Литература: Block B. Leonard Bloomfield. "Language", 1985



жүктеу 84.66 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі84.66 Kb.

 

 

262 



Рассматривая  когнитивную  лингвистику  и  анализируя  собственно  когнитивные 

исследования  и  их  результаты,  а  также  недавно  появившиеся  многочисленные  их 

обзоры  видно,  что,  несмотря  на  всю  разнородность  подходов  и  внешнюю  их 

несовместимость,  в  них  действительно  наблюдается  нечто  общее  и  объединяющее, 

причем  в  явном  виде  не  всегда  и  не  всеми  авторами  признаваемое.  Это  – 

антропоцентричность  языка,  точнее  –  заложенных  в  языке  практических, 

теоретических  и  культурных  знаний  и  опыта,  освоенных,  осмысленных  и  прямо  или 

косвенно вербализованных носителями языка, и восстановимых, в конечном счете – в 

результате  семантического  и  концептуального  анализа  –  в  виде  языковой  картины 

мира.  Рассмотрев  наиболее  детализированную  теорию  когнитивной  грамматики 

Р.Лангакера    и  грамматику  конструкций  Ч.Филлмора,  приходим  к  выводу,  что 

основополагающим принципом является мысль о том, что нереально говорить о языке 

в отрыве от когнитивной деятельности, памяти, внимания, социальных связей личности 

и других аспектов опыта. 

Итак,  в  американской  лингвистике  современные  теории  языка  точнее  было  бы 

назвать  теориями  языковой  когниции,  это  –  сложный  пучок  проблем,  включающий 

хранение, приобретение и использование языковых знаний, преобразование и освоение 

человеком внешнего и внутреннего (духовного) миров.  

 

 

 



Литература: 

1.  Block B. Leonard Bloomfield. “Language”, 1985. 

2.  Хомский  Н.  Вопросы  теории  порождающей  грамматики  //  Философия  языка.  М.:  Едиториал 

УРСС, 2004 

3.  Демьянков  В.  З.  Функционализм  в  зарубежной  лингвистике  конца  20  века.  М.:  Едиториал 

УРСС, 2004 

4.  Касевич  В.Б.  О  когнитивной  лингвистике//Общее  языкознание  и  теория  грамматики.  - 

Спб.,1998. 

 

 

 



УДК 821.0 

 

М. ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ 

 

Рахмет Д.М., Смағұлова Н.Қ. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Мағжан Жұмабаев поэзия əлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның 

қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ 

əдебиетін  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  Еуропа,  орыс  əдебиетінің  биік  деңгейіне  көтерді. 

«Өлеңді  музыкаға  айналдырған,  дыбыстан  сурет  тұрғызған,  сөзге  жан  бітірген,  жаңа 

өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін 

жұрттан бұрын байқаған əрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Əуезов: «Мағжан мəдениеті 

зор  ақын.  Сыртқы  кестенің  келісімі  мен  күйшілдігіне  қарағанда,  бұл  бір  заманның 

тегінен  асқандай,  сезімі  жетілмеген  қазақ  қауымынан  ертерек  шыққандай.  Сондықтан 

бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға 

жарайтын  сөз  –  Мағжанның  сөзі.  Одан басқамыздың  бəріміздікі күмəнді,  өте  сенімсіз 

деп білемін» деп жазды [1, 14 б.]. 



 

 

263 



Мағжан  Жұмабаевтың  өмірі  жайында  башқұрт  халқының  ақыны  Сайфи  Құдаш 

былай дейді: «Мағжан Жұмабаевты мен өзіндік ерекше, табиғат болмысы бөлек ақын, 

өлеңнің асқан шебері санағанмын жəне  солай санаймын да: бұл орайда оны Абайдың 

лайықты  жолын  қуушы  əрі  дамытушы  деуге  болады.  Сонымен  бірге  оның  өмірі, 

ақындық  еңбегі  жəне  трагедиялық  тағдыры  бір-бірімен  тұтас,  бұлақ  суының  бір 

тамшысындай  М.  Жұмабаев  шығармаларына  бір  жақты  баға  беру,  яғни  оны 

революционер күрескер дəрежесіне көтеру немесе, керісінше, Совет өкіметі мен қазақ 

халқының  қас  жауы  етіп  сипаттау  –  біздің  тарихымыздың  тұрпайы  да  анайы,  орны 

толмас олқылығы [ 2, 230 б.]. 

Мағжан  Жұмабаев  өлеңдерін  оқи  отырып,  өзі  көп  айтатын  тылсым  буғандай 

əсерге  енесің,  таңғаларлық  күй  кешесің,  ойлар  мен  толғамдардың  терең  тұңғиығына 

сүңгіп,  əсем  суреттер  дүниесіне  кіресің,  не  суық,  не  жылы,  əлде  жарық,  əлде  көмескі 

сезімнен  хабар  беретін  алуан  бояудың  сырларына  қанығып,  ақынның  құдіретті 

шеберлігін мойындайсың. 

Ақын  тау  туралы  толғансын,  не  дархан  даланың  кеңдігін  жырласын,  тіпті  көл 

немесе  жазғы  таңды,  қысқы  кешті,  егінді,  не  жар,  күн,  ай  жайында  айтсын,  бірінші 

кезекте  өзінің  дүние  түсінімі,  ішкі  жай  күйі  тұрады;  сонысымен  айнала  əлемді  бірге 

толғандырып, бірге тебіренеді. 

Ақынды  ақын  қылатын  –  сүйіспеншілік  сезімдері.  Ата-анасын,  ғашық  жарын, 

туған  жерін,  өскен  елін  сүймеген  адам  ақын  бола  алмайды.  Өзіне  өмір  сыйлаған 

анасын, ғашығын сүйіп өскен Мағжан туған жерін де, қазақ елін де жанымен сүйе білді. 

Ақынға туған жерден ыстық жер жоқ.  

                     Сағымы сайран құрады, 

                     Бораны ұлып тұрады. 

                     Қыс – ақ кебін, жаз – сары. 

                     Орманы жоқ, шуы жоқ, 

                     Тауы да жоқ, суы жоқ, 

                     Мəңгі өлік сахарасы. 

                     Сарыарқа деген жерім бар, 

                     Неге екенін білмеймін, 

                     Сол Арқамды сүйемін, -  

деп жырлайды ақын. Ақын туған жерін сол жерде кіндік қаны тамып, өмірге келгендігі 

үшін, есі кіріп, ержеткендігі үшін сүйеді. Мағжан үшін де өзі туған Сасықкөлден артық 

жер  бетінде  жер  жоқ.  Ақын  көзімен  қарасаңыз,  «алыстан  мұнарланып  шалқыған 

көлдің» жағасындағы ауылда өткен өмір – романтика. «Туған жерім – Сасықкөл» атты 

өлеңінде ақынның туып-өскен ауылына деген ыстық махаббаты бүлкілдеп тұр.  

                     Айдын көл ата қоныс құт болған көл. 

                     Сусын боп сұрағанға от болған көл. 

                     Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта, 

                     Бейне бір сенің басың сүт болған көл, - 

деп  жырлаған  туған  жерінің  ертеңі  ақын  жүрегін  мазалап,  тыныштық  бермейді             

[3, 45 б.]. 

Шын мəнінде елін, жерін сүйген адам ғана халқының патриоты бола алады. Олар 

халқына  адал  қызмет  етіп,  өмірін  соған  арнайды.  Патриоттар  елінде  болып  жатқан 

əрбір оқиғадан қалыс қала алмайды. Жақсы болса, халқымен бірге қуанады; жаманына 

күйзеледі.  Мағжан  да  өзінің  бар  саналы  өмірін  туған  халқына  қызмет  етуге  арнаған 

шығармашылығымен  елінің  елдігін де,  ездігін  де  жырға  қосқан,  сонысы  үшін  отқа  да 

күйген,  суға  да  түскен  аяулы  азаматтарымыздың  қатарында  көріне  біледі.  «Сұм  өмір 

абақты ғой саналыға» деп өзі айтқандай, отаршылдықтың салдарынан қазақ даласында 

болып жатқан келеңсіздіктер ақын жүрегін сыздатады. Оң-солын енді айырып, өмірге 

енді араласа бастаған жас жігітті қазақтың берекесіз тұрмыс-тіршілігі алаңдатады. Бір 


 

 

264 



жағынан  байлыққа,  билікке  таласып,  екінші  жағынан,  отарлау  саясаты  қоздырып,  ел 

ішінде өріс алған дау-жанжал «ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр, кең жері күнге қурап 

жатыр,  сұр  жылан  қанын-сөлін  сорып  жатыр».  Өзінің  алғашқы  өлеңдерінің  бірі 

«Жатырда» ақын: 

                      «Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, 

                      Күн сайын артқа қазақ кетіп жатыр. 

                      Сезінбей өзгенікін, өзінікін, 

                      Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?» -  

деп  налиды.  Бұл  өлең  Мағжанның  17-18  жасында  жазылған.  Балаң  ақынның  осы 

алғашқы  өлеңдерінің  бірінен-ақ  оның  ақындық  сенім-тұғырын  айқын  танимыз.  Сонау 

бір  сардаланы  дүбірлеткен  еркіндік  кезі  артта  қалып,  отаршылдықтың  озбырлығында 

тұншығып,  еріксіз  надандықтың  қамытын  мойнына  киген  туған  халқының  қасіретті 

тағдыры Мағжанның ақындық жүрегін ғана емес, азаматтық ар-ұжданын да қозғайды. 

Сондықтан  да  халқының  қамын  ойлап,  жас  жүрегі  қарс  айырылған  ақын  қара  түннің 

түндігін түрер күшті қазақ зиялыларынан көреді. Олардың азаматтық намысына қамшы 

салып,  «Аты  өшкір  оқығандар  нетіп  жатыр?»  деп,  жан  айқаймен  ұран  тастайды.  Ел 

мүддесін қорғаудың даңғыл жолын əлі де болса айқын аңғарып көре алмай тұрған ақын 

алдындағы толқын қазақ зиялыларын тұйықтан шығар жолды іздеуге шақырады. Осы 

оқығандар санатына жататын өзіне де ақын үлкен міндет артып отыр [4, 334 б.]. 

«Шын  сорлы»,  «Сорлы  қазақ»,  «Қазағым»,  «Осы  күнгі  ой»,  «Пайғамбар», 

«Жаралы  жан»,  т.б.  өлеңдерінде  отаршылдықты  қазақ  даласының  алғашқы  аянышты 

күйі ақындық сезім арқылы көрініс табады. «Қазағым» деген өлеңінде: 

                    «Қазағым, таянды ғой қылта мойын, 

                    Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. 

                    Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, 

                    Жарыспақ бұдан былай күлкі-ойын. 

                    Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, 

                    Ойламау келешекті түпке жетер. 

                    Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан, 

                    Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер»,-  

отаршылдықтан шыға алмай жатқан халықтың ауыр жағдайын суреттейді.  

                    «Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің, 

                    Құт болдың қара табан енді малсыз. 

                    Ортаға қамап алып қырып жатыр, 

                    Қара жүрек «надандық» қолмен санысыз», - 

деген  «Осы  күнгі  ой»  өлеңінен  алынған  жолдарында  отаршылдықтың  бұғауындағы 

қазақ  даласының  қайғысы  мен  қасіреті  жатыр.  Ел  басына  қара  бұлттай  төніп  келе 

жатқан  қауіп-қатерді  жүрегімен  сезінген  ақын  шырылдатып  ащы  шындықты  бүкпесіз 

барынша жайып салды.  

«Сорлы  қазақ»  деген  өлеңінде  қазақтардың  еш  нəрседен  хабарсыз  ұйықтап 

жатқанына  қатты  назаланады.  Соған  қылыш  алып  кезенген  надандықты  қуатын  кез 

келді: 


                   «Өнер алып, басқалармен қатар бол, 

                   Қосыл бірдей адамзаттың тобына», - 

деп қазағын өнер-білімге шақырады [3, 47 б.]. 

 

«Балалық  шақ»  өлеңінде  білімсізді  есекке  теңейді.  Ол  адам  ұқсап  тірі 



жүргенімен де «өлікпен тең, ит-құсқа жем». Ал оқыған адам: 

 

                 «Білген жан – көсем! 



                            Сөйлесе – шешен. 

                            Жұртты аузына қаратар! 

                            Білімдінің сөзі ем, 


 

 

265 



                            Мейірімі көп, өзі кең!» - 

дейді. 


«Өнер-білім  қайтсе  табылар»,  «Қарағым»  деген  өлеңдерінде  жастарды  оқу-білімге 

шақырады.  

                           «Ер жігіт өнер табар ерте қуса, 

                           Ерініп шаршамастай, белін буса, 

                           Ыртың-жыртың, жоқ барға көңіл бермей, 

                           Періште боп анадан қайта туса!» -  

деп өнер іздеуге,  

                          «Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! 

                          Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме. 

                          Оқымай, ойын қуған балаларға 

                          Жолама, шақырса да қасына ерме!» - 

деп білім ізденуге үндейді. Ақын оқығанның көкірек көзі ашық, оң-солын айыра алады; 

өнерлі  өмірдің  небір  қиындықтарын  ақылымен,  өнерімен  жеңіп,  өрге  жүзеді,  сөйтіп 

қорлық пен езгіден шығу жолын табады деп біледі. 

«Өткен  күн»  өлеңінде  қазақтардың  бұрынғы  тұрмыс  –тіршілігіне  көз  жіберіп, 

оның  ізгілікті  жақтарын  үлгі  етеді.  Хақназар,  Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Қазыбек, 

Жəнібек  сынды  халық  қорғаны  болған  ұлдарын  мақтан  тұтады.  Шөже,  Орынбай, 

Жанақ, Біржан, Наурызбайлардың «бір сөзі мың ділдалық» асылдар еді деп бағалайды. 

                   «Өткен күнді ойласам, 

                    Ойға терең бойласам, 

                    Кешегі қайран қазақтың 

                    Сəулеті мен дəулеті 

                    Көз алдыма келеді» - 

деп  өзінің  қазағын,  оның  өткен  тарихын  шабыттана  жырлайды.  Осындай  берекелі  ел 

надандықтан  қор  болып  барасың,  енді  «арыстаным,  сұңқарым,  қажымас,  талмас 

тұлпарым, басың көтер тұр енді!» деп, қимылға шақырады. Жаңа заманда жаңаша өмір 

сүр,  «ескіше  тұрып  егіспе,  заман  –  түлкі,  тазы  бол,  базарша  дүкен  құр»  деп,  заманға 

бейімделіп өмір сүруге шақырады. 

Мағжан  –  сыршыл  да  өршіл  маржан  жырларының  құдіреті  арқылы  өзінің  бүкіл 

болмысы  мен  поэзиясының  ерекшелігін  танытып  кеткен  ұлы  ақын.  Мұның  бір  дəлелі 

«елу жылда ел жаңа» деген түсінік тұрғысынан алғанда, жарты ғасырдан кейін ұлтымен 

қайта  қауышқан  ақын  жырларының  көз  көргендер  мен  атын  естігендер  ғана  емс,  жас 

буынның да жүрегіне жол табуында деп білеміз [4, 333 б.]. 

Мағжан  Жұмабаев  –  қазақтың  ұлттық  тұрмыс-тіршілігін,  өткенін  жан-тəнімен 

сүйген  ұлтшыл  ақын.  Өткен  өмірдің  жақсы  жақтарын  өлеңмен  өрнектеуге  келгенде 

ақынның  қаламы  жүйрік.  Өлеңдерінің  ұлттық  идеяларымен  суарылып  отыруы  – 

ақынның бүкіл поэзиясына тəн өзіндік ерекшелігі. Осындай қасиеттері үшін де Мағжан 

кеңес  өкіметі  кезінде  ескішіл  өткенді  аңсайды,  ұлтшыл  деп  айыпталады.  Бұл 

ескішілдік,  өткенді  аңсаушылық  емес,  қайта  оны  құрметтеу,  тарихтың  тағылымды 

жақтарын  насихаттау,  олардан  үйрене  отырып,  заманға  сай  тіршілік  жасауға, 

өзгелермен  терезесі  тең  өмір  сүруге  үндеу.  Бұлай  жырлау  ұлтын  шын  сүйген  туған 

халқына адал ақындардың ғана қолынан келеді.  

Азаттықты  аңсаған  Мағжан  отаршылдарды  барынша  жақтырмаған.  Бір  кезде 

еркін  жатқан  елді  жат  жұрттықтардың  билеп  төстегеніне  наразы.  «Орал  тауы» 

өлеңінде: 

                       «Оралдай ата-мекен жерлеріне, 

                       Қасиетті атаның көрлеріне, 

                       Аузы түкті шет елдер ие болып, 

                       Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне» [3, 49 б.], - 


 

 

266 



деп, отарлық езгінің шырмауында қалған халқына жаны ашиды. 

 «Пайғамбар» өлеңі: 

                      «Күнбатысты қараңғылық қаптаған, 

                      Күні батып, жаңа таңы атпаған. 

                      Түнеріп жүр түннен туған перілер, 

                      Тəңірісін табанына таптаған», -  

деген  жолдармен  басталған.  Бұл  өлеңде  отаршылдық  саясатқа  ғана  емес,  батыстың 

бүкіл  болмысына,  яғни  оның  саяси-мəдени  даму  бағытына  қарсылық  бар.  Ақынның 

сезінуінше, тəңірден безініп, «інжілді өртеп, табанға сап құранды, əділдікті күткен ессіз 

қарыннан», Мұсаның тілін кескен, айсаның ұлының қанын ішкен, Аллаға емес əзəзілге 

табынған  «елді  қараңғылық  түні  басып  тұр».  Қап-қараңғы  түн  «қайғы  мен  қара  қанға 

тұншығуда».  

Қап-қараңғы  түн  басып,  «қанды  шуда»  қалған  күнбатыс  «күншығыстан  бір 

пайғамбар  күтеді».  Мағжанның  ойынша,  батысты  қаптаған  мұндай  алапаттан 

құтқаратын күншығыс: 

 

                    «Қайғыланба соқыр сорлы, шекпе зар, 



                              Мен – Күн ұлы көзімде күн нұры бар. 

                              Мен келемін, мен келемін, мен келем, 

                              Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар». 

«Күншығыс» өлеңіндегі:  

                      «Күнбатысты шаң басқан, 

                      Шаң емес қара қан басқан. 

                      Тарсыл-гүрсіл, қанды атыс. 

                      Көп білем деп бөлуге, 

                      Көп күлем деп өлуге 

                      Жақын қалды Күнбатыс»  –  

деген  жолдар  «Пайғамбардағы»  негізгі  ойды  ары  қарай  жалғастыра  түскен.  Ақын 

азамат  ретінде  мұндай  жағдайды  көріп  тұрып,  бейтарап  қала  алмайды.  Оның  үстіне 

батыстың  асып-тасқан,  отаршылдық  саясатының  зардабы  басқа  халықтарға  да,  оның 

ішінде  қазақ  даласына  да  тиіп  жатыр.  Бұлай  жалғаса  беретін  болса,  орны  толмас 

олқылықтарға  апарып  соқтыруы  мүмкін.  Сондықтан  да  бұл  апатқа  қайткен  күнде  де 

тосқауыл  қою  керек.  Мұны  тоқтату  тек  Күншығыстың  ғана  қолынан  келеді.  Болашақ 

үшін мазасызданған ақынның лирикалық кейіпкері атой салады. 

                    «Қысық көзді Күншығыс, 

                    Бұл тұрысың қай тұрыс? 

                    Серпіл енді,алыбым!» 

Сөйтіп  Батыс  елдерінде  бастау  алған  қырқыс-шабысты  тоқтатуға  үндейді. 

Адамзаттың болашағына осылайша қатер төніп тұрғанда Шығыстың оның ішінде қазақ 

даласының да бейғам жатқанын қаламайды. «Қысық көзді Күншығысты» «желкілдеген 

туменен» Батыстың: 

                   «Күл қылайық қаласын, 

                   Құл қылайық баласын» 

деп өзінің істегенін өзіне істеп, кек қайтаруға шақырады да артынша-ақ: 

                  «Жоқ,жоқ! Ашу басалық! 

                  Гүл қылайық қаласын, 

                  Ұл қылайық баласын, 

                  Мейірім есігін ашалық.» 

деп  сабырлық,парасаттылық  танытады.  «Қанға  қан,  жанға  жан»  демей,  қазақтың 

«таспен  ұрғанды  аспен  ұр»  дегеніндей,  үлкен  ойға  шақырады.  Сөйтіп  «Күншығыс» 

өлеңінде  Мағжан  ақын  үлкен  гуманистік  пікір  айтып,  адамзаттық  ой  биігінен  көріне 

білді [3, 50 б.]. 


 

 

267 



Мағжан – қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығы мен дəстүр қалыптастырған, 

соны  ізденістері  арқылы  өзіндік  өнерпаздығына  ғана  тəн  əдеби  əдістер  əкелген  ақын. 

Ол  қазақ  лирикасына  сыңғырлаған  нəзік  əуез  нəрін  құйып,  ұлттық  рухты  ұлттық 

сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады [4, 351 б.]. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.  Сүлейменов Ж. «Мағжан: Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар...»// Дала мен қала. – 2008. №42.  

2.  Қазақ əдебиетінің тарихы, 7-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2004. – 462 бет. 

3.  Ысқақұлы Д. Əдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004. – 304 бет. 

4.  Əбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті: Оқулық. Алматы, 2012. – 408 бет. 

 

 



 

ƏӨЖ 802.0. 378 147 

 

LEXICAL AND GRAMMATICAL PECULIARITIES  



OF SCIENTIFIC-TECHNICAL TEXTS 

 

Рысбекова Н.Е, Замишева Г.А. 

(М.Х.Дулати атындағы ТарМУ) 

 

 



 

In  any  scientific  and  technical  text,  irrespective  of  its  contents  and  character,  can  be 

completely precisely translated from one language to other, even if in an artwork such branch 

of  knowledge  is  required,  for  which  in  language  of  translation  there  is  no  appropriate 

nomenclature. In such cases the interpreter more often resorts to interpretation, but becoming 

of  a  necessary  nomenclature  of  a  realization  in  a  sphere  of  production  or  those  scientific 

circles, which are engaged in data by problems. To ensure valuable translation, it is necessary 

to an interpreter to present the following requests: 

1. The substantial acquaintance to a subject, which is treated in the original text.2. Good 

enough  knowledge  of  language  of  an  artwork  and  its  lexical  and  grammatical  features  in 

comparison to the native language. 

3.  Knowledge  of  the  bases'  theory  of  translation,  and  also  receptions  of  technical 

translation and skill to use them. 

4.  Legible  introducing  about  the  character  of  scientific  and  technical  functional  style 

both in language of the original, and in the native language. 

5.  Acquaintance  to  accepted  conventional  signs,  abbreviations  (cuttings),  systems  of 

measures  and  weights,  both  in  language  of  the  original  and  in  the  native  language.  Good 

possession of the native language and the right use of a nomenclature. 

So, here we gave some characteristic features of scientific-technical texts: 

1.  The  absence  of  emotional  colouring.  This  feature  basically  also  causes  absolute 

convertibility  of  the  scientific  and  technical  texts,  as  the  reader  should  not  have  stranger 

associations,  he  should  not  read  between  lines,  be  admired  by  the  game  of  words  and 

calamburs.  The  writer's  purpose  of  the  text  is  to  describe  either  or  other  phenomenon  or 

operation, this or that subject or process. 

If to translate literally, it will sound so:"Компания мать родила на Дальнем Востоке 

дочь, дала ей приданное в 2 млн. фунтов стерлингов и окрестила ее…" 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал