Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 пандемиясының әр кезеңі көрінісінің



Pdf көрінісі
бет42/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 пандемиясының әр кезеңі көрінісінің 
медиамәтіндегі прагматикалық ерекшеліктері.
Пандемияға қатысты медиамәтін прагматикасы өзгермелі болып келеді. 
Оның себебі – індеттің бастапқы, ортаңғы, соңғы кезеңіне қатысты 
жағдаятқа қарай ақпараттың мазмұндық және прагматикалық сипатының 
өзгеруі. Шартты түрде Қазақстандағы індеттің таралу дәрежесін көрсететін 
медиамәтіндегі ақпараттың прагматикалық сипаты мен мазмұнына 
қарай бірінші кезең – наурыз-сәуір-мамыр айлары; ортаңғы кезең – 
маусым айының орта шені мен шілде айы; соңғы кезең – тамыз-қыркүйек 
айлары деп алынды. Бұлайша кезеңге бөлуге негіз болған тағы бір фактор 
– медиамәтіндегі тақырып атаулары. 
Індеттің ортаңғы кезеңі – маусым айының екінші жартысынан бастап 
және шілде айында жарық көрген мақалалардың тақырыптары індеттің 
өршіп, белең алғанын аңғартады. Мысалы: «Індет тереңдеп барады», 
«Жан алқымнан алған жаман тұмау», «Өкпе ауруы өршіп тұр», «Түркістан 


103
тұмауратып тұр», «Санитарлық режим күшейтіледі», «Сенімсіздік соңы 
– сергелдең», «Ауру асқынды: дәрі жоқ, маска қымбат», «Алматыда 
ауру өршіп тұр», «Атырауға жедел жәрдем керек», «Дәріхана алдындағы 
дүрбелең», «Коронавирус індеті ауыздықтауға көнбей тұр», «Біреудің кісісі 
өлсе, қаралы ол...», «Алаш аза тұтқан күн». 
Індеттің таралуы бәсеңдеген соңғы кезеңде газет мақалаларының 
тақырыпаттары: «Жазылып шыққандар көбейе бастады», «Жағдай 
тұрақталып келеді», «Дәрі дүрбелеңі басылды», «Коронавируспен күрес 
нәтиже беруде», «Соңғы пациент үйіне қайтты», «Карантин шаралары 
кезең-кезеңмен алынды».
Пандемияның алғашқы кезеңіндегі медиамәтіндер прагматикасы:
- жаңа індеттің өте қауіпті екенін түсіндіру және халықты індетті 
бастан өткеруге дайындау;
- әлемге қауіп төндіріп тұрған пандемияға байланысты елдегі 
карантин кезеңінде атқарылатын, атқарылып жатқан іс-шара 
туралы ақпарат беру;
- індеттен сақтандыру, қауіпті екеніне сендіру, тәртіпке, карантин 
талаптарын сақтауға шақыру.
Бұл еліміздегі пандемия жағдайының бастапқы кезеңіндегі адресанттың 
прагматикасы нақты жағдаят ішінде емес және әлі де індет зардабы 
тимеген халық сенбей, күманмен қараған кезде құрылған.
COVID-19 пандемиясының ортаңғы кезеңіне сәйкес келетін 
медиамәтіндер мазмұны өзіндік сипатқа ие. Пандемияның алғашқы 
кезеңінде медиамәтіндер елге жаңа тарап жатқан індеттің өте қауіпті 
екенін түсіндіру және оған сендіру, халықты індеттің таралу кезеңіне 
дайындау болса, індеттің ортаңғы шенінде адресанттың мақсаты – ауыр 
кезеңде өзінің немесе жақын адамдарының басынан өткен жағдайды факт 
ретінде келтіре отырып сендіру, сақтандыру, тәртіпке шақыру. Мәселен, 
№127 санында (03.07.2020) жарық көрген Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Үндеуінен мысал: 
а) адресанттың өз басынан өткізген жағдайы арқылы сендіру: 
Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы 
әлемнің көптеген елін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. 
Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де 
айналып өткен жоқ. ...Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, 
сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол 
үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін (Назарбаев, 2020c). 
ә) өз тәжірибесі арқылы карантин тәртібіне бағыну, санитарлық талап-
ты сақтаудың маңызды екенін көрсете отырып сендіру: «... Дәрігерлердің 
күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-
ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында мен сырқаттан 
сауығып шықтым. Қазір өзімді жақсы сезінемін, толыққанды жұмысқа 
кіріскелі отырмын» (Назарбаев, 2020c). 
б) ауыр індетті бастан өткере отырып, өзге науқастардың сауығып 
кетуіне тілекші болу: «Халқыммен бірге бұл сырқаттың ауыртпашылы-
ғын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат 


104
және тезірек сауығып кетулерін тілеймін» (Назарбаев, 2020c). 
в) медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалау: «...Біз өткеріп жатқан 
күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын сағат. Сырқатпен 
күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып 
қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің 
еңбегіне баға жетпейді. Мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр» 
(Назарбаев, 2020c). Індеттің алдыңғы кезеңінде мәтіндегі адресант 
прагматикасы медицина қызметкерлеріне сенім арту, жауапкершілік 
жүктеу түрінде байқалса, ортаңғы кезеңде олардың еңбегін бағалау мен 
оларға ризашылық білдіру мазмұны басым болып келеді. 
г) ортаңғы кезеңге тән адресант прагматикасының бірі – жағдай ішінде 
отырып, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақыру.
Президент Қ.К.Тоқаевтың елдегі ахуалға байланысты 8 шілде күні 
халыққа арнаған телевизиялық үндеуінен (газеттің 10.07.2020 жылғы 
№131санында жарияланды) мысал: «...Өкінішке қарай, біздің елдегі 
жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешіміммен 
5 шілдеден бастап, елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары 
енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны 
сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің 
болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды 
тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен 
күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен 
жауапкершілігіне байланысты « (Тоқаев, 2020c). 
ғ) бастан өткізіп отырған ауыр жағдайды (науқас, кісі өлімі) айта 
отырып, қайғыларына ортақтасу, көңіл айту. «...Әр қазақ менің жалғызым 
дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. 
Мынау алапат індет талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде 
қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл 
айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» 
(Тоқаев, 2020c);
д) халықты өз бетінше емделуден сақтандыру: «...Дертті емдеудің 
неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге 
болмайды. Мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек» (Тоқаев, 2020c);
ж) халықтың тұрақтылығын сақтау үшін жалған ақпараттан 
сақтандыру: «...Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында жалған 
әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды 
адамдардың әрекеттері байқалуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар 
жалған ақпаратқа сенетін болды.
...Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан 
адам жауапқа тартылады» (Тоқаев, 2020c). 
COVID-19 пандемиясының соңғы кезеңінде жарияланған 
медиамәтіндегі адресант прагматикасы:
- бастан өткізген індеттің ауыр зардабы – қазаға көңіл айту (бұл 
індеттің ортаңғы кезеңіне де тән);
- індеттің қаупі мен зардабын мойындай отырып, оған қарсы вакцина 
ойлап табу ісіне назар аударту;
- ақпарат беру, олар мынадай мазмұнда болып келеді: бастан өткізген 
індет зардабын қорытындылай отырып, қайтыс болғандардың 


105
статистикасын көрсету; пандемия, карантин жағдайындағы 
жүзеге асырылған қоғамдық-әлеуметтік іс-шараларды шектеу 
және карантиннен шығу; пандемияның ел экономикасына, елдің 
әлеуметтік жағдайына кері әсері.
Ал барлық кезеңге тән ортақ прагматика – шыдам таныту, тәртіп сақтау, 
сақтандыру, талапты орындау, бірлікке шақыру, жігерлендіру, болашаққа 
сендіру.
Адресант прагматикасының медиамәтіннің тақырыпаттары арқылы 
көрінуі. Тақырыпат (заголовок) – медиамәтіннің құрамдас бір бөлігі, 
негізгі ақпарат беруші құрал. Зерттеушілер оның атауыштық, ақпараттық 
және прагматикалық қызмет атқаратынын айтады. Медиамәтіннің 
тақырыпаты көздейтін мақсаттар: оқырман назарын аудару, мақаланың 
не туралы екенін адресат-оқырманның тез аңғаруына мүмкіндік жасау, 
мақаланың құрылымдық бөлігін өзектендіру.
Газет мақалаларының атаулары адресант прагматикасы тұрғысынан, 
ең алдымен, COVID-19 пандемиясы туралы атқарылып жатқан, алда 
атқарылатын іс-шара туралы ақпарат беруді көздеген; кейінгі орында 
пандемия жағдайынан шығудың жолы ретінде сақтану, міндеттеу, 
тәртіпке шақыру сияқты халыққа жүктелетін жауапкершілік тұрғысынан 
жиі берілген.
Тақырыпаттардың семантика-грамматикалық ерекшелігіне келсек: 
1) жалғаулықтар (да, де, та, те) экспрессияны күшейту және халыққа 
белгілі тақырыпты (теманы) ары қарай актуалдайтын рема жүгін арту 
үшін қолданылған: «Атырау да жабық қала»; «Ақтөбеде де тіркелді»; 
2) етістіктердің ырықсыз етіс тұлғасында келуі жиі ұшырасады; 3) 
семантикалық құрылымында стильдік бояуы қанық, әсірелеу семасы бар 
лексикалық бірліктердің қолданылуы, мысалы: еселену, өршу, қарқын алу, 
күшею, үрейге бой алдыру, асқыну, ауыздықтау.
COVID-19 пандемиясы туралы медиамәтіндердің тілдік ерекшеліктері. 
Адресанттың интенциясы оның мәтінді ұйымдастыру кезінде тіл 
бірліктерін мақсатына сай таңдап қолдануынан көрінеді. Осы ретте 
COVID-19 пандемиясына қатысты мәтіндерді беруде мынадай тілдік 
ерекшеліктер анықталды:
- лексикалық бірлік пен синтаксистік бірліктер деңгейінде көрінетін 
тілдік қайталамалардың болуы (оқырман назарын аудару, 
мағыналық жүкті күшейту, мәтіннің прагматикалық әсерін арттыру, 
ойды актуалдау мақсатында қолдану);
- грамматикалық формалардан да, де, та, те, тағы шылауларының жиі 
қолданылуы (ойды актуалдау, экспрессияны күшейту мақсатында);
- жіктеу есімдігі пен етістіктің І жақ көпше түрде берілуі (адресанттың 
өз позициясын көрсету, тең дәрежедегі коммуникант дәрежесіне өту, 
адресаттың біріне айналу мақсатында);
- сұраулы сөйлемдердің жиі кездесуі (ойды, хабарды жеткізудің бір 
тәсілі ретінде пайдалану; адресатқа әсер ету арқылы оның көтерілген 
мәселе туралы ойлануына түрткі болу; адресатпен байланыс орнату); 
- атаулы сөйлемдердің қолданылуы ( оқырман назарын аудару; мәтін 
бөліктерінің арасында логикалық сабақтастық орнату; осы шақтағы 
қазіргі, бүгінгі болмысты көрсету);


106
- мақал-мәтелдің жиі қолданылуы (сақтану, денсаулық күту, 
тәртіпке шақыру, бірлікке үндеу мақсатында оқырманға әсер 
ету, бейнелі жеткізу, сендіру прагматикасымен байланысты). 
Медиамәтінде мақал-мәтел адресатқа тікелей бағытталған қаратпа 
баяндауларда жиі қолданылған. Ақпарттық мәндегі мақалада 
мақал-мәтел кездеспейді. Демек, мақал-мәтелді қолдануда адресант 
прагматикасы айқын, мақсат – халықты қиын жағдайды жеңіп 
шығатынына сендіру.
- афоризмдердің қолданылуы (беделді алға тарту тактикасын қолдану 
арқылы оқырманға жеткізер ойдың әсерін күшейту мақсатынан 
туған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет