Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет41/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

...Коронавирус.
Домаланған Жер-ананы түгел жайлап келеді. Біреулер 
саясат деп, біреулер алпауыт мемлекеттер текетіресі деп сәуегейлік 
айтуда. Адам ойлап шығарды дейік, сол адамға да ойлап шығартып 
отырған бір ұлы күш барына сенуіміз керек. Адам ойлап тапқан вирусқа 
күрес құралын табуда ғылым да әлсіздік танытты. Ендеше Жер-Ана немесе 
табиғаттың ұлы күші адамды өзі жаратты десек, ол адамнан әлдеқайда 
күшті болып шықпай ма? Сол ұлы табиғаттың адам бағындыра алмайтын 
дүлей күші тасқындар мен дауылдар болып ескерткені де рас. Ал бүгін 
ғылымға көнбей, вирус жібергені тағы рас. Жер-Ана неге ренжіді екен? 
Ойланайық, жай ғана ойланайық!
...Коронавирус.
Алдымен Қытайға келді. Ұлы дала сияқты жеті атасын 
жоқтамай өсе берген тойымсыз ұлтқа да қатты ескерту жасады Жер-Ана. 
Италияға ауыр соғып жатыр. Адам баласын әлдилейтін бесік-арбаға ит 
күшігін әлпештеп жүргені үшін ренжиді-ау Жер-Ана. Алпауыт Америка 
ше? Неше ұрпағы соғыс көрмесе де, қару жасаудан алдына жан салмай 
келеді олар. Соғыссыз да қырылуға болатынын ескертіп жатыр Жер-Ана. 
Ойланып көрсек, жалпы адамзатқа өкпелі сияқты табиғат деген ұлы күш. 
Өзімізге оралайық. …Ұлы дала ұрпағы еркіндік алдық! Осы дала 
даналығы талай нәрсе үйретсе де, құбылып шыға келдік. «Қайырымды 
бол! Батасыз құл арымайды. Ала жіп аттама, өзгенің еңбегін жеме, 
ондайлар қашан да оңбаған» деген аталы сөз айтылмады. Таң атса, 
еститінің – ұсталған жемқор жайлы әңгіме. ...Ендеше, бүгінгі тойымсыз 
байығандарды да тәубеге келтіру үшін бұл індет түгел Жер шарын шарлап 
жүрсе керек. 
Коронавирус. Үйге қамалдық. Бір күндік ойын-күлкі, сауық-сайран, 
денсаулықтың құны қанша тұратынын, бәлкім, енді сезінерміз. Өкінішке 
қарай, біздің кей ағайын әлі қыдырып жүр. Есігіңді ашпасаң, ауылдарда 
өкпелеп кетеді. 


102
Біздің Ұлы даланың таза жері ауыл еді. Одан бездік. Ауыл халқы кең далаға 
мал бақпайды, қалада зіңгіттей жігіт есік күзетіп отырады. Егін салып, 
ағаш егіп, үй тұрғызып, ұрпақ өсір деді ғой саған Жер-Ана! ... Даланың 
ұлттық тамағы талай ауруға ем болары да даусыз.
Жер-Ана бізге бәрінің қадірін білмей кеткеніміз үшін өкпелі. ... Біз 
оған бас июге, оны қадірлеп, сүюге тиіспіз! Бәлкім, ол сонда ғана мейірімін 
төгіп, құшағын ашып паналатар. Өзен-көлі тазарған кезде, қоқыстары 
азайған кезде пендесі «тәубе» деген кезде қайтадан еркін сайрандауға 
жіберетін шығар. Ал біз, пенделер, оның сыйлаған аспанының қадірін 
түсіне білсек жарар еді. Өзің жаратқан пендеңнің күнәсін кешіремісің, 
Жер-Ана?!
Автор мәтінде үш абзацты 
коронавирус
сөзімен бастайды. Ол – атаулы 
сөйлем және абзац деңгейінде көрінетін синтаксистік қайталама. Майра 
Жолшаева атаулы сөйлемнің зат пен құбылыстың атауы ретінде және 
арнаулы коммуникативтік мақсатпен байланысты жұмсалатынын айтады 
(2018: 123). Атаулы сөйлемнің автор прагматикасын көрсетудегі қызметі 
– оқырман назарын аудару; қазіргі, бүгінгі болмысты көрсету. Бұл қызмет 
түсінік атаулы сөйлем арқылы іске асырылған. «Түсінік атаулы дегеніміз 
– өзінен кейінгі сөйлемде әңгіме болатын затты атап қана қоймай, 
тыңдаушының зейінін сол аталған затқа аударып, оқырманды кейіпкердің 
немесе автордың философиялық ой-толғауына енгізу мақсатында 
қолданылған сөйлем. Түсінік атаулы сөйлемнің мақсаты – әңгімелесушіні 
ойландыру, оған аталған заттың, құбылыстың қасиеті мен рөлін түсінуіне 
түрткі болу» (Ибраимова, 2016: 370). Автор мәтінде бұл атаулы сөйлемді, 
сонымен қатар адресант-адресат ойын рет-ретімен жеткізуде логикалық 
сабақтастықты сақтау үшін ұтымды пайдаланған. 
Әрі адресант, әрі адресат рөліндегі автор індеттің әлемді жайлап 
алуының себебін, ақиқатты іздейді және өзіндік пайымы нәтижесінде 
түзілген болжамын, яғни «адамзаттың әрекеті себеп болған шығар» 
деген ойын жеткізеді. Автордың өз ойын негіздеуге келтірген дәйектері 
ұрпағына деген реніш-назы, бүгінгі қоғамның келбеті, карантин 
жағдайындағы бейқамдық, баянсыз өмір, ауылдың жайы, адамзаттың 
шарасыздығы, үміт сияқты бірнеше анықталған ақиқатты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет