Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет94/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   165
Қорытынды
Бұл зерттеу ақпараттық мақалаларды талдап, оларда жалған мәліметтердің 
бар-жоғын анықтау мақсатын көздеген. Зерттеу нәтижесінде жалған 
ақпарат бар 1 844 мақала анықталды, барлығы 4 712 мақала талданды. 
Анықталған 1 844 мақаланың барлығы ішінара жалған болып шықты, яғни 
оларда бұрмаланған не қайшы деректер келтірілген. 
Зерттеу сұрақтарына жауап бере отырып, кез келген әлемдік 
дағдарыс пен дезинформация қатар жүреді деген қорытынды жасауға 
болады. Дағдарыстың ауқымына қарамастан, фейк жаңалықтар, қауесет, 
мисинформация т.с.с. қай кезде де болады, тіпті кейде жалған ақпарат 
дағдарысқа себеп болған оқиғадан бұрын тарап жатады. Сондықтан 
коронавирус пандемиясын инфодемияның өрістеуіне жеткізген 
дағдарыстар қатарына қосуға болады. Зерттеудің екінші сұрағына келетін 
болсақ, біз елдегі ақпараттық веб-порталдарда жалған ақпараттың көп 
болуының мынадай негізгі себептерін айқындадық:


225
- үлкен аудитория жинауға ұмтылған, табыс қуған ақпарат құралдары 
редакцияларының өз ісіне салғырт қарауы, жауапкершілік 
танытпауы; 
- қаперсіз жұртқа сапасы мен түпкі мақсаты күмәнді өнім сату үшін 
жасалған психологиялық манипуляция;
- сақтық шаралары төңірегіндегі медициналық дискурстағы 
қайшылықтар, «әркім өз бетінше пікір түйеді» деген қағиданың 
үстемдік құруы;
- адамның көңіліне секем түсіру, саяси мақсаттарды көздеп, елде 
нәсілшілдіктің белең алуына, одан әрі манипуляция жасауға жол 
ашу;
- жұрттың коронавирустан қауіптенуін өз пайдасына асырған 
тараптардың компьютерлік вирус таратуы, жеке деректерді ұрлауы, 
киберқылмысқа жол беруі т.б.
Коронавирус туралы онлайн дезинформация мен мисинформация барабар 
ұғымдар емес, алғашқысы – жалған не жаңылыстыратын ақпаратты 
қасақана тарату, ал екіншісі – ақпаратты жалған екенін білмей тарату, 
соған қарамастан бұл екеуі де халықтың денсаулығына қауіпті. Жалған 
ақпарат жариялаған жаңалық платформалары, басқа да факторлармен 
қатар қоғамдық денсаулық сақтау саласында тиісті шаралар қабылдауды 
күрделендірген, жұртты адастырып, пандемия кезінде адам шығынына 
себепші болған ақпараттық ортаның қалыптасуына үлес қосты.
Мерзімнен бұрын жасалған пайым болса да, вирус жөніндегі ақпаратқа 
сұраныстың күннен-күнге артып келе жатқанын, осындай жағдайда 
ақпарат сапасының нашарлайтынын ескере келе, БАҚ-тағы коронавирус 
туралы мисинформация мен дезинформацияның да өзгеріске 
ұшырайтынын, бұрынғыдан нашар болатынын атап өткенді жөн көрдік. 
Сенімді жергілікті медиа экожүйе қалыптаспаса, веб-платформалардың 
мисинформация мен дезинформацияға ойдағыдай қарсы тұруы екіталай. 
Дезинформация мен мисинформация етек алған онлайн ортаның 
қалыптасуына үлес қосатын құрылымдық факторларды жою үшін 
ұзақмерзімді реттеу шараларын іске асыру қажет. Қазақстанда жаңалық 
тарататын интернет-платформалар өз қызметімен байланысты зиянды 
барынша азайту бағытындағы жұмыстарды қолға алуға тиіс, осы орайда, 
ең алдымен, коронавирусқа қатысты тез таралып жатқан дезинформация 
мен мисинформацияға назар аудару керек.
Ақпараттық мақалалар жариялайтын платформалар коронавирус 
туралы жалған ақпарат пен алыпқашпа сөздің таралуына қарсы нақты 
іс-қимылға көшіп, веб-сайттарының жұмысына құрылымдық өзгерістер 
енгізуі тиіс. Бұған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де мүдделі болу 
керек, өйткені халықты сауықтыру, емдеу шаралары жөнінде жалған, 
денсаулыққа зиян келтіруі, тіпті адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін 
ақпараттың таралуына шек қою қажет. Бұған қол жеткізу үшін контент 
пен мақала мазмұнын жасайтын фондық алгоритмдерді түбегейлі өзгерту 
керек. Бұдан былай журналистер адам денсаулығына қатысты жалған, 
оқырманды күйзеліске түсіретін, оның денсаулығына нұқсан келтіре 
алатын ақыл-кеңестерді жарияламауға тиіс, оқырманды қандай да бір 
әрекетке шақырудан аулақ болуы тиіс. 
Зерттеудің үшінші сұрағы мынадай еді: дезинформациямен қалай 
күресуге болады? Бұл сұраққа БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі 


226
басқармасына (БҰҰ ЕҚБ) қарасты киберқылмыс пен ақшаның ізін 
жасыру мәселесімен айналысатын бөлімшенің басшысы Нил Уолш 
жауап берген. Оның айтуынша, ең сенімді дереккөздер – Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы, сондықтан 
коронавирус туралы деректерді солардың сайтынан алған дұрыс (www.
un.org, 2020). Коронавирустың салдарынан туған дағдарыс кезінде 
жалған ақпаратты азайту мақсатында жаңалықтар тарататын веб-
порталдарға және қатардағы оқырмандарға желідегі дезинформация 
мен мисинформацияға қарсы тұру жолдары жөнінде нақты ұсыныстар 
әзірледік. Олар төмендегідей:
1. Мақала жазу үшін пайдаланған дереккөздерді мұқият тексеру, 
оларды ресми деректермен салыстыру, сенсация қумай, уақытты 
фактілерді тексеруге жұмсау;
2. Күмәнді мәліметтерді тауып, белгілеп қоятын арнаулы қосымшалар 
көмегімен фактілердің нақты екенін тексеру. Мақала тақырыбына 
мән бермей, жаңалық мәтінін соңына дейін оқып шығыңыз. 
Оқығаныңыз күдік тудырса, сол деректің рас-өтірігін тексеретін 
сайттарға жүгініңіз. Қазақстандық БАҚ-тағы жалған ақпаратты 
анықтауға маманданған www.stopfake.kz және www.factcheck.kz 
деген арнаулы сайттар бар. 
3. Коронавирус туралы контентке баса назар аудару керек. Жарияланған 
ақпараттың эмоциялық реңкі жоғары болса, онда бір ғана тараптың 
көзқарасы туралы айтылған болса немесе ақпарат мазаңызды 
кетіріп, қатты күйзелтсе – дезинформацияға тап болғаныңыз. 
Жаңылыс басылған сөздер не емле қателері бар, спикерлердің 
аты-жөні дұрыс жазылмаған тыныс белгілері дұрыс қойылмаған 
материалдарды көрсеңіз де күдікті екенін бағамдаңыз.
4. Жалған ақпарат таратпау. Көп жағдайда оқырмандар жалған 
ақпаратты фейк екенін аңғармай, достарына, отбасы мүшелеріне 
жеткізеді. Осылайша дезинформаторлар ықпалына түскен адамдар 
санын арттырады. Сол себепті жаңалықты айтпай тұрып, оның 
нақты екеніне көз жеткізіңіз.
5. Веб-порталдар оқырманға сапалы ақпарат беру керек. Ақпараттық 
мақалалар жариялайтын платформалар коронавирус жөніндегі 
хабарлардың сенімді болуын, ондағы фактілердің алдын ала 
тексеруден өткенін қамтамасыз етуге тиіс.
Жаңалық порталдарында мисинформация көп пе, әлде дезинформация 
көп пе деген соңғы сұраққа берер жауабымыз: қазақстандық веб-порталдар 
дереккөздерді дұрыс тексермейтіндіктен, көбіне мисинформация 
қатарын арттырып ажатады. Зерттеу нәтижесінде байқалғандай, ресейлік 
дереккөздер үнемі сенімді бола бермейді деген қорытынды жасауға да 
негіз бар. Дереккөздерді жиі тексеріп, мүмкіндігінше, шетелдік деректерге 
сілтеме жасаған абзал.
Жұмыс ауқымды болғандықтан, сондай-ақ көп мақаланың 
қайталанғанын, сол қалпында өзге дереккөздерде бірнеше қайтара 
жарияланғанын ескеріп, COVID-19 дискурсына қатысты мақалалар 
санына айтарлықтай шектеу қоюға тура келді. Сонымен қатар бұл 
зерттеуде дезинформация немесе мисинформацияның нақты қай ақпарат 
құралының редакциясында болғаны көрсетілген. Себебі бұл жоба елдегі 
ақпараттық порталдардың жұмыс сапасын (ақпарат сапасын) жақсарту, 


227
бұған қоса біздің аудиторияға пандемия кезінде дезинформация 
Қазақстанда да таралғанын жеткізу мақсатын көздейді. Біз осы жұмысты 
жазу барысында арнаулы әдебиеттерді, соның ішінде әлемдік дағдарыстар 
кезіндегі дезинформация туралы ғылыми мақалаларды, журналистика 
саласындағы оқулықтар мен көмекші құралдарды зерделеп, жалған 
мақалаларды анықтау критерийлерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігін 
қарастырдық, сондай-ақ фейктердің таралуына жол бермеу жөнінде 
ұсыныстар жинадық.
Бұл мақалада жалған ақпаратқа қарсы күресудің бір ғана әдісі 
айқындалған, мақсат соны таныстырып, қолдануға үйрету. Осы зерттеуде 
айқындалғандай, ақпараттың өзін егжей-тегжей тексеріп, дереккөздерді 
талдау – инфодемиямен күресудің бір жолы. Алайда басқа да әдіс-
амалдар көп. Мәселен, Гаагада инфодемияға қарсы тұрудың мүлде жаңа 
тәсілін ойлап тапқан екен (www.сurrenttime.tv, 2017). ДРОГ («DROG») 
деген сайт бар, онда фейк жаңалықтар құрастырылып таратылады, содан 
кейін оларды оқыған адамға алданғанын айтады. Алдау/үйрету әдісі 
арқылы оқырманға көрінеу жалған хабар ұсынып, кейін оқығанының бәрі 
жалған екенін айтып, дезинформацияны қайдан және қалай анықтауға 
болғанын түсіндіреді. Бұл тәсілдің негізгі ерекшелігі – аталған сайт 
пайдаланушыларына жалған ақпарат оқуға ғана емес, сондай ақпаратты 
өз бетімен қолдан жасауға да мүмкіндік береді. Мұндай әдіс Нидерландта 
ғана сұранысқа ие екен, статистикалық деректерге сенсек, оқытудың 
осындай әдісі көпке жақпайтын сынды. Пайдаланушылардың көбі 
алданғанын білген бойда сайттан біржола шығып кетеді, ал өздерінің қай 
жерде алданғанын білуге құмар азаматтар сайтта қалып, өз қолымен фейк 
жаңалық жасап көруге қызығушылық танытады. Үйрену үшін істеп көру 
керек деген – осы. Жалған хабарды анықтау, талдау, сыни ойлау амалдарын 
меңгерген оқырман болашақ ақпараттық кеңістікте «дезинформация 
құрбаны» деген атаққа қалудан сақтанады. Дезинформациямен 
күресуге арналған бұл жүйе әлемнің басқа түкпірлерінде де қолданыла 
бастаса, ғажап емес. Осыған орай БАҚ пен әлеуметтік желілерде фейк 
жаңалықтардың жариялануы проблемасына көңіл бөлген зерттеушілер 
саны артып келеді. Бір қуантарлығы, дезинформациямен күресуге 
арналған жетік технологиялары мен институттары бар, азаматтарының 
техникалық сауаты жоғары елдердің фейк жаңалықтарды бақылауға 
алуға, дезинформацияның құрбанына айналмауға мүмкіндіктері бар. 
Сондықтан бұл мақала Қазақстанның медиасауаттың жаңа деңгейіне 
көтерілуіне көмектеседі.


228
Пайдаланылған әдебиеттер
1. BBC.com (20 апр. 2020). «Чеснок, коровья моча и другие мифы о лечении 
Covid-19». BBC NEWS: Русская сводка. Сілтемесі: https://www.bbc.com/russian/
media-52355574. Қараған күні: 28 қырк. 2020.
2. BBC.com (4 May 2020a). «Coronavirus: The seven types of people who start and 
spread viral misinformation». BBC NEWS. Сілтемесі: https://www.bbc.com/news/
blogs-trending-52474347. Қараған күні: 4 қаз. 2020.
3. Brennen, Simon, Howard, Nielsen (2020). «Types, sources, and claims of COVID-19 
misinformation». Reuters Inst, 7. 
4. Currenttime.tv (2017). «Этот сайт начал публиковать фейки, и вот что 
произошло с его статистикой». Настоящее время. Сілтемесі: https://www. 
/a/28442906.html. Қараған күні: 29 қырк. 2020.
5. Idelreal.org (2017). Idel.Реалии. «Как распознать фейк?» Сілтемесі: https://www.
idelreal.org/a/28255004.html. Қараған күні: 12 қаз. 2020. Manning, Romerstein 
(2004). «Historical Dictionary of American Propaganda». Greenwood.
6. Inform.kz (2020). «Зафиксирован первый случай смерти из-за пневмонии в 
Китае». KAZINFORM Международное информационное агентство. Сілтемесі: 
https://www.inform.kz/ru/zafiksirovan-pervyy-sluchay-smerti-iz-za-pnevmonii-v-
kitae_a3602673. Қараған күні: 4 қаз. 2020. 
7. Md Saiful Islam, Tonmoy Sarkar, Sazzad Hossain Khan, Abu-Hena Mostofa Kamal, 
S. M. Murshid Hasan, Alamgir Kabir, Dalia Yeasmin, Mohammad Ariful Islam, Kamal 
Ibne Amin Chowdhury, Kazi Selim Anwar, Abrar Ahmad Chughtai, Holly Seale 
(2020). «COVID-19–Related Infodemic and Its Impact on Public Health: A Global 
Social Media Analysis». The American Journal of Tropical Medicine and Hygiene. 
Volume 103, Issue 4, p. 1621 - 1629. Сілтемесі: http://www.ajtmh.org/content/
journals/10.4269/ajtmh.20-0812;jsessionid=-ETrfB53Hw7IIHnlp2BbSu4i.ip-10-241-
1-122 Қараған күні: 15 қаз. 2020.
8. News.un.org (2020). «UN chief outlines solutions to defeat ‘four horsemen’ 
threatening our global future». Peace and Security. Сілтемесі: https://news.un.org/
en/story/2020/01/1055791. Қараған күні: 28 қырк. 2020.
9. NUR.KZ (2020). «Казахстанка заявила, что знает, как вылечить коронавирус». 
НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1838180-kazahstanka-zaavila-cto-znaet-
kak-vylecit-koronavirus.html. Қараған күні: 9 қаз. 2020. 
10. NUR.KZ (2020a). «Вспышка пневмонии в Китае: Минздрав обратился к 
казахстанцам». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1834897-vspyska-
pnevmonii-v-kitae-minzdrav-obratilsa-k-kazahstancam.html. Қараған күні: 30 
қырк. 2020. 
11. NUR.KZ (2020b). «Вспышка пневмонии в Китае: зафиксирован первый случай 
смерти». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1835673-vspyska-pnevmonii-v-
kitae-zafiksirovan-pervyj-slucaj-smerti.html. Қараған күні: 4 қаз. 2020. 
12. NUR.KZ (2020c). «Казахстанец рассказал, что может убить новый вирус из 
Китая». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1835524-kazahstanec-rasskazal-
cto-mozet-ubit-novyj-virus-iz-kitaa.html. Қараған күні: 11 қаз. 2020. 
13. NUR.KZ (2020d). «Астанчан призвали не паниковать из-за коронавируса». 
НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1838222-astancan-prizvali-ne-panikovat-
iz-za-koronavirusa.html. Қараған күні: 13 қаз. 2020. 
14. NUR.KZ (2020e). «В аптеках Алматы не хватает масок, защищающих от 
коронавируса». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1837944-v-almaty-ne-
hvataet-masok-zasisausih-ot-koronovirusa.html. Қараған күні: 14 қаз. 2020. 


229
15. NUR.KZ (2020f). «Казахстанцев с ОРВИ средней и тяжелой формы проверят на 
коронавирус». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1848701-kazahstancev-s-
orvi-srednej-i-tazeloj-formy-proverat-na-koronavirus.html. Қараған күні: 12 қаз. 
2020.
16. NUR.KZ (2020g). «Новую версию происхождения коронавируса выдвинули 
в Китае». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1858248-novuu-versiu-
proishozdenia-koronavirusa-vydvinuli-v-kitae.html. Қараған күні: 11 қаз. 2020. 
17. NUR.KZ (2020h). «Способность распространения усиливается: китайские 
власти о вирусе-убийце». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1837882-
sposobnost-rasprostranenia-usilivaetsa-kitajskie-vlasti-o-viruse-ubijce.html?utm_
source=clipboard. Қараған күні: 10 қаз. 2020
18. NUR.KZ (2020i). «Новым китайским вирусом могли заразиться сотни людей». 
НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1836773-novym-kitajskim-virusom-
mogli-zarazitsa-sotni-ludej.html. Қараған күні: 14 қаз. 2020. 
19. NUR.KZ (2020j). «Опасен ли для Казахстана коронавирус из Китая» НУРФИН. 
Сілтемесі: https://www.nur.kz/1837470-opasen-li-dla-kazahstana-koronavirus-iz-
kitaa-rasskazal-beksin.html. Қараған күні: 14 қаз. 2020. 
20. NUR.KZ (2020k). «Жители пораженного смертельным вирусом Уханя начали 
драться за еду (видео)». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1837554-
ziteli-porazennogo-smertelnym-virusom-uhana-nacali-dratsa-za-edu-video.html. 
Қараған күні: 14 қаз. 2020. 
21. NUR.KZ (2020l). «Режим «военного времени» ввели в Тяньцзине из-за вируса-
убийцы». НУРФИН. Сілтемесі: https://www.nur.kz/1838183-rezim-voennogo-
vremeni-vveli-v-tanczine-iz-za-virusa-ubijcy.html. Қараған күні: 14 қаз. 2020. 
22. Russonello (13 March 2020). «Afraid of coronavirus? That might say something 
about your politics». The New York Times. Сілтемесі:https://www.nytimes.
com/2020/03/13/us/politics/coronavirus-trump-polling.html. Қараған күні: 9 қаз. 
2020.
23. Scheufele, Krause (2019). «Science audiences, misinformation, and fake news». Proc 
Natl Acad Sci, 116 (16). 7662-7669.
24. Svoboda.org (2020). РадиоСвобода. «ЕС заподозрил российские СМИ в 
распространении дезинформации о коронавирусе». Новости. Сілтемесі: https://
www.svoboda.org/a/30494937.html. Қараған күні: 5 қаз. 2020.
25. Tengrinews.kz (2020). «Вспышка пневмонии в Китае: зафиксирован первый 
случай смерти». Сілтемесі: https://tengrinews.kz/world_news/vspyishka-
pnevmonii-kitae-zafiksirovan-pervyiy-sluchay-388488/. Қараған күні: 4 қаз. 2020.
26. Tengrinews.kz (2020a). «Военное положение из-за коронавируса ввели еще в 
одном городе Китая». Сілтемесі: https://tengrinews.kz/asia/voennoe-polojenie-iz-
za-koronavirusa-vveli-v-odnom-gorode-405365/. Қараған күні: 6 қаз. 2020.
27. Today.kz (2020). «В Китае выдвинули новую версию происхождения 
коронавируса». Мир. Сілтемесі: http://today.kz/news/mir/2020-05-30/798768-v-
kitae-vyidvinuli-novuyu-versiyu-proishozhdeniya-koronavirusa/. Қараған күні: 14 
қаз. 2020. 
28. UN.org (2020). «Киберпреступность и распространение дезинформации 
во время пандемии COVID-19». ООН Covid-19: ответные действия. 
Сілтемесі: https://www.un.org/ru/coronavirus/un-tackling-
%E2%80%98infodemic%E2%80%99-misinformation-and-cybercrime-covid-19. 
Қараған күні: 15 қарш. 2020. 
29. Wardle, Derakhshan (2017). «Information disorder: toward an interdisciplinary 
framework for research and policy making». Council of Europe report 27.


230
30. Who.int (2020a/b/c) (2020). «Coronavirus Disease (COVID-19) Advice for the Public: 
Mythbusters». World Health Organization. Geneva, Switzerland. Сілтемесі: https://
www.who.int/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019/advice-for-public/
myth-busters. Қараған күні: 12 қаз. 2020.
31. Who.int (2020). «Вопросы и ответы: сходства и различия возбудителей 
COVID-19 и гриппа». Всемирная Организация Здравоохранения. Женева, 
Швейцария. Сілтемесі: https://www.who.int/ru/news-room/q-a-detail/q-a-
similarities-and-differences-covid-19-and-influenza. Қараған күні: 6 қаз. 2020.
32. Zakon.kz (2020). «После вспышки пневмонии в Китае Минздрав обратился 
к казахстанцам». Сілтемесі: https://www.zakon.kz/5001681-posle-vspyshki-
pnevmonii-v-kitae.html. Қараған күні: 30 қырк. 2020. 
33. Zakon.kz (2020a). «В Казахстане появились тесты на коронавирус, 
показывающие результат в течение часа». Сілтемесі: https://www.zakon.
kz/5021202-v-kazahstane-poyavilis-testy-na.html. Қараған күні: 15 қаз. 2020.
34. Zakon.kz (2020b). «В Китае сообщили о вспышке нового смертельного вируса». 
Сілтемесі: https://www.zakon.kz/5035322-v-kitae-soobshchili-o-vspyshke-novogo.
html. Қараған күні: 15 қаз. 2020. 
35. Ztb.kz (2020). «Казахстанка заявила, что знает, как вылечить коронавирус». 
Сілтемесі: https://ztb.kz/novosti/kazahstanka-zaavila-cto-znaet-kak-vylecit-
koronavirus. Қараған күні: 10 қаз. 2020. 
36. Волкогонов (1983). Психологическая война: Подрывные действия 
империализма в области общественного сознания. – М. Воениздат, с. 288.
37. Райзберг, Лозовский, Стародубцева (1999). Современный экономический 
словарь. – 2-е изд., испр. М.: ИНФРА-М, с. 479.
38. 24.kz (2020). «Ученые назвали еще один источник китайской вирусной 
пневмонии». Хабар 24. Новостной портал агентства «Хабар». Сілтемесі: 
https://24.kz/ru/news/in-the-world/item/369410-uchenye-nazvali-eshche-odin-
istochnik-kitajskoj-virusnoj-pnevmonii. Қараған күні: 10 қаз. 2020. 
39. 24.kz (2020a). «Китай хранил смертельный вирус в Ухани с 2012 года – СМИ». 
Хабар 24. Новостной портал агентства «Хабар». Сілтемесі: https://24.kz/ru/news/
in-the-world/item/407134-kitaj-khranil-smertelnyj-virus-v-ukhani-s-2012-goda-
smi. Қараған күні: 12 қаз. 2020. 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет