Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Тақырыбы: Дағдарыстық кезеңдер
Орындаған: Караманова Наргиза
Тобы: Дефектология 5 топ (олигофренопедагогика)
Қабылдаған: Тукебаева С.
№
Дағдарыс
Жас
Мінез-құлық
1
Жаңа туылу
2ай-1 жас
Бала жаңа туылғандықтан өмірге, қоғамға бейімделген жоқ. Бұл кезеңде әдетте балалар жаңа тіршілік ортасына беімделіп, физиологиялық даму кезеңдерінен өтеді. Бала бұл өмірге шартсыз рефлекстермен ғана келеді. Мысалы, анасын ему, жылау және т.б. Әрі қарай бұл рефлекстер дамып, нәресте жаңа ортаны тани бастайды.
2
Ерте балалық шақ
1-3 жас
Бұл дағдарыс баланың физикалық және физиологиялық дамуымен тікелей байланысты. Баланың сөйлеу тілі шығады, алғашқы қадамдарын жасайды,әртүрлі заттарға, құбылыстарға, жағдайларға реакция береді. Түрлі жағдайларда эмоцианалды жауап қатаруы басталады. Мысалы, қалаған затын алып бермесе ашу – ызаға салынуы, келеңсіз жағдай орын алғанда жылауы.
3
Мектепке дейінгі жас
3-7 жас
Баланың психикасы дамыйды. Сол себепті дағдарыс пайда болады. Балада қырсықтық, ашушаңдық, ұшқалақтық, еріншектік секілді қасиеттер пайда болады. Бір орында ұзақ отыру, күту секілді процестер қиындыққа соғады. Ойланбай жасайтын іс-әрекеттері жиі-жиі орын алады. Сонымен қатар баланың ішкі дүниесінде түрлі өзгерістер орын алады. Мысалы, баланың өзіндік өмірге деген көзқарасын қалыптасып бастайды.
4
Мектеп жасы
7-13 жас
Бала өзінің ішкі дүниесіне көп мән бере бастайды және жан дүниесін кей кезде түсіне алмаса да, барынша түсінуге тырысады. Бұл кезеңде мектеп табалдырығын аттаған соң, балада әлеуметтену процесі жүреді. Көп жағдайда мектеп психологтарының арқасында баланың тұлғалық типологиясы анықталады. Қоғам бұл кезеңде үлкен рөл ойнайды. Бала айналасына қызуғышылықпен қарайды және танысады. .
5
Пубертатты жас
13-17жас
Психологиялық және физиологиялық өзгерістермен сипатталады.Достарымен топтасып жүреді, барынша еркіндікке ұмтылады, Бала өзінің сыртқы келбетіне ерекше назар аударады. Осыдан түрлі комплекстер пайда болып, өзін -өзі төмен санауы мүмкін. Сонымен қатар балада түрлі гармондар бөліне бастайды, жыныстық белгілері пайда болады. Көңіл-күйі құбылмалы, қызғаныш сезімі оянады. Өз пікірін ашық, әрі анық жеткізе алады. Алдына ұзақ мерзімді мақсат пен жоспарлар қойып, қол жеткізуге мүмкіндігі болады.