302
қорқып, кейбіреуі еліне қайтып жатыр. Бірақ көп жұрт ‘как грип, нечего
боятся’ деп жайбарақат жүр» (adebiportal.kz,2020b) деген сөзі де вирусты
қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктердің де қабылдай алмағанын
білдіреді. Әрине, әдебиетте көркем шындық деген бар. Асқар Алтай бұл
шығармаға тарақандар тіршілігін параллель алып отырады. Бас кейіпкер
стюардесса Қарлығаштың чемоданымен бір тарақан Қазақстанға келеді.
Қарлығаш COVID-19 вирусын адамдарға жұқтырса, тарақан осы вирусты
қазақстандық тарақандарға таратады. Алайда карантин уақытында
вирустың тарақандарға да жұғатыны, олардың
жаппай қырылып жатқаны
туралы бірде-бір дерек тіркелмеген. Сондықтан кейіпкерлер өмірімен
қоса алынып отырған бұл сюжеттік желіні автор қиялынан туған көркем
шындық қана деп бағаладық. Автор шығарманың соңында Қарлығаш пен
басқа кейіпкерлерге не болғанын айтып жатпайды. Бірақ тарақандарды
параллель желі етіп алғандықтан, оқиға соңындағы тарақан туралы
жазылған жолдар арқылы жағдайдың қалай өрбігенін болжаймыз.
«Тарақан да қандастарынан айырылып қалған тұлдыр жетімек»
(adebiportal.kz,2020c). Демек, мутант тарақан қаладағы барлық тарақанды
қырып тастардай қуатты вирус таратқан. Стюардесса Қарлығаш та
шетелден өз қаласына вирус алып келді.
Шығарма 2020 жылдың наурыз айында жазылған. Ресми түрде
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған науқас наурыз айының 13-і
күні тіркелгенін (www.coronavirus2020.kz ) ескерсек, новелла
жазылған
кезде автордың ауруға шалдыққан адаммен әлі кездеспегенін байқауға
болады.
Шығарманың идеясы – әйел ұлттың тұтқасы. Қыз баланың жүріс-
тұрысы, өзін-өзі ұстауы, ұлттық тәрбиені меңгеруі – тұтас бір ұлтты
індеттен сақтап қала алады. Ал бас кейіпкер Қарлығаштың танымы
басқаша. Ол – мутант. Ол стюардесса қызметі үшін сүйген жігітіне берген
сертін де бұзған. Мутант деп автордың Қарлығашты айтып отырғанын
қайдан білеміз. Қарлығаштың жігіті – Бауыр. Ол сұлу стюардессаны
«Путана болмасаң да, мутанткасың» (adebiportal.kz, 2020d) деп еркелетеді.
Демек, Қарлығаш қалаға вирус әкелмей тұрғанда- ақ мутант еді. Бұл
шығармада тіпті тарақандар да вирусты адамдардан жұқтырып алады.
«Вирус оған адамнан жұққан. Екіаяқтылар жеп, қоқысқа тастаған астан
жұқтырған» (adebiportal.kz, 2020f). Ал Асқар Алтай вирустың өзі жылан
мен жарқанаттан пайда болған деп есептейді. Оның ойынша, жылан
жарқанатты бітеу жұтады. Сөйтіп, өлі және тірі
жануардың арасында
COVID-19 вирусы пайда болады.
Асқар Алтай стилі қалыптасқан, оқырманы бар жазушы. Астарлап жазу
шеберлігін меңгерген жазушының көркем шындығына да оқырман сеніп
қалатын. Алайда COVID-19 вирусына қатысты жазған новелласындағы
астар – тарақанды қала тұрғындарымен қатар алуы сенімсіз шыққан. Бірақ
жазушыны ақтап аларлықтай себеп те бар: «Вирус-мутант» шығармасын
жазу кезінде автор бұл қауіпті індет туралы аз білген.
Прозаик Қанат Әбілқайыр әңгімесінің атын «Короновирус» деп атаған.
Шығарманың көркемдік поэтикасы солғын. Себебі – кейіпкердің аты
жоқ, жынысы беймәлім. Қызметі, жасы, портреті де белгісіз. Сондықтан
шығарманы көркем әңгіме деуге келмейді. Дегенмен прозаиктің бұл
шығармасын құнсыз дей алмаймыз.
Кейіпкер өмір сүретін кеңістік – Алматы қаласы. Өзіне қол жұмсаған
кейіпкердің денесін дәрігерлер туыстарына коронавирус жұқтырған деп
303
бермей қояды. «Мәйітханадан сүйегімді алуға туыстарым келді, әне!
Дәрігерлер ‘бұл кісінің қанынан коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Сүйекті әкете алмайсыздар’ деп еді, олардың іштей қуанғанын байқап
қалдым» ( malim.kz).
Кейіпкер қырық күн бойы үйден ешқайда шықпаған адам. Демек, оны
бір жерден вирус жұқтырды деу орынсыз. Шағын
шығарманың құндылығы
да осында. Автор «ауырмаған адамдарды да COVID-19 вирусын жұқтырды
деп тіркеген жағдайлар болды» деген ойын кейіпкерінің басындағы
жағдай арқылы жеткізді. «Бірақ қырық күн бойы үйде қамалып отырып,
іштегі жалғыздық дерті тағы қоздады. Бірақ бұл жолы оны арзан ойын,
арзан күлкімен басуға арым жібермеді» (malim.kz 2020а).
Жазушы Есболат Айдабосынның індет тақырыбында жазған
шығармасының формасы басқаша. «Қарға қырылған» деп аталатын
туынды он бір кеңістіктен тұрады. Автор кеңістікті геотитр деп беріпті.
Әңгімеде вируспен ауырған адамның ахуалы беріледі. «Қара терге түсіпті.
Кеудесі сыр-сыр етіп алқына дем алды» (qazaqadebieti.kz 2020). Демек,
бұл шығарма арқылы COVID-19 вирусына шалдыққан адамның қызуы
көтерілетінін, басы ауыратынын, буын-буыны сырқырап, қара терге
түсетінін, сандырақтайтынын, қорқынышты түс көретінін білуге болады.
Бұған дейінгі талдаған шығармаларымызда
мұндай нақты ақпарат
кезікпеген.
Бұл әңгімеде де басты кейіпкердің аты-жөні жоқ. Атсыз кейіпкер
ауруды Малайзиядан Қазақстанға алып келеді. Ол вирусты абайсызда,
ұшақта жұқтырып алмайды. Көңілдесіне опасыздық жасап, демалыс
кезінде танысқан түрік жігітінен жұқтырады. Кейін елге келіп
көңілдесіне жұқтырады. Көңілдесінен қарт әкесіне жұғады. Әйел кейіпкер
«санитарлық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін,
өзімен байланыста болған адамдардың атын атаудан бас тартқаны үшін»
сот процесіне қатысып, екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл төлейді.
Қазақ мифінде қарға – ажалдың символы, өлексеге үйір құс. Жазушы
өз шығармасында сол бір культті ескеріп отырады. Сонымен қатар жалғыз
өскен ағашқа да қазақ құрмет танытады. Әулиеағаш деп
ат қойып, оған ақ
мата байлап кетеді. Міне, сондай әулие ағашқа қарғалар қонып отырады.
Қасындағы қабірстанның «тұрғындары» күн сайын көбейе түседі.
Коронавирустан қайтыс болған адамдардың қабіріне у дәрі себіледі. Мәйіт
жатқан төмпешіктерге қонған қарғалар қырыла бастайды. Жалғыз ағаш та
солып, қурап кетеді.
Есболат Айдабосын адамзатқа келген қатердің жер шарындағы өзге
тіршілік иесіне де қатысы бар екенін осы бір сюжет арқылы жеткізеді.
Оқиғада қарт кісі көз жұмады. Қарияның ұлы мен оның көңілдесі
сырқаттан жазылып шығады.
Қуандық Түменбайдың «Екі этюд» шығармасында вируспен ауырып,
жаны қиналған кейіпкерді кездестірмейміз. Есесіне, карантинге жабылған
қала мен тұрғындардың хал-жайы ашып көрсетілген. Бұл шығармада
этика мәселесі көтерілген. Расымен, карантин және оның этикасы – үлкен
тақырып. Індет кезінде сақшылар өзін қалай ұстады? Тұрғындар сақшы
ескертпесіне бағынды ма? Ал полицейлер азаматтармен мәдениетті
сөйлесе алды ма? Міне, осы сұрақтарға автор жауап іздеген. «Жабық қала
дейміз де, шетелден ұшақ қондырамыз. Олар
сөз өтпестердің перзенттері
екен. Сосын індет жұқты деп жар саламыз» (qazaqadebieti.kz 2020).
304
Шығармада карантин кезіндегі мемлекеттік тіл мәселесі де көтерілген.
Бұл шығарма да вирус өршімеген, карантин шаралары енді басталған
кезде жазылған. Аты айтып тұрғандай, шығарма екі этюдттан тұрады.
Бірі –«тұмылдырық» таққан сазгер, ал екіншісі – «Тағы бір ‘қанден ерткен
келіншек’» деп аталады. «Қанден ерткен келіншек» деген атауды автор
Чеховтан алғанын мойындайды. Сол үшін атаудың алдына «Тағы бір»
деген тіркес қосқан. Карантин кезінде Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне
беймәлім адамдар бетперде тағып кетіпті. Автор бұл оқиғаны этикаға жат
деп есептейді. Саябаққа өзі барып масканы алып тастай алмайды. Себебі
ол жерге кіруге рұқсат жоқ. Осылайша Қуандық Түменбай адамзаттың
құндылықтарға көзқарасы өзгеріп жатыр деген идеяны жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: