Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Әлеуметтік медиа, инфодемия және дезинформация



Pdf көрінісі
бет97/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165
Әлеуметтік медиа, инфодемия және дезинформация
COVID-19 белең алған 10 ай ішінде PubMed порталында «COVID-19» 
кілтсөзі бар 63 мыңнан астам ғылыми мақала жарияланған. Бұның 
бәрі ақпарат ағынының жылдамдығын көрсетіп отыр, бірақ жалған 
ақпарат жылдамдығы да дәл осындай. Халық медиаға осынша көңіл бөле 


233
бастағандықтан, ақпарат көшкініне ие болу мүмкін болмады, осы орайда 
«инфодемия» термині қолданысқа енді (Zarocostas, 2020).
Ресми және дәстүрлі арналарда ақпаратпен қатар дезинформация 
да жүреді. Депо мен оның әріптестері (2020) әлеуметтік медиа 
платформаларындағы аңыздар мен дезинформациямен күресетін жұмыс 
тобын құруды ұсынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) өз 
уеб-сайтында дәл осы мақсатта коронавирус туралы жалған ақпаратты 
әшкерелейтін бөлім ашып қойған. 
Ванг пен оның әріптестері атап көрсеткендей (2019), АҚШ-тағы 
2016 жылғы президент сайлауынан кейін медиа мен ғалымдар «жалған 
жаңалық» терминіне назар аудара бастаған. Бұл термин – сенімсіз 
ақпараттың басқа да формаларын, соның ішінде жалған ақпаратты, 
әлеуметтік желідегі таныстар арасында немесе онлайн-медиада жылдам 
тарайтын, жұрттың бәрі бөлісетін хабарламаны, оқиғаны, теорияны 
немесе пікірді білдіретін ұғым.
Жалған ақпараттың тарауы әсте жаңа құбылыс емес, бұл тақырыпты 
COVID-19 белең алғанға дейін де көп ғалым (Del et al., 2016; Shao et al., 
2018; Scheufele & Krause, 2019; Jiс et al., 2014) зерттеген. Кей ғалымдар (Li 
et al., 2017; Pathak et al, 2015; Schmidt et al., 2018; Seltzer et al., 2017; Sharma 
et al., 2017) әлеуметтік медиадағы денсаулыққа қатысты ақпаратты 
зерттесе, біразы конспирация теориясы саласында ғылыми еңбектер 
жазған (Alliсgtoс et al, 2020; Wood, 2018; Lewaсdowsky et al., 2013). 
Генцков пен Юдің (2018), Алкотт пен Генцковтың (2016) пікірінше, 
жалған жаңалықты көзі шалған немесе оқыған ересектердің көбі соған 
сенуге, басқалармен бөлісуге бейім болады. Спор (2017), Аззимонти мен 
Фернандес (2018) сияқты ғалымдар жалған оқиға мен жалған ақпарат осы 
кезге дейін сайлау, саяси дағдарыс, табиғи апат сияқты әлем тарихындағы 
үлкен оқиғаларға әсер етіп келгенін және қазір де әсер етіп отырғанын 
айтқан. АҚШ-тағы 2016 жылғы жалпыға ортақ сайлаудан кейін жалған 
жаңалықтың тез тарауын азайту үшін Facebook сияқты әлеуметтік медиа 
компаниялардың біразы саяси бастама бастаған. 
Cондай-ақ Олпорт пен Постман атап көрсеткендей (1947), әлеуметтік 
медианы қолданушы қарама-қайшы екі жаңалықты оқыса және оның бірі 
екіншісінен сенімдірек болып көрінбесе, жаңалыққа сенімсіздік туады. 
Коммуникация жөніндегі ғылыми еңбектерде жан-жақты дәлелденген 
сенімділік ұғымына хабарламаның сенімділігі, дереккөздің сенімділігі 
және медианың сенімділігі жататыны айтылған (Metzger et al., 2003). Ванг 
пен оның әріптестерінің пікірінше (2019), әлеуметтік медиаға қарағанда, 
дәстүрлі медиада ақпараттың сенімділігінің әрбір қыры айқынырақ 
болады. Әлеуметтік медиада әсіресе дереккөздің сенімділігін бағалау 
қиын, себебі қолданушы өзі жазған ақпаратты өзі жариялайды, фактіні 
тексермейді, аудиториясына есеп бермейді. 
Олу мен Демуйакор (2020) журналистік қағидаларын, практикалық 
журналистика нормаларын, редакторлық стандартты сақтайтын дәстүрлі 
медианың жаңалықтары сенімді болады деген пікір айтқан. Алайда 
Гирхарт пен Кангтің пікірінше (2014), әлеуметтік медиа ақпаратының 
қаншалықты рас екенін тексеру қиындап кетті, бүгінде дәстүрлі медианың 
өзі әлеуметтік медиадағы шұғыл жаңалықтың қаншалықты рас екенін 
тексерместен жариялауға бейім болып отыр. 


234
Шао мен оның әріптестері (2018) интернетте жалған ақпараттың қаптап 
кетуін халықтың ой бостандығына, демократияға үлкен қауіп деп 
санайды, тіпті америкалықтардың көбі әлеуметтік медианы жаңалық 
оқу үшін тұрақты түрде қадағалап отырса да, 63% әлеуметтік медиадағы 
жаңалыққа сенбейтінін атап айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет