Тимус (айырша без) – лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Сүйек кемігінен келген Т – лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашары тимуста әрі қарай дамып, жасушалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырып, гуморальді иммунитетті реттейді. Жаңа туған жануарлардың тимусын алып тастаса, барлық қан жасайтын мүшелерде лимфоциттер саны азайып, кіші лимфоциттер жойылады да, жалпы лейкоциттердің санының күрт төмендеуі (мүшелердің атрофиясынан, мүшелер қанданады) және тағы басқа белгілер байқалады. Мұндай кезде ағза көптеген инфекциялы – жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді.