Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК



Pdf көрінісі
бет95/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165
COVID-19 КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК 
МЕДИАНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНА ШОЛУ
Айнұр Сләмғажы
Кіріспе
2019 жылы әлемде коронавирустың жаңа түрі (2019-сCoV) немесе бүгінде 
COVID-19 атанған вирус тарап, миллиондаған адам бұл дүниемен 
қоштасты. Аса қауіпті вирусты әлемде 170 миллионнан астам адам 
жұқтырса (маусым, 2021), Қазақстанда 400 мыңнан астам адам жұқтырған.
Коронавирус дағдарысы кезінде халық карантин мен вирус 
локдаунында уақыт өткізу үшін және COVID-19 туралы жаңалықты біліп 
отыру үшін көп уақытын онлайн өткізді. Пандемия кезеңінде халық 
вирустың жұғу жолдары, симптомы мен алдын алу тәсілдері жөнінде дер 
кезінде және нақты ақпарат алуға тырысты.
Бүгінде интернет заманындағы жылдам хабар алмасудың ең қысқа 
жолы – әлеуметтік медиа. Халық денсаулық сақтау саласына қатысты 
ақпаратты іздеуде, бөлісу мен таратуда әлеуметтік медианы қолданған. 
Әлеуметтік медиа сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты 
медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау басқармалары айтпаған 
мәліметті анықтаудың маңызды бейресми мәлімет көзі бола білді
сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелер 
жөніндегі пікірді жариялау мен таратудың құралы бола білді (Charles-
Smith et al., 2000).
Брукс пен оның әріптестерінің пікірінше (2000), әлеуметтік медиа 
платформалары бұған дейін осы платформаны қолданып көрмегендердің 
де дос-жарандарымен және отбасымен байланыс құралы болған. 
Әлеуметтік медиа платформалары оқшаулану мен зерігуден туатын 
үрей мен ұзақмерзімді дистресс әсерін басатынына назар аударып, 
оқшауланудың психологиялық салдарын азайту үшін, әлеуметтік медианы 
қолдануды ұсынған.
Алайда коммуникацияның бұл құралы қорқыту тактикасын, 
дискриминация, конспирация теорияларын алып-қашпа әңгімені де 
таратады, сондықтан адам өміріне аса қауіпті тосын әрекетке итермелеуі 
мүмкін. Жалған ақпарат халықты шатастырып, қорқытып, пандемия 
кезінде халықтың іс-қимылын тежейді.
Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурызда COVID-19 вирусы алғаш 
тіркелген сәттен кейін әлеуметтік медиада тараған орынсыз ақпарат пен 
жалған жаңалықтар індеттің диагностикасы, дәрі-дәрмегі мен анықтама 
қызметіне жүгіну керек мәселелерде орынсыз дүрбелең тудырды. 
Қазақстан басқа елдерден үлгі алып, дағдарысты өз күшімен реттеуге 
қолдан келгенше тырысты. 2020 жылғы 16 наурызда елде төтенше жағдай 


232
жарияланып, 2020 жылғы 19 наурызда Алматы қаласында толық карантин 
енгізілді. 28 наурызда санитарлық нормалардың талабы күшейіп, 
тұрғындар үйден азық-түлік дүкені мен жұмысқа бару үшін ғана шыға 
алатын болды (Kerimray et al, 2020). 
Бұл зерттеу жұмысы әлеуметтік медиада жалған жаңалықтың 
тарауының себептеріне және оның COVID-19 пандемиясы кезінде 
халыққа қаншалықты әсер еткеніне объектив көзқарасты ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет