемия кезінде сенімді әрі сенімсіз 
ақпараттың көп жарияланып, пандемия туралы дұрыс мәлімет табуды 
қиындататынын» білдіреді (who.int, 2020).
Медиаресурстарда, әсіресе төтенше жағдай кезінде жарияланатын 
материалдар, қолданылатын бейнелер, символдар мен стереотиптер 
халықтың дұрыс көзқарас қалыптастыруына немесе теріс әрекетке 
баруына да түрткі бола алады. БАҚ – ақпарат берудің, ақпарат таратудың, 
соның ішінде мемлекеттік мекемелер ақпаратын таратудың негізгі 
жолдарының бірі. Осы ретте пандемияға қатысты тақырыптарда кімнің 
қалай хабар таратқанын зерттеу өзекті болып отыр.
Қазақстандағы мемлекеттік органдардың жұртшылықпен коммуникация 
жасау қабілеті нашар, халықтың жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне 
сенімі аз, ал пандемия болса, халыққа дер кезінде хабарлауға, толық 
ақпарат беруге биліктің дайын емес екенін, БАҚ-тың кәсіби этикасы 
төмен, инфодемия алдында осал, фейк жаңалықтардың ықпалында кетуге 
бейім екенін айқын аңғартты.
Бүгінде пандемия тақырыбы өзекті әрі осы тақырыптағы 
жарияланымдарға сұраныстың көп болғанына қарамастан, Қазақстанның 
ғылыми әдебиетінде медианың пандемия туралы хабарлауы, пандемия 
кезіндегі мемлекеттің ақпарат саясаты сынды мәселелер аз қарастырылған. 
Тұтас алғанда, Қазақстандағы пандемия мәселесіне қатысты зерттеулерді 
екі топқа бөлуге болады: проблеманы медицина тұрғысынан зерттеген 
мақалалар (Semenova et al., 2020; Maukayeva & Kariomova, 2020; 
Zhalmagambetov et al., 2020); пандемияның экономикалық салдарын 
қарастыратын зерттеулер (Ионова, 2020; Buckley, 2020). 
Қазақстанның пандемияға қарсы күресінің ақпараттық аспектілері, 
көп жағдайда, коронадағдарысты әлем елдері қалай еңсеріп жатқанын 
талдауға арналған ғылыми мақалаларда атап өтіледі. М.Ахуновтың 
(2020) Орталық Азия елдерінің пандемияға қарсы іс-қимылдарына 
баға беретін еңбегінде үкіметтің COVID-19 туралы ақпарат бермегені 
айтылады, дегенмен автор, жалпы алғанда, Қазақстан, Өзбекстан мен 
Қырғызстанның алғашқы карантин кезеңіндегі ақпарат саясаты табысты 


67
болған деген қорытындыға келген. Әлеуметтік желілерде COVID-19 
пандемиясы туралы ақпарат берудің ерекшеліктерін БАҚ тұрғысынан, 
яғни БАҚ тарапынан зерттеген материалдар жоқтың қасы. Сол себепті 
бұл зерттеу Қазақстандағы медианың пандемия туралы ақпарат таратуы 
мәселесін жан-жақты талдауға үлес қосу мақсатын да көздейді.
Әлемнің өзге елдері сияқты Қазақстан да пандемия кезінде 
коронавирустың таралуын шектеу үшін карантин шараларын қабылдаған 
еді. Алайда маусым-шілде айларында сырқаттанғандар саны күрт 
артқандықтан, үкімет халықтың наразылығын тудырған қатаң оқшаулау 
режимін енгізіп, ел аумағында жүріп-тұруға шектеу қоюға мәжбүр болды. 
Сол жағдайда БАҚ пен әлеуметтік медиа мемлекет іске асырып жатқан 
шаралар мен COVID-19-ға қарсы күресуге бағытталған нұсқаулар туралы 
ақпарат беретін негізгі дереккөзге айналды.
Қазақстан орталықтандыру деңгейі жоғары мемлекет екенін, яғни 
«ойын ережелерін» орталық айқындап, шешім шығарып, мемлекеттік 
басқару жүйесінің төмендегі деңгейлеріне пәрмен беретінін ескерсек, 
ковидке қарсы шараларға аймақтық деңгейде баға беріп, оған қандай 
реакция болғанын анықтаудың қызығушылық тудыратыны анық.
Сол себепті бұл жұмыс жергілікті деңгейде, яғни өңірлердегі БАҚ-
тың ковидке қарсы шаралар туралы қалай хабар таратқанын зерттеуді 
көздейді. Бұл зерттеудің мақсаты – келесі негізгі және қосымша сұрақтарға 
жауап табу:
• Аймақтық электрондық БАҚ-та COVID-19 пандемиясына қарсы іс-
қимыл туралы қандай ақпарат жарияланды? 
• Аймаққа және жағдайдың ауырлығына байланысты хабар таратудың 
ерекшелігі бола ма? 
• Жарияланған материалдарда орталық және жергілікті мемлекеттік 
билік қалай сипатталады?
Аталған сұрақтарға жауап беру үшін зерттеу фрейминг концепциясын 
негізге алады. Бұл концепцияға сай, медиадағы жарияланымдарда қандай 
да бір объектіні, тақырыпты немесе мәселені белгілі бір жолмен түсініп 
қабылдауға көмектесетін элементтер (шектеуші элементтер) болады. 
Олар жарияланымда сөз болған мәселені қалай тұжырымдау керегін, неге 
көңіл бөлу керегін айқындап тұрады. Сондықтан медиаресурстарда жарық 
көрген материалдарды фрейминг тұрғысынан зерттеу осындай шектеуші 
элементтерді анықтауға, аталған ресурстардың қоғамдық пікірге қай 
бағытта ықпал еткенін пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе 
пандемия, төтенше жағдай кезінде қажет жұмыс, өйткені қалыптасқан 
жағдайдың дұрыс шешімін табу – жұрттың оған қатысты түсінігіне, 
пікіріне тәуелді.
Бұл зерттеуде Р.Энтманның фреймингке берген мынадай анықтамасы 
қолданылады: «(адам) түйсініп қабылдайтын шындықтың кейбір 
аспектілерін іріктеп алып, оларды сөз болып отырған проблемаға нақты 
бір көзқарас, белгілі бір түсінік, моральдық баға және/немесе объектіге 
қатысты ұстанымды ілгерілететіндей етіп коммуникативті мәтінде 
алдыңғы планға шығару» (1993:52).
Фрейминг концепциясына сәйкес, бұл зерттеуде аймақтық БАҚ-тың 
пандемиямен күрес шараларына арналған жарияланымдарына шектемелі 


68
талдау (фреймдік талдау, frame analysis) жасалды. Ғылыми әдебиетте 
фреймдік талдау жасаудың сан алуан тәсілдері айқындалған. Бұл еңбекте 
Р.Энтман ұсынған, кейін Дж.Кицингер модификациялаған (2007) әдістеме 
қолданылады. Ол мәтінге қатысты сегіз негізгі сұрақтан тұрады, зерттеуші 
оларға жауап бере отырып, талдау категорияларын құра алады. Сұрақтар 
мынадай бағыттарды қамтиды: проблеманы анықтау; пайдаланылған 
анықтамалар, лейблдер (айдарлар), фото, тілдік штамптар, бейнелер; 
акторлардың сипаттамасы; баяндау стилі; мәтіндегі цитаталар т.б.
Дереккөздер ретінде нақты бір аймақтағы ең танымал электрондық 
медиаресурстың ковидке қарсы іс-шаралар туралы жарияланымдары 
алынды. Қазақстандықтардың көбі ақпаратты электрондық БАҚ 
пен әлеуметтік желілерден оқитындықтан, біз де зерттеуге қажетті 
деректерді электрондық БАҚ-тан ғана алдық. Мәселен, ҚР Цифрлық даму, 
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 
бүгінде ел халқының 84 пайызынан астамы интернетті, атап айтқанда, 
орнықты интернетті емес, мобильді интернетті көбірек пайдаланады екен
5

Сонымен қатар Қазақстандағы телевизия нарығын модернизациялау 
жайын зерттеген К.Сахарияновтың (2020) дерегінше, қазақстандықтар, 
орта есеппен алғанда, күніне үш сағаттай уақытын интернет контентін 
қараумен өткізеді. Бұған қоса, автор интернет-медиаға сұраныс артып, 
медианың бұл түрі – дәстүрлі қағаз БАҚ-тың орнын басып келе жатқанын 
атап өткен.
Талдауға 2020 жылдың шілде айында жарық көрген материалдарды 
ғана іріктеп алдық. Шілде айын таңдау себебіміз – сол кезде 
сырқаттанғандар саны күрт артқандықтан, екінші рет қатаң карантин 
енгізіліп, халықтың жүріп-тұруына шектеу қойылған және пандемияға 
қарсы іс-қимыл жоспары жасалған болатын. Сондықтан шілде айында 
БАҚ-та жарияланған материалдардың негізгі тақырыбы – пандемия және 
оған қарсы шараларды іске асыру еді. Осылайша зерттеуге 2020 жылғы 
1–31 шілде аралығындағы жарияланымдар алынды.
Зерттеу аймақтары ретінде Атырау және Павлодар облыстарын таңдап 
алдық. Бұл зерттеу жобасы мәселесінің бірі – аймақтық БАҚ-тың өңірде 
қалыптасқан жағдайдың ауырлығына байланысты ковид тақырыбында 
ақпарат жеткізуінде айырмашылықтардың бар-жоғын анықтау 
болғандықтан, аймақтарды таңдағанда 2020 жылғы шілде айында 
науқастанғандар саны критерийіне сүйендік. Атырау облысы шілденің 
басынан ортасына дейін коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші бойынша 
алдыңғы қатарда болған. Бұдан кейінгі кезеңде вирус жұқтырғандар саны 
азая бастаған, жалпы ел аумағында да осындай жағдай болды. Павлодар 
облысына келсек, аймақтағы сырқаттанғандар көрсеткіші орташа: 
тәулігіне 40–80 науқас тіркелетін (1-кесте).
5 В Казахстане посчитали пользователей интернета... Kursiv.kz https://kursiv.kz/
news/otraslevye-temy/2020-04/v-kazakhstane-poschitali-polzovateley-interneta. 
Соңғы қараған күні: 2020 жылғы 13 қазан.


69
1-кесте. Аймақтар мен республикалық маңызы бар қалаларда 2020 жылғы 
шілдеде COVID-19-бен науқастанғандардың көбею динамикасы (coronavirus2020.kz 
электрондық ресурсының деректері)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет