Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Неолиберал капитализм немесе либерализм мен адам



Pdf көрінісі
бет46/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Неолиберал капитализм немесе либерализм мен адам 
құқықтары
Батыста ғылыми ортада неолиберал капитализмді сынайтын әдебиет көп 
болғанмен (мысалы, Rodriguez, 2020; Springer, Birch және MacLeavy (2016) 
және т.б. көптеген авторларды оқыңыз), неолиберал капитализмнің 
Қазақстан мен Еуразия елдеріне негатив әсерін қарастырған зерттеу 
жоқтың қасы. Бұл ретте Назпари (2002), Сангера (2015, 2018, 2020), Рудзите 
(2018) сияқты санаулы зерттеушілерді ғана атауға болады. Нақтырақ 
айтсақ, неолиберал капитализмнің жалпы әлеуметтік құқықтарға 
(мысалы, Whyte, 2019) және денсаулық сақтауға (мысалы, Waitzkin, 2018) 
теріс ықпалын қарастыратын әдебиет саны өссе де, мұндай зерттеу 
посткеңестік елдерге әлі де жоққа тән.
Дегенмен біз Қазақстан мен өзге де посткеңестік елдерде капитализмнің 
теріс ықпалын («нарықтандырудың» қоғамға теріс ықпалы сияқты) 
сынау арқылы әлеуметке көбірек көңіл бөлетін мемлекетті талап етудің 
мықты үрдісі бар екенін жоққа шығармауымыз керек. Алайда бұл сынды 
ғылыми орта немесе зерттеуші ғалымдар емес, саяси немесе әлеуметтік 
топтар айтып отырғанын, ал олардың саяси тұрғыда біржақты ұстанымға 
бейім болатынын айта кеткен жөн. Екінші жағынан, әлеуметтік мемлекет 
туралы дискуссиялар мемлекет пен нарық дихотомиясын тар ауқымда 
ғана қарастырады және әлеуметтік саясат пен қызметтен гөрі ақша 
аударымдарына ерекше көңіл бөледі. Басқаша айтқанда, ғылыми ортадағы 
неолиберализмнің қоғамға, адам құқықтарына, жалпы дамуға теріс 
ықпалы туралы әдебиет Қазақстанда әлі күнге жоқ. Моральдық экономика 
төңірегінде және постсоциалистік экономикада мораль мен этика 
туралы елеулі зерттеулер жоқтың қасы (Sanghera & Satybaldieva, 2020b: 
2). Алайда Әсел Тұтымлы дәл байқағандай, неолиберал идеологияның 
батыстық бастауларына қарамастан, ең түбегейлі неолиберал реформалар 
әлеуметтік жағынан қорғалған еуропалық мемлекеттерде емес, 
жаһандық Оңтүстік деп аталатын елдерде [Қазақстанды осыған қосуға 
болады] болғанына назар аударатын зерттеушілер бар. Яғни бұл елдерде 
жүргізілген реформалардың сипаты әлдеқайда радикал болған және 
оларды либерал демократтар емес, авторитарлық билеушілер жүзеге 
асырған» (Tutumlu, 2018: 59).
Неолиберализм (немесе неолиберал капитализм) мен либерализмнің 
бір емес екенін баса айтқан жөн. Либерализм «жалпылама идея» ретінде 
көрінеді, сондықтан «либерализм» терминін кең ауқымда қолдану – 
қалыпты жағдай, сондай-ақ тіпті либерализмнің заманауи жақтастарының 
неге сенетініне қатысты теория жүзінде де келіспеушіліктер бар 


115
(Zhussipbek & Moldashev, 2018: 97). Либерализмнің қалыптасуы барысында 
әртүрлі түсіндірме пайда болды. Мысалы, либерализм утилитарлық 
сипатта болуы мүмкін немесе, Джон Роулз айтқандай, мықты үкіметтің 
рақымымен әлеуметтік бақуаттықты қолдау және баршаға бірдей 
мүмкіндік беру кейпінде болуы мүмкін (Zhussipbek & Moldashev 2018: 
97). Cондықтан реттелмеген нарық үлгісіндегі неолиберализм мен 
Скандинав елдері, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде континентал Еуропа 
елдеріндегі экономикалық және әлеуметтік құқықтарды қорғауға 
негізделген салыстырмалы түрде эгалитарлық және әлеуметтік бағыттағы 
либерализмнің өзара түбегейлі айырмашылықтары бар.
Рудзите (2018: 74) неолиберализмнің алуан түрлі концептуализациясын 
талқылаудың маңызы зор екенін атап айтқан. Түсініктірек болу үшін мен 
осы мақалада неолиберализм – саяси экономика мен экономикадағы 
теориялық көзқарастың бірі (айта кетер жайт – неолиберализм 
реттелетін капитализмнің кейнсиандық моделі мен әлеуметтік әл-ауқат 
капитализмінің Кембридж мектебі ұстанымдарына қарсы шығады) және 
мына негізгі үш қағидаға негізделеді деп қабылдадым: (1) «нарық өзін өзі 
реттейді» деген ұстаныммен нарықты қадағалауды доғару (нарықтағы 
құбылыстарға араласпау), (2) жаппай жекешелендіру, (3) реттелмеген еркін 
сауда (Heywood, 2007: 52). Мемлекеттің экономикадағы рөлі минимал 
болғандықтан, әлеуметтік қорғау саясатына қатысуы да минимумға 
түсіріледі. Екінші жағынан, неолиберал капитализмге экономика мен 
саясатты қаржыландыру тән, яғни қаржы нарығы, қаржы институттары 
мен қаржы элитасының экономика мен экономикалық көрсеткіштерге 
ерекше әсер ететін деңгейге жетуі. Халықтың ең ауқатты тобы үшін кірісті 
көбейту, капиталды жинақтау негізінен виртуалды қаржы құралдары 
ретінде қарастыруға болатын финансиализация арқылы жүреді. 
Финансиализациялау құбылысымен қатар пайда болған алыпсатарлық 
(спекулятив) капиталдың қалыптасуы, жаһандық сипатқа ие болумен 
және нақты экономикадан бөлектенумен ғана шектеліп қойған жоқ, 
сонымен қатар моральдық, этикалық нормалармен реттелмейтін деңгейге 
жетті
12
. Неолиберализм жағдайында сот жүйесінің өзі жекеменшікті 
және экономикалық активтерді қадағалау мен экономикалық рентаны 
шығарып алу мүмкіндігі жолындағы маңызды шайқас алаңына айналады 
(Sanghera & Satybaldieva 2020a). 
Жаһандық сипатқа ие болған неолиберал капитализм елдер ішінде 
де, елдер арасында да теңсіздіктің күрт өсуіне себеп болды, сондай-
ақ көптеген адамдарда келешекке деген үрей мен сенімсіздік сезімін 
тудырды (Dean, 2006: 767). БҰҰ 2003 жылғы Адам қоныстары туралы 
ғаламдық есебінде көбіне «жекешелендіру шетелдік кеңесшілердің 
тегеурінді қыспағымен өте асығыс өткізіледі де, нәтижесі «ашықтан-ашық 
ұрлау» болып шығады. Халықтың активі кейде жеке секторға өз құнының 
бір ғана бөлігіне сатылып кетеді» (UN Habitat 2003: 44) деп жазған.
Неолиберал капитализмнің негатив әсері білім беру мен денсаулық 
сақтау салаларының коммерциялануы (маркетизация), тіпті 
коммодификациясы (тауарға айналуы), мемлекеттің инфрақұрылым 
әлеуетінің әлсіздігі, экономикалық және әлеуметтік құқықтардың, 
сондай-ақ әйелдер мен балалар құқықтарының дамымай қалуы түрінде 
12 А. Кули мен Д. Хизершоу батыстық емес елдерден, соның ішінде Орта Азия 
елдерінен капиталдың «қашып» кетуін, халықаралық неолиберал қаржы 
жүйесінің негізгі ойыншылары болып саналатын ірі халықаралық банктердің 
заңсыз әрекеттерін зерттеді (Cooley & Heathershaw, 2017).


116
көрініс табады. Ал баршаға қолжетімді сапалы білім беру мен денсаулық 
сақтау саласы, әлеуметтік көмек беру бағдарламалары, мемлекеттің 
мықты инфрақұрылым әлеуеті молынан әлеуметтік көмек көрсететін 
елдерде байқалды (солтүстік Еуропа елдерінде, мысалы, Martela, et.al., 
2020 қараңыз). Оған қоса, неолиберализм жекешелендіру арқылы 
халықтың саяси процестерге араласуын әлсіретеді, себебі жекешелендіру 
азаматтарды баға беру, шешім қабылдау және қоғамға қатысты әрекет 
етуден алшақтатады (Dorfman & Harel, 2015: 3).
Неолиберал капитализмнің кемшіліктері COVID-19 пандемиясы 
контексінде талқылануға тиіс. Неолиберал капитализм жүйесінің мұндай 
төтенше құбылысқа айтарлықтай жауап бере алмайтыны анық байқалды. 
Жалпы алғанда, нарыққа бағытталған жекеменшік денсаулық (немесе 
коммерцияланған денсаулық сақтау) жүйесінің азаматтардың көпшілігіне 
лайықты және тиімді денсаулық сақтау қызметін көрсету құралы ғана 
емес, ең алдымен, философиясы да жоқ. COVID-19 пандемиясының АҚШ 
қоғамына, әсіресе әлеуметтік жақтан қорғалмаған топтарға ықпалы 
– Американың коммерцияланған денсаулық сақтау жүйесінің табиғи 
нәтижесі. Алайда тегін қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі бар Африканың 
кедей елдерінің көбінде пандемияның теріс ықпалы салыстырмалы түрде 
әлдеқайда төмен болған (Soy, 2020). Неолиберал капитализмді адам 
құқықтарының жалпыға бірдейлігі, әділдік қағидаттары мен денсаулық 
пен қауіпсіздікке қатысты адам құқықтары аясында және солармен 
салыстыра талдау қажет
13
.
Адам құқықтарының табиғи/философиялық концепциясы, адамның 
қауіпсіздік пен денсаулыққа (тегін және қолжетімді медициналық қызмет 
алу құқығы) қатысты негізгі құқығы мен неолиберализм бір-біріне 
қарама-қарсы.
Мұны Джессика Уайт талдауында былай түсіндіреді: «1947 жылы 
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын жазғандар мен 
Мон Пелерин неолибералдарының ұқсастығынан гөрі айырмашылығы 
басым еді. Екі тарап та Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында адамның 
қадір-қасиеті мен еркіндігіне төнген қауіпке алаңдаған, бірақ олардың 
шешімдері айтарлықтай өзгеше болды: адам құқықтары декларациясын 
әзірлеуге жиналған делегаттар әлеуметтік және экономикалық 
құқықтардың ұзын сонар тізімін ұсынса, неолибералдар мемлекеттік 
әлеуметтік қамсыздандыру мен жоспарлауды «Батыс өркениетіне» төнген 
тоталитарлық қауіп деп көрсетті» (Whyte, 2019: 8).
Адам құқықтары ұғымы моральдық құқықтарды білдіреді. Алайда 
нарықтық фундаментализмді ұстанатын неолиберал капитализм саясат 
пен экономиканың екеуін де моральдан ажыратып тастады. Сондықтан 
осы екеуінің (бір жақта экономика мен саясат, екінші жақта мораль) 
арасында шиеленіс бар. Алайда, Сангера мен Сатыбалдиева (Sanghera 
& Satybaldieva, 2020b: 2) атап өткендей, экономикалық қатынастар 
мен институттар [этикамен байланысты және] этикалық мәнге ие, 
осылайша олар адамның өркендеуіне тікелей әсер етеді (негізінен, 
моральдық экономика тәсілі «нақты экономикалық қатынастар және 
әрекеттердің әділдігі мен негізін талдайды және бағалайды» (Sayer 2018: 
23). Сондықтан әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар зерттеушілері бақуаттық, 
әділдік жайын бағаламай кете алмайды. Екінші жағынан алғанда, адам 
құқықтары дискурсы денсаулық туралы «ғаламдық әділет» ұстанымының 
13 Осы мақаланың ұсыныстар сегментінен оқыңыз.


117
өзегінде жатыр. Әділдік құқықтарға, соның ішінде моральдық құқықтарға 
ие болуды білдіреді. Себебі адам құқықтары ұғымы, шын мәнінде, бүкіл 
әлемде әр адамның қорғалуға тиіс моральдық құқықтарын білдіреді. 
Ал адам құқықтарын иеленуіміз, біздің адам баласы болғанымызға 
ғана байланысты (Tasioulas & Vayena, 2016: 366). Қысқаша айтқанда, 
неолиберализм либерал идея болып саналатын адам құқықтары түсінігіне 
қарсы, тіпті оған қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет