КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОБРАЗ ЖАСАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Абдрахманова И.– студент Қт-19-1
Ғылыми жетекші: оқытушы Салиева Г.Ж.
ЦАИУ
Резюме. Художественное слово-языковая форма, отражающая образное содержание литературного произведения. Художественное изображение образа определяется доказательствами в конкретном контексте средств, характерных для языка художественной литературы, используемых автором.
Summary. An artistic word is a linguistic form reflecting the figurative content of a literary work. The artistic representation of the image is determined by evidence in the specific context of the means characteristic of the language of fiction used by the author.
Кез-келген көркем шығармада кейіпкер бейнесін сомдауда эпитет, теңеу тәрізді көріктеу құралдарының өзіндік қызмет ерекшелігі бар. Осы аталған тілдік бірліктердің көмегімен автор кейіпкердің тек бейнесін ғана емес, мінез-құлқын, сонымен қатар кейіпкер өмір сүріп отырған ортасындағы тіршілік деңгейін кеңінен ашып, оқырман сезіміне әсерлі етіп жеткізе біледі.
С.Шаймерденов шығармаларында көріктеу құралдарын, соның ішінде теңеу мен эпитеттің стильдік қызметі өзгеше орын алған. Жазушы қолданысындағы көріктеу құралдаары өз орындарын дәл тауып жымдасып келіп, оқырман көңілінің сезім ырғақтарын мәніне келтіре толқытып отырады. Мұндай көңіл күйін толқыту С.Шаймерденов шығармаларының стиліне тән өзгешелік. Сонымен жазушы шығармаларындағы кейіпкер жасауда қолданысқа түскен эпитеттерді мынадай түрде көрсетуге болады.
Сонымен, қаламгер шығармаларында мейлінше жиі қолданылған көріктеуіш құралдарының бірі – эпитет.
“Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз”.
Эпитет көркем шығармада кейіпкердің сыртқы бейнесін ашумен қабат, ішкі сезім иірімдерін, кескін-келбетін көрсетуде ерекше қызмет атқарады. Кейіпкердің нақты портретін, кейіпкерге мінездеме беру, көңіл-күйін жеткізуде де жазушы эпитет көмегіне сүйенеді.
Жазушы туындыларында авторлық эпитеттер де көзге түседі. Қара ағаштан қалың қазақ, қара темірдей берік қалмақ (А,10), басы бүлік черемыш, ноқтасы бос ноғай (А,113), киіз туырлықты қазақ ұлы (А,113).
Кейіпкер бейнесін жасауда көріктеу қүралдарының ішінде әсіресе теңеудің қызметі ерекше. А.Байтұрсынүлы теңеуге мынадай анықтама береді:
“Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз. Теңеу екі түрлі: Әншейін теңеу, әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу болады, мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі “удай”, “айдай”, “күйедей” деген сөздер - әдейі теңеу” [17.157].
Ғалым Т.Қоңыров “Қазақ теңеулері” атты еңбегінде теңеудің жасалу жолдары мен түрлерін жан-жақты қарастырады. Еңбекте ғалым теңеуге мынадай анықтама береді:
“Теңеу дегеніміз - үқсас ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы” [18.7]
“Теңеу - құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. Олардан теңеудің айырмасы - мұнда салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырғаны анық болады. Мүны сөйлеу тіліндегі қарапайым теңеулерден аңғаруға болады. Мысалы басы қазандай (болып), жүрегім аттай тулап .Поэзиядағы теңеулердің айырмасы , онда тек белгісіз нәрсені белгілі қарапайым нәрсемен салыстыру үшін не нәрсе алынады, қандай нәрсе немен салыстырылады, оған көп мән беріледі” [19.32].
Теңеулер кейіпкердің сырт бейнесін, портретін беруде, киімін, жүріс-түрысын суреттеуде жиі қолданылады.
Көзіне көзі түсіп еді, жемтігін көрген иттей жайнап тұр екен (А,15) Жуантық, аласа бойлы, бір кескен қартадай (А,568) Көзін шел басып, соқыр болуға айналған, сақал мұрты аппақ қудай, бет-аузы кәрі сиырдың суалған желініндей шимай-шимай, арса-арса ірі сүйекті шал бағы қайтқан қарт жауынгерден гөрі, көрден шыққан өлі аруаққа көбірек ұқсайды (А,568). Шәш бектің қызы Елек - қуыршақтай (А, 555).
Сезім мүшелерімен қарым-қатынасына қарай ғалым Т.Қоңыров қазақ теңеулерін төмендегідей функционалдық топтарға бөледі: І.Көру теңеулері 2.Есту теңеулері. З.Дәм сезімі теңеулері. 4.Тері сезімі теңеулері. 5.Иіс сезімі теңеулері. б.Сезім-күй теңеулері.
Көру теңеулері арқылы кейіпкердің қимыл-қозғалысын, тұлға-тұрпатын, түр-түсін т.б.көзбен көруге болатын сипаттарын бейнелеп жеткізеді: атан түйедей кеуделі, су бетіне сопаң етіп шыққан қалтқыдай, Түлғасына қарасам қара жартастай ерек, қыран бүркіттей екпінді,төбе басындағы тастан соғылған обадай оқшырайған.
Қыз бойындағы әсемдік, әдемілікті, нәзіктікті оқырман сезіміне әсер ететіндей етіп бейнелеу үшін қызды қуыршаққа, киіктің асығына теңейді.
Шәш бектің қызы Елек - қуыршақтай (А,555),Шашы қыска қиылған,дене бітімі қолдан мүсіндегендей аса келісті, балтыры ак қайранның қарнындай жүұп-ұүмыр. Көзіңе тіке қарайтын киіктің асығындай қолға жұқпай ойнап тұрған әдемі қызбен танысқан бойда-ақ біздің үйдің түтінін түтетуші осы кісі болуға тиіс. деп шешкем.(К.к,69)
Керісінше жағымсыз, жиіркенішті, сүйкімсіз бейне жасау үшін көзі сілеусіннің көзіндей долы (153),
көзі мүздай (К.к,263),
мойны қылдырықтай (67), алақаны ескі көн
тулақтай (Қ, 80), бет-аузы суалған сиырдың желініндей [11],
зоопарктегі пілдің бала-шаға лақтырған прәндік-тоқашты іліп алуға икемдеген май тұмсығындай (К.к,236),
жабағысы түспеген мәстек байтал сияқты (К.к, 77) деген теңеулерді қолданады.
Жазушы кейіпкер портретін беруде теңеулерді сұрыптап, ұтымды қолданып, соның нәтижесінде сөз әсерін күшейтіп, кейіпкердің сыртқы бейнесін оқырманға әсерлі етіп суреттейді. Суреттеліп отырған кейіпкердің бет бейнесін, тұлға-тұрпатын көз алдымызға әкеліп, ол туралы дәл, нақты сипаттама беруге қол жеткізген.
Жасы жиырма-жиырма бестер шамасындағы, дене бітімі келісті еркек. Анда-санда теңселе толқып кетіп, жығыла жаздап отырған
Тоқметтің қасында кішігірім төбедей көрінеді. Омырауы бірқұшақ, екі иығына екі кісі мінгендей. Тек басы ғана жараспайды. Жуан мойынның жіңішкере келіп шорт үзілген түкылы тәрізді. Жағынан шекесі қысыңкы, маңдайы екі-ақ елі. Тақыр басы май толтырған жас қарындай жұп-жұмыр, аппақ (Қ қ,25)
Берілген мысалдағы кішігірім төбедей, екі иығына екі кісі мінгендей, жуан мойынның жіңішкере келіп шорт үзілген түқылы тәрізді, май толтырылған жас қарындай теңеулері кейіпкердің дене тұрқын бейнелілікпен, әсерлі суреттеуде ерекше қызмет атқарып түр.
Содан соң Исмайыл буын-буыны дірілдеп, етпеттей жығылған. Есінен танып қалса керек, құздан құлаған түйенің өлексесіндей қимылсыз, тілсіз теңкиіп жатыр (А,586).
Денесінің ірілігіне байланысты кейіпкердің қимыл-әрекетін құздан құлаған түйенің өлексесінің теңкиіп жатысына теңейді.
У меня ничего нет, - деді папасы, жемге байланған арғымақтай әсем түлғалы, бір институт, екі техникум бітіріп үлгеретін жасқа келген соқталдай жігітті жас нәрестедей емірене иіскеп (К,368).
Қазандағы еттің көбігін алып жатқан шынашақтай сары кемпір...(Ж, 51)
Бес биенің сабасындай толық, етженді келген қараторы әйел Бәтима...
Мұндай көру теңеулері көбінесе кейіпкер портретін беруде қолданылады.
Ай Шешек. Тоқпақтай жуан, ұзын қос бұрымы ақ түбіт қамзолдың омырауына төгіле аударылып, ақ бетіндегі тұнық қара көздері әнтек қиыла, назбен қарайды (А,51)
Ақ қошқардай быттиған ажары бар, қауғадай түкті қара сақалы бар Шортан деген биіміз. (Е,209)
Кеудесі көріктей, зор денелі, селдір мұрт, сирек сақалды жалпақ бет кісі екен (А, 82).
Көру теңеулері кейде кейіпкердің қимыл әрекеттерін бейнелі суреттеу арқылы оның мінез-құлқын, жағымды, жағымсыз қасиеттерін де көрсете алады.
Төрт жігітке қажетті жабдықты өзінің кәсіптес серіктеріне бөліп тапсырып жатқан керуен басының құлағы мұндай сақ болар ма, етегіне оратыла жығылып, елбірей қайта түрып, ат үстіндегі сұлтанның аяғын құшты. Қазанның түбін жалаған аш төбеттей жасыл сақтиян етікті сүйіп өліп барады (А, 188).
Дүниеқоңыз, дүние мен байлық үшін арын да намысын да сататын пасық саудагердің сұлтанның алдында құрдай жорғалауы, оның аяғын құшып, етігін сүюі қазанның түбін жалаған аш итке теңеледі. Жоғарыдағы суреттен керуен басының осындай жағымсыз, жиіркенішті қылықтары анық көрінеді. Кейіпкердің әр түрлі мінез-құлқын бейнелі түрде жеткізуде, әрі оқырман көңіліне эмоционалды- экспрессивті әсер етуде осындай теңеулердің қызметі ерекше. Мұндай теңеулер кейіпкерлердің сыртқы кескін-келбетімен қоса оның ішкі жан дүниесін де бейнелейді.
Кейіпкер бейнесін жасауда, оның көңіл-күйін, ішкі сезімін суреттеп жеткізуде сезім-күй теңеулері ерекше қызмет атқарады. Сезім-күй теңеулері теңеудің басқа функционалдық топтарына қарағанда, өзінің семантикасы жағынан да, стильдік ерекшелігі жағынан да, эмоциялы-экспрессивтік әсері жағынан да айрықша топ болып саналады.
Ана қасындағы Әнуар да түбі тесік шелек тәрізді. Мен нағыз ақымақпын. Қисық ағаштың теріс біткен бұтағындай, ешқашан түзелмейтін адаммын.
Жазушы М.Мағауин шығармаларында кейіпкер бейнесін беруде, образ жасауда тұрақты теңеулер де жиі қолданылады.
“Тұрақты теңеулер - ежелден қалыптасып, тілде әбден сіңісіп кеткен образды конструкциялар. Сол себепті де тұрақты теңеулер көркем әдебиетте де, фольклорда да, тіпті сөйлеу тілінде де бейнелеу, мәнерлеу тәсілі ретінде өте жиі қолданылады” [18.106].
Бүгінгі қатал сабақтан соң кеудесі басылып, жынынан айрылған бақсыдай жуасып қалғанын аңдады (371).
Түнімен біреу етінен ет кесіп алып жатқандай безектеп жылап шығады (66).
Күлдәрі біреу астынан біз сұғып алғандай, шоршып атып тұрып, қайта отырды (Қ 410).
М.Мағауин шығармаларында қолданылған теңеулерді кейіпкер образын сомдаудағы, оның портретін, мінез-қүлқын суреттеудегі қызметіне қарай төмендегідей топтарға бөлуге болады: І.Кейіпкердің сыртқы кейпін, бет әлпетін суреттейтін теңеулер:
Жұттан әрең шыққан көтерем тоқты іспеттес (421). Аппақ қаздың бауырынан түрған сап-сары балапандай, сап-сары шашты сап-сары бала көрінді (88). Қыздың денесі қоладан қүйғандай (Қ 61).
Мұндай теңеулер көбінесе адамның жеке дене мүшелерінің сындық белгілерін ерекшелеп көрсетуге арналған.Мысалы: оймақтай аузы (61), иінінен шыққан сабадай қарны (273), доп қағатын таяқтың басындай дөңгелек алақаны (274), май толтырған жас қарындай басы, кесірткенің басындай кішкене басы (132 ),т.б. 2.Кейіпкердің мінез-құлқын суреттейтін теңеулер:
Ғалым адам - панасыз торғай тәрізді.(К,51) Күн райын аңдағыш малшыдай, ерінің қалауын қас-қабағынан-ақ біледі.(К,50) З.Кейіпкердің ішкі сезімін, көңіл-күйін суреттейтін теңеулер:
Ал жиеніме көзім түссе-ақ өкпе бауырым езіліп бара жатқандай
болады (146).
Жынын шақырып келтіре алмай жатқан бақсы сияқты (К,265). Кенет тазының санасын найзағай қамшы осып өткендей болды (Т, 171). Жалт қарадым. өне бойымды ток соғып өткендей (152). Төбеден жай түскендей, қонақтар тегіс аңырып қалды (361). 4.Кейіпкердің қимыл-әрекетін, жүріс-тұрысын суреттейтін теңеулер:
Дәл Едіге сияқты көйлек - дамбалшаң, жалаң аяқ, тақыр бас екі ұл бақанның екі басынан ұстап, иықтарына асты да, ышқырларын бір-бір көтеріп алып, митың қағып жөней берді. Ши сүйреп бара жатқан құмырсқалар сияқты (Ж, 248).
Жұмағүл олар көзден таса болып кеткенмен сол орнында, көшкен малды ауылдың жұртындағы жинаусыз ұмыт қалған қарақшыдай қалтиған күйінде әлі түр еді (13).
Бүлікті бастаған Маринаның өзі бораннан ыққан ақ қошқарлардай, тығылыса сырт берген боярлардың ортасына сүңгіп кетті (А, 763)
Кейіпкер бейнесін сомдауда метафоралардың да өзіндік рөлі бар. “Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз магынасының ауысуы - метафора деп аталады” [19.158].
Әдебиеттану ғылымында метафораға тағы да мынадай анықтамалар беріледі: “Метафора - сыртқы не ішкі ұқсастыгына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе - теңдік белгісін қою” [20,114].
“Метафора сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау: сөйтіп, зерттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту” [13.231].
“Метафора көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде айрықша қызмет атқарады” [21. 23].
“Метафора ұқсастық негізінде жасалған сөздің ауыспалы мағынасы ғана емес, ол - тілде өзімен бірге күрделі ойды ала жүретін құбылыс” [22. 7].
Орыс тілші ғалымы А.И.Ефимов метафора құбылысының қызметі туралы былай дейді:
“Метафоризация - это область формирования образных средств, не престанно появляющихся в процессе общенародного речевого творчества, а также деятельности выдающихся художников слова” [23. 121].
Жазушы М.Мағауин шығармаларында кейіпкер тілінде қолданылған метафоралар тілге бейнелілік, көркемдік берумен қатар ойды анық, дәл жеткізу қызметін де атқарады.
Халық - бала, өзін кім жақсы көрсе, соған құлап түседі. Барын бағалай біл, кемісін қазбалама; қайткенде де жұрт өзіңдікі, жақсы көруге тырыс, жақсы көрініп үйрен. Қарашы бегің - қыран қүс, жем үшін үшады, қызылдан қақпасаң, қызыл шолақтың өзін алып береді (А,63) Халықтың аңғалдығын, көңілінің кеңдігін, қарашы бектердің адалдығын сипаттап жеткізу үшін оларды жас балаға және қыран құсқа балайды.
Метафоралар ерекше бейнелілігімен қатар танымдық қызмет те атқарады. Олар дерексіз ұғымдарды анықтап түсіндіреді. Сол арқылы жазушының немесе кейіпкердің ойын дәл жеткізуге көмектеседі. Мысалы: ұйқының ауылы, сезім ұшқыны, көңіл толқыны, сөздің салмағы, М.Мағауин шығармаларында мұндай бейнелі көркем метафоралар кейіпкер тілінде де қолданылып, кейіпкердің шешендігін, тапқырлығын көрсетеді: Бүгінгі шырғалаң -шалшық су, кешесің де өтесің. Ертеңгі дүрбелең - айналып өткізбес ми батпақ болып шықпасын (А.,64).
Метафора кейіпкер бейнесін, оның сан қилы мінез қүлқының қырларын бейнелі әрі әсерлі етіп суреттеуде де қолданылады:
Сұлтан - тізгін, би - ауыздық, батыр - қамшы.(А, 71) Көшім -қылтасы қиылған қасқыр, Сейтек - бұғаудағы барыс, - деп еді Қадырғали бек. - Қарымсыз қасқыр қашып қайда бармақ. Байлаулы барыс кімге айбар болмақ. Тырнақтының жемі, азулының асы емес пе?(А, 136)
-Сенің жүрегің - қара тас, - деген өкпелі үнмен, қараңғы буалдырда көзі жарқ етіп. - Туған балаңды аямассың
Кейіпкер сөзінде қолданылған метафоралар екінші бір кейіпкердің бейнесін жасауға, оның мінезіндегі ерекшеліктерін ашып, нақтылап көрсетуге қызмет етіп тұр. Метафоралар кейіпкер портретін беруде де ұтымды қолданылған: Кірпігі - оқ, жанары - от. (А.555)
Жазушы шығармаларында қолданылған метафоралардың бірқатары кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі сезім тебіреністерін бейнелі жеткізуге де көмектеседі:
Қайғыға қажып, қуанышқа марқаймас темір өзек пері кебіне түсе бастаған, еңсесі - батпан зіл, көңілі - қара тас Ораз Мүхамед..(А,812)
Өзін Қазақ ата иіп тартар алып жақтың қандауызына салынар алмас жебе сезінген
Әдебиеттер тізімі
1.Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004 –
2.Әдебиет теориясы. Алматы, Мектеп: 1969 -
3.Шалабай Б. Көркем проза тілі. Алматы, 1994
4.Айбенбетова А. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама. Алматы, 2007
5.Виноградов В. О художетвенной прозе. Москва, 1980
6.Базарбаев М. Қазіргі қазақ көркем шығармаларының тілі жайында Өнер алды-қызыл тіл. Мақалалар жинағы. Алматы, 1986
7. Сәрсеке Г. Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерді мінездеуші тілдік-стильдік тәсілдер. Филол. ғыл. кан... дисс.: Алматы, 1987
8.Еңсебаева К. Қазіргі көркем әдебиеттегі кейіпкер тілінің стильдік қызметі. Фил.ғыл.кан.дисс: Алматы, 1995, 108 б.
9.Әбікенов М.Т. С.Шаймерденов прозасы тілінің көркемдік ерекшеліктері. Фил.ғыл.канд...дисс: Алматы, 2006, 125б.
УДК: 9,93;930.1
Достарыңызбен бөлісу: |