219
Біз осы критерийлерді негізге ала отырып, зерттеу контексіне сай келетін
категорияларды анықтауға тырыстық.
1. Жаңылыс басылған сөздер, адамның қате жазылған тегі (аты-
жөні), емле, синтаксистік және грамматикалық қателер,
информатордың жасы, қызметі сияқты ескірген деректер – бұлар
да ішінара дезинформация болып саналады, алайда олар контекске
айтарлықтай нұқсан келтірмейді.
2. Сенімді емес, тексерілмеген, ресми емес дереккөздер.
3. Ақылға сыймайтын мәліметтер, соның ішінде коронавирусты емдеу
және сақтану жөніндегі кеңестер.
4. Жалған (қайшы) ақпарат: мысалы, бетперде тапшы, бұл вирус тұмау
секілді, вирустың таралу деңгейі төмен, оның белгілері мынадай:
жөтел, аздап қақырық шығады, вирус жоғары температурада өліп
қалады, Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап, жаппай ПТР-
тестілеу жүріп жатыр және т.б. қарама-қарсы мәліметтер.
5. Эмоциялық реңкі қатты (тональдығы жоғары) хабарлар: автордың
«өлімге жеткізер вирус», «Қытайдан шыққан вирус», «адам өлтіретін
вирус», «белгісіз пневмония» деген және т.б. қорқынышты сөз
тіркестерін қолдануы.
Аталған критерийлерді қолданып, интернет-порталдардағы
дезинформацияға қатысты тиісті критерийді анықтау жиілігі көрсетілген
график жасадық.
Достарыңызбен бөлісу: