205
желілерден емес, дәрігерлерден білуге, коронавирустың жоғары
температураға
аса сезімтал, осал екеніне және желкектің коронавирустан
сақтайтынына сенбеуге, бактерицидті кварц шамдарын көп қолданбауға,
өз
бетіммен емделемін деп, бірнеше медициналық препаратты
бақылаусыз қолдануды тоқтатуға үндеді. Дегенмен кешкі жаңалықтарға
шыққан сарапшылар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған
фейктерге қатысты сол күйі түсініктеме бермеді. Тәуелсіз спикерлердің
фактілерге негізделмеген деректер келтірген кездері де болды.
Мәселен, қоғам қайраткері Рүстем Жансейітов тележурналистерге
Қазақстанда
коронавирусты, негізінен, балалар тасымалдап
жұқтыратынына сенімді екенін мәлімдеген (Евразия, 2020a). Иммунолог
дәрігер Рафаил Розенсон болса, коронавирустың салдарынан ерлер
белсіздікке душар болады деген дәлелсіз пікір айтқан (Евразия, 2020b).
Телеарна эфирінде реабилитолог дәрігер Айна Бакееваның отандық
медициналық мекемелерде коронавирусқа шалдыққан науқастарды
емдеудің тактикасы дұрыс емес деп айтқаны
бар вирустық бейнежазбаның
үзіндісі де көрсетілген (Евразия, 2020c). Көп тараған, кейін прайм-
тайм кезінде көрсетілген тағы бір видеоның кейіпкері – ресейлік
тележүргізуші Елена Малышева. Оның айтуынша, коронавирус балаларға
қауіпті емес (Евразия, 2020d). Телевизия
мамандары экстрасенс Виктор
Александровскийге де ерекше назар аударды, телеарна эфиріне шыққан
ол бұл дағдарыс ұзаққа созылады және коронавирус вакцинасы жуырда
шықпайды деген (Евразия, 2020e).
Достарыңызбен бөлісу: