246
келетін жайттармен байланысты біржақты болмақ. Жалпы айтқанда,
дереккөздердің барлығы астыртын әрекет теорияларын санаға бекіте
түсетін жайттарды таратуға үлес қосады (Papakyriakopoulos et al., 2020).
Telegram-да модерация мүлдем жоқ, қолданушы
ғана мазмұнға қатысты
шағым жасай алады. Алайда себептер тізімінде жалған ақпарат немесе
жалған хабарламаға шағым жасауға жеке категория берілмеген.
COVID-19 кезеңінде әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтар
феномені біршама кең таралды. Мұндай хабарлар қорқыныштан тууы
мүмкін және, әсіресе осал салаларды «айналдырып», салаға едәуір зиянын
тигізеді. Пандемия кезіндегі үрейлі тақырыптың бірі вирус, оның шығу
тегі және таралуы болды. Конспирологиялық теориялардың жартысынан
астамы осы тақырыпқа соқпай өтпейді. Дегенмен
осындай мазмұндағы
жағымсыз хабарлар осымен ғана шектеліп қалды деп айта алмаймыз.
Қазақстанда экономикалық тұрақтылық, сыбайлас жемқорлық, отбасы
құндылықтары және оның бұзылуы тақырыптары да конспирологияның
таралуына зор серпін берді.
Медицина саласы қай кезде де жалған ақпараттардың қайнаркөзі
болып келген. COVID-19 пандемиясы кезеңінде
медицина саласымен
байланысты жалған хабарлардың таралуы тым асқынып кетті. Оңай
емделу тәсілдерін сұраған және карантин қашан аяқталады деген сұрақ
арнаға тіркеліп, тұрақты оқырманға айналған, үрейге бой алдырған
пайдаланушылардың ең көп қойған сұрағы болған. Ал вирустың қолдан
жасалғаны туралы теория, оны ұшақтардан
шашу әрекеті туралы
қауесеттер барлық нәрсеге сене бермейтін және вирус пайда болмай
тұрғанға дейін-ақ астыртын әрекет теорияларына іштей сенетіндердің
өзін қызықтыра түскені анық.
Достарыңызбен бөлісу: