Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет43/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қорытынды
COVID-19 пандемиясы тақырыбының аясындағы медиамәтіннің басты 
қызметі – ақпарат беру. Ақпараттар сипатына қарай: індет туралы 
(таралу аймағы, статистикасы, белгілері, сақтану жолдары); індетке 
қарсы атқарылған/ істелетін іс-шара, мемлекет тарапынан көрсетілген/
көрсетілетін қолдау; пандемия кезінде халықты үрейге бой алдырмай, 
бірлесе күресу мен сабырға шақыру мазмұнында жазылған.
COVID-19 пандемиясы туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық 
көрген мәтіндерді талдау нәтижелері:
Бірінші, медиамәтіннің субъектілерінің, адресант пен адресат, 
арасындағы рөлдік қатынастың төрт түрлі сипатта көрінетіні анықталды. 
Олар: субординациялық коммуниканттар; пікірлес коммуниканттар; 
қарсы пікірдегі (оппонент) коммуниканттар; автокоммуникант. 
Субординациялық коммуниканттар типінде адресант Жолдау, Үндеу, 
Мәлімдеме жасау арқылы көрінетін лауазымды тұлға және медиамәтіннің 
мазмұндық құрылымы бір тектес, жағдаят, ақпарат, іс-шара, факт, 
міндеттеме, қорытынды бөліктерден тұрады; прагматикасы халыққа 
түсіндіру, сақтандыру, үрейге бой алдырмау, қолдау, сендіру, сенім арту, 
жауапкершілік жүктеу, үндеу арқылы індетті жеңіп шығу мақсатындағы 
модальдық құрылымдардан тұрады.
Пікірлес коммуниканттар типінде адресант 1-жақ көпше форманы 
және бейресми қолданыстарды пайдаланып, оқырман-адресат тарапымен 
тең дәрежеге түсіп, халық өкілінің бейнесіне енеді; мәтінді халықпен 
пандемия кезіндегі жағдай туралы пікір алысу мақсатына және сұрау 
формалары арқылы диалогке құрады; прагматикасы – сұрақ түріндегі 
құрылымдар арқылы мәтіндегі проблема туралы оқырманның ойлануына 
түрткі болу.
Қарсы пікірдегі (оппонент) коммуниканттар типінде адресаттың 
бірі адресант пікірімен келіспейді, бұл полемикалық мәтінде көрінеді. 
Оның өзі іштей екіге: достық ниеттегі оппоненттер және агрессивті 
оппоненттер деп бөлінеді.
Автокоммуникацияда мәтін авторы әрі адресант, әрі адресат рөлін 
қатар атқаратын позицияны ұстанады; прагматикасы – індеттің әлемді 
жайлап алу себебін, ақиқатты іздеп, өз болжамын жасау.
Екінші, COVID-19 пандемиясы туралы әр кезеңдегі медиамәтін 
прагматикасы өзгермелі болып келетіні анықталды. Бұл індеттің бастапқы, 


107
ортаңғы, соңғы шеніндегі жағдаятқа қарай ақпараттың мазмұндық және 
прагматикалық сипатының өзгеруімен байланысты. Қазақстанда індеттің 
таралу дәрежесін көрсететін медиамәтіндегі ақпараттың прагматика-
лық сипаты мен мазмұны шартты түрде үш кезеңге ажыратылды: 
пандемияның алғашқы кезеңі, ортаңғы кезеңі, соңғы шені. Бұлай кезеңге 
бөлуге негіз болған тағы бір фактор – медиамәтіндегі тақырыпаттар.
Әр кезеңдегі медиамәтіннің прагматикасы анықталды. Алғашқы 
кезеңде түсіндіру, ақпарат беру, сақтандыру, сендіру, карантин талаптарын 
сақтауға шақыру прагматикасы көзделді; адресанттың прагматикасы 
нақты жағдаят ішінде емес, індет зардабы тимеген халық әлі де сенбей
күмәнмен қараған кезде құрылған.
Ортаңғы кезеңде адресанттың прагматикасы – елдегі қиын жағдайдың 
бел ортасында тұрып, өзінің немесе жақын адамдарының басынан өткен 
ауыр жағдайдан факт келтіре отырып, сендіру, сақтандыру, тәртіпке 
шақыру.
Пандемияның соңғы кезеңінде адресант прагматикасы – бастан 
өткерген індеттің ауыр зардабы – қазаға көңіл айту (бұл ортаңғы кезеңге 
де тән); назар аударту (індетке қарсы вакцина ойлап табу); індет зардабы, 
статистикасы, экономика мен елдің әлеуметтік жағдайына кері әсері, 
қоғамдық-әлеуметтік іс-шара, карантиннен шығу туралы ақпарат беру.
Үшінші, COVID-19 пандемиясы туралы мақалалардың тақырыпаттары 
негізінен ақпараттық және прагматикалық қызмет атқарғаны анықталды: 
оқырман назарын аудару, мақаланың құрылымдық бөлігін өзектендіру. 
Тақырыпаттардың лексика-грамматикалық ерекшелігіне келсек: 
жалғаулықтар (да, де, та, те) экспрессияны күшейту және мазмұнның 
құрылымдық бөлігін актуалдау мақсатында қолданылған; лексикалық 
бірліктердің ішінде семантикасында стильдік бояуы қанық, әсірелеу 
семасы бар сөздер пайдаланылған.
Төртінші, адресанттар қолданған тактикалар және ол тактикаларды 
қолданудағы мақсаттар анықталды. Олар: түсіндіру тактикасы, сендіру 
тактикасы; беделді алға тарту тактикасы; қарама-қарсы қою тактикасы. 
Бесінші, COVID-19 пандемиясы туралы мәтіндердің тілдік және 
стилистикалық ерекшеліктері анықталды: лексикалық бірлік пен 
синтаксистік бірліктер деңгейінде көрінетін тілдік қайталамалардың 
болуы; грамматикалық формалардан да, де, та, те, тағы шылауларының жиі 
жұмсалуы; жіктеу есімдігі пен етістіктің І жақ көпше түрде берілуі; сұраулы 
сөйлемдердің жиі кездесуі; атаулы сөйлемдердің қолданылуы; мақал-
мәтелдің жиі қолданылуы. Бұл анықталған лексика-грамматикалық және 
стилистикалық ерекшеліктер медиамәтінде белгілі бір прагматикалық 
жүкті арқалап тұр.
Күнделікті қоғамда болып жатқан жағдайлармен, жаңалықтармен 
бірге «жылжып» отыратын, онымен «біте қайнасып жататын» БАҚ-тың 
тілін лингвопрагматикалық тұрғыдан зерделеу бүгінгі өзекті мәселелердің 
қоғамдық-әлеуметтік сипатын саралауға мүмкіндік береді.


108
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абдрахманов Сауытбек (2020). «Тойларымыз алда!» Егемен Қазақстан, №63 
(29792) 02 сәуір, 3 б.
2. Алдашева Айманкул (1991). Лексическое новообразование в современном 
казахском языке (на материале периодической печати). Автореферат 
диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. 
Алматы.
3. Алефиренко Николай (2005). Современные проблемы науки о языке. Москва: 
Флинта.
4. Асан Мирас (2020). «Қалжыңда да қатер бар» Егемен Қазақстан, №85 (29814) 04 
мамыр, 8 б.
5. Асанкелдіұлы Абай (2020). «Коронавирус қайда пайда болған?» Егемен 
Қазақстан, №60 (29789) 30 наурыз, 5 б.
6. Әбілқасымов Бабаш (Бабанияз) (1971). Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. 
Алматы: Ғылым.
7. Бақтыгереева Ақұштап (2020). «Кешіремісің, Жер-Ана?..» Егемен Қазақстан, 
№65 (29794) 06 сәуір, 7 б.
8. Дәуіт Оралхан (2020). «Карантин кезіндегі кезек» Егемен Қазақстан, №66 
(29795) 07 сәуір, 2 б.
9. Бүркітбай Меруерт (2020). «Ақпарат аурудан бетер болып тұр» Егемен 
Қазақстан, №53 (29782) 18 наурыз, 4 б.
10. Ерназарова Зәуреш (2001). Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалин-г-вистикалық 
аспектісі. Алматы.
11. Есенова Қалбике (2007). Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ 
баспасөз материалдары негізінде). Алматы: Экономика. 
12. Есенова Қалбике (2015) Медиалингвистика: мерзімді баспасөз тілін зерттеудің 
прагматикалық аспектісі. Алматы: Елтаным. 
13. Есенова Қалбике, Дюсембина Гүлсамал (2020). Лингвоаксиология (қазақ 
баспасөз материалдары негізінде). Алматы: Балауса.
14. Жақсыбаева Фарида (2000). Газет мәтінінің прагматикалық функциясы (қазақ 
тілінде шығатын газет материалдары бойынша). Филология ғылымдарының 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 
авторефераты. Алматы.
15. Жолшаева Майра (2018). Қазіргі қазақ тілі: жай сөйлем синтаксисі. Алматы: 
Балауса.
16. Ибраимова Жеңіскүл (2016) «Мүшеленбейтін құрылымдар». Қазіргі қазақ 
тіліндегі синтаксистік парадигмалар ішінде. Алматы: Мемлекеттік тілді 
дамыту институты. 368-378.
17. Исаев Сейілбек (1983). Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы: 
Қазақстан.
18. Ихсангалиева Гульнара (2000). Функционально-прагматический анализ 
заголовок (на материале казахстанских газет и телеграмм). Автореферат 
диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. 
Алматы.
19. Кенжеқанова Құралай (2015). Саяси дискурстың прагма-лингвистикалық 
және когнитивті компоненттері (қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар 
материалдары бойынша). Философия ғылымының докторы дәрежесін алу үшін 
дайындалған диссертация (PhD) (филология). Алматы.


109
20. Кобозева Ирина (2008). «Лингвопрагматический аспект анализа языка СМИ». 
Язык средств массовой информации ішінде. Москва: Академический проект: 
Альма-Мастер.
21. Күмісбек Мұхтар (2020). «Ауылдағы ағайын әлі бейқам» Егемен Қазақстан, №63 
(29792) 02 сәуір, 1 б.
22. Қалиев Ғабдолла (2005). Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: 
Сөздік-Словарь.
23. Маслова Алина (2014) Введение в прагмалингвистику. Москва: Флинта.
24. Момынова Бағдан (1998). «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы: 
Арыс. 
25. Момынова Бағдан (2003). Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). Алматы: 
Арыс.
26. Моррис Чарльз (1983) «Основания теории знаков». Семиотика ішінде. Ю.С. 
Степанов (құрастырушы). Москва: Радуга. 37-90.
27. Назарбаев Нұрсұлтан (2020a). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі. Егемен Қазақстан, №55 
(29784) 20 наурыз, 1 б.
28. Назарбаев Нұрсұлтан (2020b). «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді». Егемен 
Қазақстан, №67 (29796) 08 сәуір, 1 б.
29. Назарбаев Нұрсұлтан (2020c). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі. Егемен Қазақстан, 
№127 (29856) 03 шілде, 1 б.
30. Сейдалиева Гулдана (2017). Мерзімді баспасөздегі стереотиптердің 
лингвопрагматикалық ерекшеліктері. Философия ғылымының докторы 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация (PhD) (филология). Алматы.
31. Стариченок Василий (2008). Большой лингвистический словарь. Ростов-на-
Дону: Феникс.
32. Степанов Юрий (1981). В поисках прагматики (Проблема субъекта) // Известия 
АН СССР. Серия литературы и языка. Том 40, № 4.
33. Тоқаев Қасым-Жомарт (2020a). «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың Үндеуі». Егемен Қазақстан, №52 (29781) 17 наурыз, 1 б.
34. Тоқаев Қасым-Жомарт (2020b). «Қазақстан Республикасының Президенті 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі» Егемен Қазақстан, №62 (29791) 01 
сәуір, 1 б.
35. Тоқаев Қасым-Жомарт (2020с). «Алдағы екі апта – шешуші кезең» Президент 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі ахуалға байланысты 8 шілде күні халыққа 
телевизиялық үндеу арнады. Егемен Қазақстан, №131 (2960) 10 шілде, 1 б.
36. Тяжина Елена (2006). Прагматический аспект междометий (на материале 
казахского и французского языков). Диссертация на соискание ученой степени 
кандидата филологических наук. Алматы.


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет