Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет85/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Әдістеме
Зерттеу нысаны ретінде үш республикалық телеарнаның жаңалықтар 
бағдарламаларын алдық. Жаңалықтар бағдарламасы жұмыс күндері кешкі 
прайм-тайм деген дәстүрлі ұғыммен айтқанда, әдетте эфирге көпшілік 
теледидарға көп көңіл бөлетін 19:00–22:00 уақыт аралығында шығатын 
еді. Бастапқыда «КТК» мен «Еуразия» Бірінші арнасының» ғана контентін 


202
талдау жоспарланған. TNS Kantar деректеріне сенсек, осы аталған екі 
телеарнаның жаңалықтар бағдарламасы Қазақстан телевизиясында 
рейтингі ең жоғары бағдарламалар қатарында болған (Королева, 2020).
Екі телеарна да жекеменшік. Бұлардан басқа, зерттеу барысында «Хабар 
агенттігі» мемлекеттік медиахолдингі құрамына кіретін және іс жүзінде 
телеспектрдің қарсы бетінде орналасқан, тәулік бойы жұмыс істейтін 
«Хабар 24» телеарнасының кешкі жаңалықтарына да талдау жасалды. 
Осылайша аталған телеарналарды рейтингіне ғана емес, сондай-
ақ жекеменшік және мемлекеттік арналардың дезинформацияның 
таралуына қарсы тұру әлеуетіне қарап салыстырып көру үшін де таңдап 
алдық. 
Жұмыс барысында Қазақстан аумағында ресми түрде карантин 
жарияланған кезеңде, яғни 2020 жылғы 19 наурыз бен 17 тамыз 


203
аралығында зерттеуге таңдап алынған телеарналардың эфиріне 
шыққан сарапшылардың 339 рет шығып сөйлеген сөзіне сапалы 
контент-анализ жасалды. Әрбір телекомментарий туралы ақпарат 
арнаулы кестеге енгізіліп, оның шыққан күні, гиперсілтемесі, маман 
сөз сөйлей бастағандағы таймкод, сарапшының аты-жөні, оны эфирде 
қалай таныстырғаны мен айтқан сөзінің қысқаша мазмұны көрсетілді. 
Содан кейін сарапшылар түсініктемесі (комментарий) 14 тақырыпқа 
топтастырылды: «Инфодемия», «Экономика/Әл-ауқат», «Дәріханалар/
Дәрі-дәрмек», «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Психология/Денсаулық», 
«Құқықтық тәртіп/Адам құқығы», «Туризм», «Экология», «Жұмыспен 
қамту», «COVID-19 вакцинасы», «COVID-19-дың екінші толқыны», 
«Саясат/Мемлекеттік басқару», «Елбасы сөзіне реакция». «Инфодемия» 
деген шартты атау берілген топқа қоғамда тараған коронавирус туралы 
мифтерді жоққа шығаратын не растайтын сарапшылардың пікірлері 
жинақталған.
Зерттеудің қорытынды кезеңінде сарапшылар түсініктемесінде 
белгіленген тақырыптардың сөз болғанының салыстырмалы үлестері 
есептеліп, «Инфодемия» деген тақырыптық топқа біріктірілген сөздердің 
мазмұнына жан-жақты талдау жасалды. Бұл талдау теледидар экранында 
сөз сөйлеп, пікір білдірген сарапшылардың коронавирус туралы жалған 
мәліметтің таралуына қарсы тұрудағы шынайы әлеуетін анықтау үшін 
жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет