Иммунологиялық толеранттылық шақыратын антигендердi толерогендер деп атайды. Оған жататындар: сары су белоктары (альбуминдер немесе глобуминдер). Толерантты ағза бөгде материалды “өзiнiкi” ретiнде қабылдайды, оған иммундық жауап қайтармайды.
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН (ЕКIНШIЛIК) ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ
Иммундық тапшылықтың бұл тобына ауыр сырқаттанған және улану процестерiне ұшыраған, белок тапшылығы, соның iшiнде иммуноглобулиндерге тапшылық, ұзақ, көп қан кеткенде, жас туылған нәрестеде иммундық системаның әлсiз болуы салдарынан транзистiрлiк, иммундық тапшылық пайда болуы мүмкiн.