Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Жалған жаңалықтың тарауы және манипуляциясы



Pdf көрінісі
бет101/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Жалған жаңалықтың тарауы және манипуляциясы
Қазақстанда әлеуметтік медиада COVID-19 пандемиясы туралы 
жаңалықтың қалай тарап, манипуляция жасалғаны және қаншалықты 
бұрмаланғанын анықтау мақсатында респонденттерге ақпаратты алған 
соң басқалармен бөлісер алдында осы ақпараттың қаншалықты рас 
екенін тексерген-тексермегені жөнінде сұрақ қойдық. Қатысушылардың 
басым бөлігі (с=181, 56,21%) ақпараттың рас-өтірігін тексеретінін айтқан, 
қалғандары көңіл бөлмеген немесе мүлде тексермеген. 
Ақпаратты мүлде бөліспегенін айтқан қатысушылардың 21, 77% (с=69) 
бөлігінен басқалары ақпаратты WhatsApp (29,91% (с=96), Instagram (с=53, 
16.51%) және TV (с=51, 15.89%) арқылы бөліскен. Facebook, Telegram, VK 
және уеб-сайттар сияқты басқа жаңа платформалар жаңалық бөлісуге 
азырақ қолданылған. Белгілі бір жаңа медиаплатформаның ақпаратты 
таратуға оңай қолданылуының себебі – интерфейсінің қолданушыға 
ұнамды болуы екені анықталған. Жоғарыда аталған ең жиі қолданылатын 
платформалар жаңалықты таратуға айтарлықтай қолданыла бермейтін 
және ыңғайсыз медиаплатформалардан кейін пайда болған, яғни оларға 
қарағанда жаңа. 
Ақпаратты алу мен бөлісуге жиі қолданылатын жаңа 
медиақосымшалардың жалған ақпаратты таратуда да жиі қолданылу 
ықтималдығы жоғарырақ. Мұны зерттеу нәтижесі растап отыр: 
респонденттердің 43,31% (с=136) жалған ақпаратты WhatsApp арқылы 
алғанын айтса, қалғандары басқа әлеуметтік медиа платформалары 
арқылы алған. Бұл платформалардың дос-жарандар мен туыстарды 
байланыстыру жолы дәстүрлі медиадан ерекше. Осы зерттеу жұмысы 
әлеуметтік желідегі хабарламаны жіберуші мен алушының таныс болуы 
пандемия кезінде жалған жаңалықтың жылдам тарауына түрткі болғанын 
көрсетіп отыр. Қатысушылардың 33, 02% (с=106) COVID-19 туралы 
ақпаратты бір аптаның ішінде көп рет алғанын айтқан. 
Ақпараттың ресми көздеріне сенім 
Адамдар жаңалықты әлеуметтік медиадағы жеке таныстарымен қатар, 
үкіметтің ресми әлеуметтік медиааккаунттары мен парақшаларынан 
да алған. Ақпаратты үкіметтің Facebook пен Instagram желілеріндегі 
денсаулық сақтауға қатысты ресми парақшаларынан жиі оқығандар саны 
(с=58, 18.01%) осы парақшалардағы ақпаратты сирек қарайтындардың 
санынан 47.83% (с=154) азырақ. Үкіметтің ресми парақшаларын 
оқитындардың 40,19% (с=129) ондағы ақпаратқа қанағаттанбағанын, 
бірақ сол парақшадағы ақпаратқа көңілі толғандар саны (с=136, 42,37%) 
көбірек екені анықталған. Бұл көрсеткіш ақпараттың нақты болуына қауіп 
төндіріп отыр, себебі халық ресми коммуникацияға сенбесе, халықтың 
санасын әлеуметтік медиадағы бейресми дереккөздердегі жалған ақпарат 


239
пен алып-қашпа әңгіме оңай билеп алуы мүмкін. 
Респонденттердің жартысынан азы (с=128, 40.00%) мемлекеттік 
медианың ақпаратына сүйенсе, көбі (с=165, 51.56%) мемлекеттік медиа 
мен жекеменшік медиадан қатар алуға қарсы емес. Сондықтан ақпаратты 
ресми дереккөздерден алып, оны әлеуметтік медиадағы ақпаратпен 
салыстыратындардың санының артуы қай мәлімет рас, қайсысы жалған 
екенін анықтауға үміттенгенін көрсетеді.
a
Халық пандемия басталғаннан бері COVID-19 вирусынан емделу мен 
алдын алудың медициналық ұйымдар растамаған тәсілдерін естіп 
келген. Дәстүрлі медицинаға сенімі туралы сұраққа жауап берген 
қатысушылардың 60,19% (192) бейтарап позицияны ұстанса, 24,14% (77) 
негатив позицияны ұстанып, дәстүрлі медицинаға сенбейтінін көрсеткен, 
қатысушылардың аз ғана бөлігі (с=50, 15,67%) «позитив» ұстанымда 
болған, яғни дәстүрлі медицинаға сенетінін және қолдайтынын айтқан. 
Жоғарыдағы нәтижелер мен дискуссияның бәрі өкілетті билік органы 
халықтың ақпаратқа зәрулігін дер кезінде өтемесе, халық ақпаратты кез 
келген жерден іздеп, әуре-сарсаңға түсетінін көрсетіп отыр. Осылайша 
халық апат, пандемия немесе соғыс кезінде, негізінінен, бұрмаланған 
ақпаратқа сеніп кетеді. Мұндай құбылмалы кезеңде әлеуметтік медиада 
ақпаратты бейресми бөлісетін адамдар шынайы жағдайды әртүрлі 
көрсетеді. Қазақстанда COVID-19 кезінде жаһандық және жергілікті 
өкілетті институттар вирустың тарауы жөніндегі ақпаратты сенімді 
түрде таратқанға дейін халық ақпаратты әлеуметтік медиадан алған. 
Бұл кезеңде халық ақпаратты бөлісуге, негізінен, мобайл телефондағы 
әлеуметтік медиа қосымшаларын пайдаланған. Ақпараттың нақтылығын 
тексергендер өте аз, көбі келіп түскен мәліметтің қаншалықты объектив 
немесе рас екеніне мән бермеген. 
Зерттеуші ғалымдар халықтың COVID-19 пандемиясы кезіндегі 
ақпарат іздеу құлшынысын бақылау арқылы не себепті әлеуметтік медиаға 
толық арқа сүйегенін түсіндіруге тырысқан. Теориялық негіз ретінде 


240
медиаға тәуелділік теориясын қолданып, мемлекеттік денсаулық сақтау 
қызметкерлері ұсынған ақпараттың сенімділігін коммуникацияның 
басқа балама арналарын қолдануымен қаншалықты байланысты екенін 
тексерген. Зерттеудің басты нәтижесі – мемлекеттік денсаулық сақтау 
саласындағы лауазымды тұлғалар ұсынған ақпаратқа деген сенімнің 
төмен болып, COVID-19 туралы ақпарат алуда әлеуметтік желі мен 
әлеуметтік медианың көбірек пайдаланылғаны байқалғаны. Осы зерттеу 
жұмысы медиаға тәуелділік теориясында айтылғандай, белгісіздік артқан 
сайын, халықтың ақпаратты көбірек талап ететінін, бірақ басты ақпарат 
көзінің сенімділігіне күмән туса болғаны, белгісіздікті сейілту үшін басқа 
коммуникация арналарына бет бұруға бейім болатынын көрсетіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет