М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
Очерктің тілі мен стилі
«Стиль – греше stylus – таза, әдемі сӛйлеу мағынасын білдіреді. Стиль -
талант ӛлшемі. Ӛмірдің әр саласында жұмыс стилі, газет стилі, ғылыми стиль
т.б. жиі қолданылады» [1,602]. Стиль туралы орыс тілінде еңбектер кӛп, бұл
проблемаға орыстар әр қырынан келіп, салиқалы пікірлер ұсынған [2]. Кез
келген әдебиетке байланысты монографиялардың бәрінде де стильге бір
тоқталмай кетпейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында стиль туралы қомақты
еңбек жазған Қ.Жұмалиев ақын-жазушылардың кӛркем мәнері мен шеберлігін,
талантын кеңінен қарастырған. Стиль дегеніміз - әр жазушының ӛзіне тән
шығармашылық ерекшеліктері және бір жазушының екінші жазушыдан
айырмашылығы, ӛзіне ғана тән сипатын аңғартатын жиынтық болса керек.
Стиль жазушының барлық шығармасын қамтып, олардың бір-біріне
жақындығы мен бірлігін зерттейтін сала. Қазақ әдебиеттануында да стильдік
ізденістер туралы мол пікір, тұжырымдар айтылған [3]. Стильдің не екенін,
оның ерекшелігін М.Әуезов былай түсіндіреді: «Әдебиеттік ұлттық түр
мәселесінің бір іргелі үлкен мәні – стильде. Теңеу тілі, әр алуан кӛркемдік
шеберлікпен келетін сӛз кестесі түгел құрала келіп жазу стилін қалыптайды.
Әдебиеттің ұлттық ерекшеліктері жайын атағанда, тіл бұл стильдің ӛзі емес,
құралы, қоры ғана. Екінші бір үлкен стиль – сӛздік, ақындық теңеу кесте
мағынасынан басқа екінші мағынаны жеке тудырады. Ол – ұлттық мінез, бейне
жасаудың стилі. Міне ұлттық түрдің жайына ауысқанда осындай ірі белгілер
тілден гӛрі артығырақ орны бар, ӛзгеше сипат есепті болатын жайлар бар» [
4,230].
Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының стилі туралы пікірлер аз десе де
болғандай. Очерк стилі ұғымына очеркистің тілі, сӛйлем құрауы, мәнері,
очерктік шығарманың композициясы, оқиға дамыту үрдістері, тақырып таңдау,
жанрлық ерекшелік т.б. компоненттері кіреді. Очерктегі орталық мәселе
идеялық мазмұнға келіп тіреледі. Идеялық мазмұн түр болғанда, түрдің
мазмұнға сәйкес болған кезінде ғана ӛз орнын тауып, түр мен мазмұн бірлігі
туады. Жазушы кӛкейінде туған идеяны қалай жеткізу, оқырман сана-сезіміне
әсер ету жолдары, кӛздеген мақсатты орындаудағы очеркистің шеберлік
әдістері, ӛзіне ғана тән шығармашылық ерекшеліктері арқылы жүзеге асады.
Очеркистің ӛзіндік ойы, ӛмірге кӛзқарасы, айналада болып жатқан құбылыс пен
оқиғаларға берген бағасы, оны сезіп-түюінен келіп ӛзіндік стильдік ерекшелігі
туады.
Стиль туралы М.Қаратаев: «Стиль атаулы құбылыс бір заматта
қалыптаспайды және бір қалыпта қатып-семіп қалмайды, ол бірте-бірте даму
процесінде жетілетін құбылыс. Осылай деп білсек, қазақ әдебиетінде стиль
дауының тарихын танытатынын кӛреміз. Стиль талантты да тәжірбиелі
жазушының табысы десек, дара стиль мен стильдік ағымдардың кӛбеюі
кемелденген кӛп жанрлы әдебиеттің табысы»[5,10],- дейді. Очеркист стилі,
әрқайсысының ӛзіне тән мектебі, халық әдебиетін танып - білуі, бойына сіңіруі,
жазушы - ақындар шығармаларын білу, зерттеу, олардан үйрену арқылы
қалыптасады десек қателеспеспіз. Қазақ очеркінің ӛсіп - ӛркендеу жолына
қарап отырсақ та, жеке жазушылар шығармаларына зер салсақ та кӛңіл
аударатын ортақ жайт – бір жазушының бірнеше очерктерінде қайталанып
отыратын, басқаларға ұқсамайтын ӛзіне ғана тән ерекшелік байқалады. Демек
бұл жазушының стилін танудағы шешуші жағдай.
Қазақ очерктерін оқып отырғанда мынадай очерк стиліне тән
ерекшеліктер айрықша кӛзге түседі. Оның ең біріншісі – сӛйлемдердің ӛте
қысқа, нақты келіп отыруы жиі кездеседі. М.Әуезовте: «Түн. Тау ішіндегі
оқшау қыстау. Онда жас қозылар мал қорада. Алуа мен Назарбек шам алып
қораны аралап шықты. Далада ит үреді. Назарбек алаңдай береді. Иттер тағы
үреді» [6,223],- деген сӛйлемдер бар. Осындай нақпа нақ айтылған қарапайым
сӛйлемдер жазушы очерктерінде жиі кездесіп отырады. Автор мұндай
сӛйлемдерді адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын, мәліметтерді,
оқиғаларды беруде де шеберлікпен пайдаланып отырған. Б.Майлинде: «Күзгі
аязды түн. Ауыл ұйқыда. Шеткі кішкене земенкеде сығырайған от кӛрінеді. Бұл
Беркімбайдың үйі» немесе «Жолдас Қожабай: тӛрт түлігі сай, ішкені қымыз,
жегені май...» [7,149] деп байлыққа, сән-салтанатқа үйренген Қожабайдың ерсі
іс-әрекеттерін сырлы юмормен қысқа жазады. Ғабиден Мұстафин
очерктеріндегі қысқа жай сӛйлемдері былай болып келеді: «Тоғай. Егін.
Шалғын...» [8,334] немесе «Түн. Қалың орман. Жер үстінде тӛбесі томпайған
блиндажды қар басып қалған» [8,360]. Бұдан жазушының ӛзіндік сӛз ӛнерін
кӛреміз. Бұл екі сӛйлем де очерк басында әрекетті бастамас бұрын очеркист
табиғат суреттерін кӛрсетіп барып, бүкіл оқиғаны табиғат суретіне бағындыра
отырып жазады.
Қазақ очерктерінің стиліне тән тағы бір ерекшелік – теңеулердің молынан
кездесуі. Ғ.Мүсірепов пен Б.Майлиннің А.Иманов ӛміріне байланысты жазған
очерктер циклында патшамен күрескен күннен бастап басшы болған
Амангелдінің ӛлімін: «Темірдей тегеуріннен әл кетті. Асау жүрек тулауын
тоқтатып, мәңгі сӛніп қалды»[9,206],- деп батырды «темірге», «дала қыранына»
теңейді. Амангелдіні тас түрмеге жалғыз қамап, бүкіл дүниемен байланысын
үзіп, темірленген терезе, іштен-тыстан күзет орнатқанын айта келіп,
Амангелдінің ажалына себеп болған жайларды да әдемі теңеулер арқылы
сенімді баян еткен. Ғ.Мүсіреповтің «Феномен - Феникс» атты кӛркем очеркі де
теңеуден кенде емес. Очерктің тақырыбының ӛзі Жамбыл талантын Феноменге,
Феникске теңеп қойғанынан кӛрініп тұр. Ақын Жамбылдың екі рет туғаны,
түрлі заманда жасағаны, ӛмірінің ең соңғы он жылында бүкіл дүние таныған
атақ алуын – «Феномен» дейді. «Бір кезде Фармазонтаның қолына жиырма жеті
мың тоғыз жүз жыл және алты ай жасаған Феникс түседі. Ой - сезімнің,
даналықтың, әділеттің ажалы қашан да олақ қолдан келмек. Феникс садақ тарта
білмейтін Мысыр патшасының оғына ұшырап ӛледі. Фармазонта Фениксті
ӛртеп, күлін отқа салған екен. Феникс қайта жаралып тұра келеді...
-
Екінші рет туғанға қанша таңдансаң, бірінші рет туғанға да сонша
таңдану керек... Дүние болмысы туып, ӛзгеріп, қайта туғанға толы емес пе?-
дейді екен Феникс» [9,502],- деп «Феникс» ақындар қойған ат болғандықтан
Жамбыл ақын осы атқа лайық деп жазады. Очеркист Жамбыл жырларының
құдыреттілігі талай ғасырлар бойы тұнып жеткен мұра Жамбыл ақын жүрегінен
қайта оянып, халықтың ӛз жыры, ӛз сыры болып халыққа жетіп отырғанын
әдемі ашқан.
С.Мұқановтың очерктерінде кездесетін кӛркем теңеулер де кӛп. «Туған
жердің тыңында очеркіндегі [10,22] Жаманшұбардың қысын, балалардың
қамбамен қоян аулауын суреттеген жазушы қыс айларындағы, аспан жиегіне
жақын жылжыған «құлақты» күннің сәулесіне боялған қардың бетінде жүгірген
үрлесін аппақ, бұп-бұйра «күртіктердің бетінде жүгірген күрең жалынға»
ұқсаса, сол күрең жалынның сәулесі түскендей, аяз сүйген балалардың
бетіндегі қып-қызыл қандары да шалқыған жалындай құлпырып ойнар еді...
[10,22]. Жаманшұбардан шыққан күнді «құлақты» десе, балалар бетінің
қызаруын «қанға» теңейді. Мұндай мысалдарды очерктің ӛн бойынан жиі
кездестіруге болады. Жоғарыдағы очерктердегі теңеулер жазушылардың айтпақ
болған ойымен ұштасып, қабысып жатады.
Очерк стиліне тән тағы бір ерекшелік – қазақтың бай ауыз әдебиетінің
материалдарын осы жанрда кеңінен пайдалану үрдіске айналған. Кей
очерктердің тақырыбының ӛзі мақал-мәтелдермен аталады. Мысалы
М.Әуезовтің «Ерлік – елдік сыны», «Ер серігі – сергек ой», Б.Майлиннің
«Ұяттан адам ӛлген бе?», «Бай бастас, батыр тұстас», З.Шашкиннің «Жақсы
кітап – жан азығы», «Дәстүрдің тозығы бар, озығы бар» т.б. Бұл очерктердің
аттары белгілі бір мақсат үшін жұмсалып, очерк сюжеті ішінде жігі білінбей
жымдасып жатады. М.Әуезовтің «Ерлік – елдің сыны» очеркінде тіл айырмасы,
тек айырмасы, жас айырмасы, жыныс айырмасы болса да Отан сүйер ерлік
алдында айырма жоқ дей келе, ел басына күн туғанда, ер кӛңілінде ӛзгеше,
ӛктем күй туатынын, елі, отаны үшін жанын қиып жатқан адамдар кӛп екенін,
соның арқасында кеңес әскерлері Гитлерді жеңіп жатқанын, ерлік – елдіктің
сыны деген идеяға бағындырады. «Ер серігі – сергек ой» атты очеркінің идеясы
да жауынгер полковник Бауыржан Момышұлының ерлік әрекеттерін жас
ұрпаққа ӛнеге етуден туған. Бойы жинақы, сӛзінің артығы жоқ, қайта таразыға
тартқандай етіп дәлме-дәл басып, келте, сараң сӛйлейтін батыр бейнесін
сомдағанда очеркист очерк ӛзегіне отансүйгіштік рух беріп отырады.
Бейімбет Майлиннің «Ұяттан адам ӛлген бе?» қысқа очеркіндегі әңгіме
арқауы – Қазақстандағы белсенді қызметкерлер тегісінен «Еңбекші қазаққа»
жазылмай, жазылмақ түгілі, оқуға да қол тимейтінін тілге тиек еткен автор
қазақ қызметкерлерінің осы қылықтарына ӛкініш білдіріп, «ұяттан адам ӛлген
бе?» деп аяқтайды. «Бай бастас, батыр тұстас» сатиралық сарында жазылған
очеркінде Бейімбет Қарқара жерінен қуылған Ағыбай батыр тұқымдарының
Қызылордағы пана іздеп, қарға тамырлы қазақ жекжат тапқанын, кейіннен
тұтқындалып, сотталғанын қызықты етіп жазады. Жоғарыдағы тақырыптардың
бәрі де әрқайсысы ӛз алдына әртүрлі кезеңдердің келбетін аңғартады және
барлығы да ӛмірде болған шындық оқиғалар мен құбылыстарды әңгіме арқауы
ете отырып, қазақ ӛмірінің әрқилы проблемаларын шығармашылықпен шешуге
ұмтылыс білдірген.
Очерк жазу барысында кез келген жазушы жеке кейіпкерлер тағдыры
арқылы сол кезеңдегі жалпы жағдайды аңғарта білуі де стильдік ерекшеліктің
бір қыры десе болғандай. Мысалы Б.Майлиннің «Ӛңгелбай» очеркін алсақ,
оның болыс болып сайланғаны, жұрттың ол туралы пікірін автор былай береді:
«... еті тірі, пысық, ретін табар деп ойлайды». Сол кезден 4-5 жыл бұрын ғана
дәулеттілер қатарындағы Ӛңгелбай болыс болып, Алексей деген орысты хатшы
етіп, ӛзінің газет оқу түгілі әріп танымайтынын жеңіл юмормен шебер
жеткізген. Сол кезеңдегі елдің тіршілігін айнытпай кӛрсеткен очеркист
Ӛңгелбайлардың кӛбейіп бара жатқанын тілге тиек етеді.
Соғыс кезінде тылда қалып ерен еңбегімен кӛзге түскен Қапан
Сатыбалдиннің Қашақбайы («Кетпенді адам» очеркінде) былай бейнеленеді:
«Ердің екі сӛйлегені ӛлгені» осы мақалды Қашақбай қашан да ӛзіне заң
кӛреді. Ол ала жаздай арық жағалайды. Алпыс үшін алысты. Ӛзің алмасаң
ӛздігінен бермейтін Сырдың суымен Қашақбай жекпе-жекке шықты. Кім жеңер
екен? Боқыраудың тоңындай сірескен Сырдың жері жеңер ме екен, әлде атан
түйенің табанындай ауыр кетпенін дәл сілтеп үйренген колхоз ері жеңер ме
екен»[11,125] дей келе, жаумен шайқасып жүрген Қашақбайдың достары
Тӛлеген, Бӛгенбайлар ерлігімен кейіпкер ерлігін қоса ӛрген очеркист
характерлерді аша түсу үшін оқиғаларды қабаттастырып, кейіпкерлерінің ішкі
арпалысын, алай-дүлейін қатар баяндап отырады.
Ғабиден Мұстафиннің «Тұтқын» очеркінде де Германияда Гестапода
тұтқында отырған Эдуард атты азаматтың басынан кешкен оқиғасы туралы
жазады. Очерк былай басталады: «Жыпырлаған кӛп бӛлменің бірін жеке алып,
бір жігіт жатыр. Кӛзін жұмады да ашады. Екі жамбасына да кезек-кезек
аунақшиды, тиыштық таппайды. Басын кӛтеріп, біраз отырған соң, тісін
шықырлатып қайрап қойды... Қалтасынан битімдей айна алып, сол айнадан
күлтілдеген запыран түсті бетін, қос шараның түбінде жайнаған ызалы кӛзін
кӛріп, азырақ қамықты... Сӛйтіп, орнынан тұра берді де сылқ отыра кетті.
- Айуандар, жыртқыштар!»- деді, тыжырынып, табаны жара, талаураған
ісік тізесіне дейін жеткен, аяғын баса алмаған соң тізесімен, шынтағымен
еңбектеп есікке келді. Ызаланып есікті қойып жібергенде, қолы қаң қақсады
[11,316],- деп тұтқынның денесінде сау жер жоқ екені, темір тәртіпке шыдаған
азаматтың ерлігін ішкі монолог арқылы береді. Тұтқында отырған Эдуард
ӛзімен ӛзі іштей сыбырласып, сырласып отырып, ӛзінің жауға деген
ӛшпенділігін, қарғысын айтады. Артында қалған қатын-баласын ойласа да
Эдуард жау әскеріне Кеңес әскерінің ұясын, басшыларының атын айтудан бас
тартып, азапқа басын тіккені сенімді суреттеледі.
Ғабиден Мұстафиннің «Күлмеген адам» кӛркем очеркінің кейіпкері
Бейсекей сіңірі шыққан кедей, кісі есігінде жүріп қайтыс болады. Оның бар
ӛмірінде кӛргенін жазушы былай суреттейді: «Бейсекей кӛсіліп қалғанда, аяғы
қара лашықтың табалдырығына барып тіреледі. Оңдалып жатқан болып басын
кӛтергенде, шекесін лашықтың уығына соқты. Тайтері тӛсегін алақанымен бір-
екі сипап тастап, терімен тыстаған, тері сіңіп ыстаяқталған, кірі бес батпан
жастығын аударып салды. Содан кейін салдама тонын айқара жамылып, аяғын
тұйықтай, шалқасынан жатқанда, кеудесі емшегіне дейін ашық қалған еді»
[8,319] деп кісі есігінде жүріп жӛтел ауруына шалдыққан Бейсекейдей бүйірі
шықпай, бейнеттен ӛзге кӛрмей, езу тартып күлмей кеткен кейіпкер бейнесін
жеке толғаныстары арқылы, ӛткенді кӛз алдына елестету арқылы сол кезеңнің
келбетін, бейнесін жазушы шебер жасаған.
Кӛркем очерктегі табиғат әрқашан адаммен бірге суреттеледі. Очерктегі
кейіпкер кӛңіл-күйі мен дәуір тынысына қарай суреттеліп отырады. Кей
очерктерде баяндалатын жағдайлар очерк басындағы табиғат суретімен
ашылып, ӛмірдің ӛзіндегідей етіп суреттесе кӛркемдігін де күшейте түседі.
Б.Майлиннің очерктерінің кӛпшілігінің идеясы табиғат суретіне
бағындырылады. «Мектеп» атты очеркінде жазушы: «Сарыарқаны жапқан
қараңғылық серпілді, тозды, тарады. Айнадай түрін жалт еткізіп күн нұрын
септі, қарады» [7,41] деп бастап, елдің бет түзеп мектепке бала бере бастағанын
қуанып жазады. «Аш-жалаңаш» очеркінде де былай басталады: «Күз...
Ызыңдаған ащы жел суық лебін денеге соғып, тітіркендіреді. Денені
түршіктіріп, қыстың ызғарын кӛз алдыңа елестетеді.
Қыс келді, қыс келді!... дегендей болды.
Қыс кӛріп жүрген қыс. Қыстың суығына ұрынбау үшін адам баласы
әдістеніп үйренген» [7,180] деп 1927 жылғы қорғансыз балалардың киімі,
тойымы жоқ балаларға қалың қауымның кӛмектесуін сұраған жазушы сол
кездегі дәуір тынысын табиғаттың қатал мінезі арқылы беріп, табиғат суретін
белгілі мақсаттар үшін шеберлікпен пайдаланған.
Қазақ очерктерінің тағы бір ерекшелігі - ӛмірде жиі айтылатын мақал-
мәтелдердің орынды пайдаланылуында. Мысалы: М.Әуезов очерктерінде
тӛмендегідей мақал-мәтелдер жиі қолданыс тапқан: «Атадан ұл туса игі, ата
жолын қуса игі» [6,52], «Талапты ерге нұр жауар»[6,53], «Еңбек - ӛрнек, ӛнбек
еңбек»[6,77], «Баланы жастан, келінді бастан»[6,119], «Кӛп түкірсе кӛл
болады»[6,164], «Ерді кебенек ішінде танимын»[6,175], Б.Майлинде «Алпыс
күн атан болғанша, алты күн бура бол»[7,124], «Жел болмаса, шӛп басы
қозғалмайды»[7,131], «Кәріптің ісі қараңғы»[7,151], «Күштінің артын диірмен
тартады»[7,156],
«Байдың
мыңының
ішінен
жарлының
жалғызын
алады»[7,158], «Пәленің мыңы – сырда, бірі - қырда»[7,164], «Заманың түлкі
болса, тазы бол»[7,175], «Ештен де кеш жақсы»[7,193], «Сыйынғаныңнан
сүйінгенің күшті болсын»[7,205], «Әруақ орнап, нар шӛккен»[7,239], «Ұрыс
басы боқ жеме»[7,300], Сәбит Мұқановта «Құс ұшса қанаты, тұлпар жортса
тұяғы талады»[10,25], «Кӛкектен басқа құс жоқ, кӛкпектен басқа шӛп
жоқ»[10,25], «Сұлуынан жылуы»[10,80], «Тоқсан қабат торқадан, тоқтышақтың
терісі артық»[10,80], «Жол атасы - тұяқ»[10,110], «Ӛлеңді жердің ӛгізі
семіреді»[10,179], «Береген қолым – алаған»[10,218], «Су атасы – құлақ, жол
атасы - тұяқ»[10,231], «От басы, ошақ қасы»[10,242], «Су атасы
Сүлеймен»[10,244], «Әркімнің ӛз туған жері ыстық»[10,275], «Шақырғанға
бармасаң, шақыруға зар боласың»[10,313], Ғабдол Слановта «Жүрген аяққа
жӛргем ілінеді»[12,3], «Асыл тастан, ақыл жастан»[12,27], «Ұяда не кӛрсең,
ұшқанда соны ілесің»[12,40], «Жасы үлкенге кездескенде атыңнан түсіп сәлем
бер»[12,55], «Іздегенге сұраған»[12,89], «Атың барда жер таны, желіп
жүріп»[12,179] т.б. мақал-мәтелдерді жатқызуға болады. Очерк тіліндегі
шұрайлылық тек мұнымен ғана шектелмейді очеркистер керекті жерінде теңеу,
метафора, метонимия, троп сияқты кӛркемдік құралдарды да шебер
пайдалануды үрдіске айналдырған.
Қазақ очеркіне тән тағы бір ерекшелік – детальдардың молынан кездесуі.
Типтік характердің ӛміршеңдігі мен тереңдігі очеркшінің ӛмірмен
байланысына, кӛзқарасы мен ой-танымына, шеберлігіне байланысты. Очерктегі
адам бейнесін жасаудағы маңызды шарт кейіпкердің мінез-құлқындағы
ерекшеліктері жақсы кӛрінетін жерлерін айқын бейнелеу болып табылады. Бұл
жерде типтік характерді ашуда кейіпкердің портреті мен оның кӛзге кӛрінер
ерекшеліктеріне оқырман назарын аудара білу маңызды рӛл атқарады. Шебер
очеркшілердің портреттік сипаттамасында терең публицистикалық мағына
жатады. Очеркте бейнелеумен бірге пайымдау, ой жүреді. Бейнелеудің басқа
түрлері сияқты портреттің негізін де бӛлшек (деталь) құрайды. Очеркист
ӛмірдің барлық элементтерін бейнелей алмайды, ӛйткені, ол шексіз. Сондықтан
ең маңызды, ақпарат кӛзі мол мәліметтерді ғана топтайды.
Типизацияның ең шыншыл, маңызы бар құралы – бөлшек (деталь)
екенінде дау жоқ. Бӛлшекті шеберлікпен қолдана білу ӛмірдегі шындықты
бейнелеуге мүмкіндік береді. Тұрақты бӛлшектер ӛмірді абстрактылы емес,
жеке кӛрсетеді. Ал, ұсақ, бірақ қызықты бақылауларды жинақтау (обобщение)
күшін біріктірген кезде ғана очеркте қызықты бӛлшек орын алады. Бірақ кей
кезде очеркшілер басты мағынаны ашпайтын, бейнеден де, шығарманың
идеясынан да алшақ жатқан бӛлшектермен әуестенеді. Мысалы, “орта бойлы,
бет-әлпеті кәдімгідей, басында бӛрік, ерекше белгілері жоқ”, - деген сияқты
бейнелеу не бере алады? Әңгімеге сияқты очеркке де ерекше белгілер мен
маңызды бӛлшектер керек-ақ.
Ӛмір мен адамдарды маңызды бӛлшектер арқылы бейнелеу олардың
ішкі мазмұны, болмысы, кейіпкерлердің кӛзқарастары мен психологиясының
кӛрінуі үшін қажет. Тұрақты бӛлшек портреттің аяқталуына кӛмек береді,
бейнені айқын, сезімтал етіп кӛрсетеді. Б.Майлиннің “Жасасын Мұсабай!”
очеркіндегі Мұсабайды жазушы былай суреттейді: “Құрысқан қара жігіт. Сӛзге
жомарт, ертеден қара кешке дейін сӛйлесе шаршамайды, ӛз сӛзінен басқаға
құлақ салмайтын да мінезі бар” [7,224]. Ал Ғ.Мұстафиннің “Алыптың
кереметтері” очеркіндегі Нұртазаұлы Жұмабек бейнесін сомдау барысында
жазушы тұрақты бӛлшектер пайдаланған: “... қара ағаштай қатыңқы, бурыл
шаш, қара шұбар жігіт” [8,297] десе, М.Әуезовтің “Жуалы колхозшысы”
очеркіндегі Ырысбекті “... қызыл күрең, еңбекке піскен, ірі денелі, сан етті”
[6],- деп суреттеген. Міне, осындай бейнелерді сомдауда пайдаланылатын
бӛлшектер шығарманы шыншыл, ӛміршең етеді. Очеркист кейіпкерлердің
сӛзінен, тұлғасы мен бет-әлпетінен, күлкісі мен кӛздерінен, дене бітімінен бір
ерекшелікті байқап, оны атап кӛрсеткен кезде ғана тірі жанға айналады.
Шыншыл бӛлшек әр нәрсені толығырақ бейнелеуге кӛмектеседі,
шығарманың кӛркемдігін арттырып, оны айқындай түседі. Бӛлшектер елеулі
және елеулі емес болып екіге бӛлінеді. Біріншісі де, екіншісі де біркелкі
маңызды рӛлдер атқарады, бірақ елеулі емес бӛлшектің маңыздылығы кӛңілде
күмән туғызбауы тиіс. Мысалы, жоғарыдағы мысалдарда Мұсабайдың “сӛзге
жомарттығы”, Нұртазаұлы Жұмабектің “бурыл шашы”, Ырысбектің “еңбекке
піскендігі”- елеулі бӛлшек емес, бірақ маңызы бар. Бейнелейтін затқа немесе
жағдайға айқындылық беру үшін очеркші оқырманды ӛзіне бірден тартып,
сендіре алатын тұрақты бӛлшектерді кӛрсетеді. Суретші үшін маңызы бар
бӛлшек шеберлігі очеркшіні беллетристикамен жақындата түседі және ол
оқырманға дәлелдің мәнін, оның мағынасын түсінуге мүмкіндік береді, жазушы
сол кездің психологиялық және тарихи атмосферасын сезіндіреді. Сонымен
қатар очерктегі бӛлшекті әлеуметтік-саяси, мағыналылық пен құбылыстың
ӛзектілігін айқындау үшін қолдануға да ерекше мән береді.
Тұрақты бӛлшектер мен толықтырулардан портрет пен басқа да бейнелер
туындайды. Портретпен жұмыс істей отырып очеркші тұрақты кейіпкердің
сыртқы бейнесін ғана кӛрсетіп қоймай сол портрет арқылы кейіпкердің ішкі
жан-дүниесін оның очерктегі проблема шешілуіне және қоршаған ортасына
деген қарым-қатынасын да беруге тырысады. Очерк шеберлері біреуді суретке
түсіруді міндетіне алмайды. Мысалы, Ғабит Мүсіреповтің очерктерін алайық.
Кӛркем очерктерде жазушы қазақ ӛміріндегі игі істер атқарып жүрген
адамдардың публицистикалық типтік бейнесін жасап шығарған. Очеркші адами
емес іс-әрекеттерді әшкерелеп, адамдардың интелектуалдық әлемін жоғары
қояды. Кейіпкердің портретін жазғанда суреткер ӛз шығармасына негіз етіп
қоғамның пайдасына немесе оған қарама-қарсы бағытталған адамдардың іс-
әрекетін, мінез-құлқын алған. Мысалы, Ғ.Мүсірепов пен Б.Майлиннің “Батыр
большевик Амангелді” очерктер циклында Ғ.Мүсіреповтің “Батырдың биік
тұлғасы” очеркінде биографиялық мәліметтер ӛте аз. Ол бір-екі сӛзбен ғана
беріледі. Бірақ бұл очеркте биографияны кең қолданып жазу керек деген сӛз
емес. Ӛмірде шынымен бар адамдардың типтік бейнелерін, ішкі жан-дүниесін
кӛрсету ӛте қиын іс. Сондықтан очерк те бейнелеу ӛнері сияқты, егер портрет
адамдардың бейнесін дұрыс бере алмаса, маңызы жоқ белгілерді суреттесе, ол
“ӛмірді тоқтатып тастаған” сияқты болып кӛрінеді. Публицист-суреткердің
тұрақты адамының портреті жай ғана сурет емес, ол - ӛзіндік жалпылау
(обобщение) болып табылатыны заңды құбылыс. С.Мұқановтың «Тірі
ескерткіш» атты очеркінде Социалистік Еңбек Ері Сейдахмет Қорғасбаевтың
портретін былай сомдайды: «Сейдахметті бұл менің үшінші кӛруім: бірінші рет
1938 жылы, жасы 37-ге шыққанмен, қатардағы қойшы күнінде кӛрдім. Ол кезде
шоқша қара сақалды, қалың қара мұртты, әжімсіз күрең түсті, бетінен қаны
тамған жігіт еді: екінші рет 1953 жылы, Алматыда, Қазақстан Ғылым
академиясының Биология институтында қой ӛсіру тәжірбиесінен ғалымдар
арасында баяндама жасағанда; ол жолы сақал-мұртына аздап кірген ақ қылтаңы
болмаса, 1938 жылмен салыстырғанда ажарында айта қаларлықтай айырма жоқ
еді; енді, мына жолы қарасам - сақал-мұртының ағы да, бет әжімі де кӛбейіпті,
бұрын шоқшалап ӛсіретін сақалын еркіне қоя беріпті!...»[10,214],- деп очеркші
кейіпкер портретін суреттеуде ӛмір деректеріне сүйеніп, қажет деп тапқан
жағдайда қаһарманды жаңа детальдармен толықтырып отырғандығын кӛреміз.
Жазушы Сейдахметтің ӛмірін жадағай суреттеп қоймай, кӛңіл-күйіндегі, ой
сандығындағы, рухани дүниесіндегі ӛзгерістерге терең бойлай отырып,
кейіпкердің шынайы қасиеттерін аша кӛрсетуі орынды. Сейдахметтің қандай
жұмысқа кіріссе де табан тірей, нығыз отырып атқаратынын очеркші жіті
байқап, осы қасиеттерін ашқан.
Қазіргі қазақ очеркінің даму тенденциясы кӛңіл аударатын мәселе. Қазақ
әдебиетіндегі белсенді жанр болып есептелетін очеркте бүгінгі күннің
кӛкейкесті мәселелері, әлеуметтік проблемалары осы жанр мүмкіндігімен
жазылып келеді десек артық болмас. Қазақ очерктері кӛркемдік сапа жағынан,
кӛтерген мәселелерінің әралуандығы жағынан үлкенді-кішілі барлық
прозаиктер қалам тербеген ортақ жанр және очерк жазбаған жазушы жоқ десе
де болады. Тарихи тақырып, ауыл тақырыбы, яғни бүгінгі заман тақырыбыдағы
очерктер легі кӛп-ақ. Бұл очерктің ӛсіп-ӛркендеуінің қарқынын білдіреді,
жазушыларымыздың ӛмірге белсенді араласып, жаңаша ізденістерге бет
бұрғанын танытады.
1920 жылдардың соңына таман орыс жазушыларының үлгісімен қазақтың
ақын-жазушы, очеркистері ел ӛміріндегі ӛзгерістерді очерк жанры арқылы
кӛрсетуге белсене араласты. Олар алғаш қазақ жерін аралауға, қазақ
сахарасындағы қоғамдық-саяси ӛзгерістерді кӛріп 1930-1933 жылдар
аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінде «Жолдан» деген айдармен
очерктің ең кӛне түрі жол-сапар очерктерін жариялай бастады. Кейіннен
«Жолдан» деген айдар орнын «очерк» деп ӛзгертті. Сол алғашқылардың бірі
Бейімбет Майлин жазбалары да «Жолдан» деп аталып, «Социалистік
Қазақстан» газетінде басылып тұрды. Б.Майлиннің сол жылдардағы очерктерін
қарағанда оның үш тақырыпты қамтитынын байқаймыз. Олар ӛнеркәсіп,
ауылшаруашылығы, мәдениет.
1928 жылы Түрксиб темір жолы құрылысы жаңалықтарын қазақ
қаламгерлері ішінде алғашқы болып І.Жансүгіров жазып «Түрксиб» деген
кітабын шығарды. Ілияс Жансүгіров 1927 жылы Түркістан - Сібір темір жолы
құрылысынан бірнеше очерк жазып «Жол аузында» деген атпен жинақ
шығарған. Қазақ даласындағы темір жол салу процесін, адамдар санасының
ӛзгерген кӛрік келбетін суреттеп, Түрксиб құрылысының ерлерін еңбек үстінде
кӛрсетеді. Жазушының «Жарыс», «Тӛменнен толқын» очерктерінде Екібастұз
кӛмір кені мен Риддер шахталарындағы ӛмір, жұмысшылар ішіндегі әрқилы
қақтығыстар, шиеленіскен тартыстардын сыр шертеді.
1920-1930 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Жаңа
әдебиет», «Әдебиет майданы» басылымдарында Б.Майлин, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Шарипов, Ә.Қоңыратбаевтардың
қазақ ӛлкесі, жаңа заман, адам туралы очерктер ағынын кӛптеп жариялайды.
Бұл очерктердің негізгі тақырыбы – Түркістан – Сібір темір жолы, Қарағанды,
Балқаш, Шымкент, Риддер сияқты жаңа ашылған ӛнеркәсіп орындары болды.
1934 жылы Б.Майлиннің «Алыптарды аралағанда» очерктер жинағы
жарыққа шықты. Бұл очерктер екі ӛндіріс орнына арналған. Бірінші Шымкент
қорғасын заводындағы қарқынды жұмысты қарапайым адамдардың завод
станогындағы жұмысын сәтті суреттейді. Алғаш алынған қорғасынға куә
болған очеркист цехтарды аралап, жұмысшылармен жолығып, олардың
қызғылықты әңгімесін тыңдайды. «Қорғасын зауытында», «Алып зауыт ерлері
егіске аттанды», «Қиын емес, үйренеміз» очерктерінде қарапайым ауыл
адамдарының алып ӛндіріске бауыр басуын сенімді кӛрсетеді. Очерктер
жинағының екінші бӛлімі – Қарағанды жұмысшыларының ӛмірі. «Қарағанды»,
«Боранбайдың бірінші адымы», «Қайла қайралды», «Болат құстың кеудесінде»,
«Екінші күн», «Оқытушылар» атты очерктер Қарағанды ӛңірінің келешегі,
бүгінгісі, кенші қауымның қажыр-қайраты, мехнат ӛмірі оқушы кӛз алдына
келтіріледі. Б.Майлиннің бұл очерктерінің бір ерекшелігі – еңбек адамдарының
тағдыры
Қарағанды
ӛңірінің
ӛсіп-ӛркендеуімен
байланыстырыла,
сабақтастырылады. Б.Майлиннің Қостанай жерін аралағанда жазған очерктері
қазақ ауылдарындағы мәдениет, тұрмыс жаңалықтарынан хабардар етеді.
«Жетіқара», «Жайылма», «Еңбек бәсекесі», «Той» очерктері елдегі қарбалас
еңбек пен дүбірлі тұрмыс тіршілікті арқау еткен. Бұл очерктердің
қаһармандары ӛмірі, дәуірі, уақыт тынысымен тығыз байланыста алынған.
Сонымен қазақ очеркінің тағы бір ерекшелігі қоғам ӛмірінде болып
жатқан әралуан оқиғалар мен болмыс, ұғым, тіршілік, іс-әрекеттерді жинақтап
кӛркемдік шындыққа айналдырады. Дәуір тынысын терең барлаған әрбір
очеркист шындықтан ауытқымай, кейіпкерлерді де осы тараппен танытып,
шебер жетілдіріп отырса ғана ӛз мақсатын орындағаны.
Қорыта айтқанда қазақ очеркінің тілі мен стилі әр қаламгердің ӛзіне ғана
тән шығармашылық ерекшелігі екен. Стильдің де туу, есею, кемелдену
жолдары болады және әр очеркші қаламының ізінен жалпы дүниетанымы,
білімі, философиясы, ой-танымы, бағыт-бағдары кӛрініп тұрады. Қазақ
очеркистері ішінен Б.Майлиннің сергек юморын, М.Әуезовтің терең ойын,
С.Мұқановтың нақты фактіге негіздегіш шеберлігін, Ғ.Мүсіреповтің лиризмін,
Ғ.Мұстафиндегі қарапайым шындықты кӛре алушылықты байқай отырып стиль
бір күн, бір ай, бір жылда қалыптаспайтынына кӛз жеткіздік. Әр нәрсеге
жаттығу, машықтану, үйрену арқылы қол жеткізуге болады екен. Біз қазақ
очерктерінің түгел стильдік құпиясын аштық десек қателескен болар едік. Әр
сӛйлем, сӛзге, образ жасауға, ой салмағына, сюжет құрудағы зергерліктерге аз-
маз ғана тоқталдық деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А: Білік, 1999.
2. Виноградов В.В. О языке художественной литературы. М: 1959.
Лормин О.В. Художественный метод и стиль. М: 1964. Пуствойт. Слово, стиль,
образ. М: 1965. Соколов А.Н. Теория стиля. М: 1968. Чичерин А.В. Идея и
стиль. М: 1968.
3. Жұмалиев Қ. Стиль - ӛнер ерекшелігі. А: 1960. Стиль сыры. А: 1974.
Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А: 1970.
4. Әуезов М. Шығармалар. Он екінші том. А: Жазушы, 1969.
5. Қаратаев М. Стиль зерттеу принциптері. Стиль сыры. А: 1974.
6. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Жетінші том. А:
Жазушы, 1981.
7. Майлин Б. Ел сыры. А: Жазушы, 1994.
8. Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. Бесінші том. А:
Жазушы, 1984.
9. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Екінші том. А: Жазушы, 1980.
10. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. Он үшінші
том. А: Жазушы, 1978.
11. Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. Тӛртінші том. А: Жазушы,
1975.
12. Сланов Ғ. Замана шежіресі. А: Қазақстан, 1970.
В статье М.Б.Шиндалиевой «Вопросы языка и стиля в очерке»
рассмотрены такие компоненты как язык очеркиста, построение предложения,
манера, композиция прозведения, тенденций развития событий, жанровые
особенности и.т.д. Предпринята попытка доказать, посредством приведения
примеров, что индивидуальные особенности очеркиста видны из его личного
мнения, взглядов на жизнь, оценки происходящих вокруг событий и явлений.
Shindalieva M.В. «The Problems of the Language and Style in the Essay».
The author considers such components as the language of the essayist, the
construction of the sentence, the manner, the composition of the work, tendencies of
events development, genre peculiarities, etc. The author makes attempts to prove by
means of giving examples that individual peculiarities of the essayist are obvious
from his personal opinion, view and evaluation of events and phenomena taking
place.
Достарыңызбен бөлісу: |