Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет86/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Нәтижелер
КТК телеарнасы
Талдауға алынған кезеңде КТК телеарнасының эфирінде 122 спикер сөз 
сөйлеген, оларды ақпарат дирекциясы тиісті саланың білікті мамандары 
(эксперттер) деп таныстырған. Олар көбіне инфодемия проблемасы 
(33,6%), қазақстандықтардың экономикалық жағдайының нашарлап бара 
жатқаны (24,6%) және карантин талаптарын сақтаудың психологиялық 
аспектілері (8,2%) туралы тақырыптарды қозғаған.
Осы жоба аясында зерттеу нысаны ретінде алынған арналардың ішінде 
КТК телеарнасында ғана эфирге шыққан сарапшылар коронавирус туралы 
көрінеу жалған ақпараттың қаптап кеткені жөнінде белсенді пікір айтып, 
түсінік берген. Вирус жұқтырған алғашқы қазақстандықтар тіркелгеннен 
кейін көп ұзамай арна редакторлары кешкі жаңалықтарда «Вирусная 
рассылка» («Вирус жөнінде хабар тарату») атты жаңа айдар ашты. Осы 
орайда 30 наурыз күні шыққан жаңалықтар бағдарламасының дикторы 
Светлана Булатова: «Бұл дерт туралы мифтер күн санап артып келеді. 
Біз солардың негізгілерін теріске шығарамыз», – деген (Мендыбаева, 
2020). Содан бергі бірнеше ай ішінде КТК эфиріне шыққан тәуелсіз 
сарапшылар зімбір, жоғары температура, темекінің түтіні, алкоголь, баста 
шаштың болмағаны, әлдебір вирусқа қарсы препараттар коронавирустан 
сақтануға көмектеседі немесе белгілі бір қан тобындағы адамдарға вирус 
жұқпайды деген мифтерді жоққа шығарып үлгерді. Бұған қоса, мамандар 
«Бактерияларға қарсы сабын ерекше тиімді құрал ма?»; «Бетперде тағып 
жүрудің қауіпті-қауіпсіз екені»; «Кондиционердің қаупі және жерлеу 
рәсіміне қатысқанда вирус жұқтыру қаупі»; «Вирустың әртүрлі зат бетінде 
сақталуы»; «Екі жасқа толмаған балаларға бетперде тағу керек пе?»; 
«Коронавирус дертіне шалдыққандар саны туралы ресми статистикалық 


204
деректерде қате мәліметтің болуы» сияқты сұрақтарға да қатысты нақты 
түсініктеме берген. 
Инфодемия туралы сюжеттерді әзірлеген журналистер көбіне 
Дмитрий Еделев деген сарапшының пікіріне (барлық 41 түсініктеменің 
8-і) жүгінген. Әуелде бұл спикерді «Здоровье нации» («Ұлт саулығы») 
атты ұлттық жобаның президенті деп, кейін жай ғана медицина 
ғылымдарының докторы деп таныстыратын болды. Еделев мырза – Ресей 
Федерациясының азаматы, Мәскеудегі медициналық орталықтардың 
бірінің жетекшісі. 
Вирустық сипаттағы хабар тарату жайлы тағы бес сюжетте отандық 
эпидемиолог ғалым Сәкен Әміреев қалыптасқан жағдайға байланысты 
пікір айтқан. Бұл маман академиялық ортада танымал, оны «Қазақстандағы 
эпидемиология мектебінің негізін қалаушы» деп санайды (Kaznmu, 
2020). Сондай-ақ журналистер Перуза Арықова, Динагүл Баешева, 
Ләззат Ералиева сынды инфекционистер мен медицина ғылымдарының 
кандидаты Рафаил Қыпшақбаевтың пікірін келтіріп, дәйексөз берген.
Айта кетер жайт, КТК телеарнасының эфирінде сөз сөйлеген 
сарапшылардың конспирологиялық теорияларға сілтеп, расталмаған 
деректер келтірген кезі көп болмады. Мысалы, 8 мамырда шыққан 
сюжеттердің бірінде ОСА қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан 
Лазутаның коронавирус туралы: «Бір топ адам қас пиғылмен астыртын 
сөз байласқан. Олар Жерді «бір тазартып» алуға бел байлағанға ұқсайды», 
– деп айтқан сөздері келтірілген (Криштоп, 2020). Басқа бір сюжетте 
жоғарыда аталған Еделев мырза далада бетперде тағып жүрудің қауіпті 
екенін жеткізуге тырысқан: бұл адамның тыныс алуына кедергі келтіріп, 
өкпеде инфекциялық аурудың пайда болуына әкеп соғады-мыс (Поляница, 
2020). Шын мәнінде, дәл осындай жағдай болмас үшін ДДСҰ бетпердені 
дене шынықтыру жаттығуларын жасаған кезде ғана тақпауға кеңес береді 
(WHO, 2020c).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет