Лматы технологи



бет23/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
Іскерлік және бейресми қарым-қатынас этикасы мен мәдениет 3

Дивертисмент (француз тілінен гііуегііззетепі - тікелей аудармасы көңіл көтеру) - көңіл көтеретін музыкалық көрсетілім, жеке бір қатар нөмірлерден тұрады(концертке қосымша бағдарлама ретінде беріледі). Мысалы, музыканттар көрсетілімдерінің арасындағы үзілістер кезінде сиқыршылар, акробаттар, бишілер көрсетілімі.

Дивертисментке сипаттамасы:

  • әртүрлі өнерлерді біріктіру;

  • бірыңғай бағдарламаны құрайтын жанрлардың көптілігі. «Дивертисмент» сөзі заманауи орыс тілінде орын ала алмады. Бірақ ол эстрадалық өнердің сипатымен көпжанрлы мәнін дәлме дәл береді және сондықтан эстрадаға сай өзінің мағынасын сақтап қалды.

  1. Соңғы уақытта мейрамханаларда (белгілі күндерде) спорттық бағдарламалардың көрсетілімі кең таралуда. Бұрынырақта бұл спорттық барларға ғана тән болатын. Қазір спорттық бағдарламалар жай мейрамханаларда көрсетілетін болды. Бұндай жағдай мейрамханаға келушілерге маңызды спорттық іс-шараларды қолайлы жағдайда отырып тамашалау мүмкіндігін береді. Әдетте чемпиондар Лигасының матчтары және футболдан әлем чемпионаттары, олимпиадаға қатысушылардың өнерлері көрсетіледі.

  2. Варьете(француз тілінен ^агіеіе - тікелей аудармасы «әртүрлілік») - жеңіл жанрдағы театр, оның репертуарында сахналық өнердің әртүрлі түрлері комедиалық жанрдың басымдылығымен бірге бірігеді.

Варьете формасы мейрамханадағы шоу-бағдарламалардың арасында кең таралған.
Варьетеге тән ортақ мінездемелер:

  • бағдарлама тематикалық немесе басқадай амалмен байланыстырылған жеке номерлерден тұрады. Бағдарламаның бір номері екінші номерге жайлап ауысып отырады;

  • негізгі назар балетке аударылады. Балет - варьете бағдарламасының негізгі шарты;

  • әрбір варьетенің өзіндің «келбеті» болады. Билер варьете сипатын, келбетін анықтайды және көңіл көтерімді, ойынды сипатқа ие;

  • варьете театрының жеңіл өнері:

  • демалыс үшін;

  • рахаттану үшін;

  • көңіл көтеру үшін;

  • әрбір варьетенің өзіндің творчествалық бағыты болады;

  • соңғы кездері варьете билерінде өзіндік ерекшеліктер пайда болуда:

  • эмоциялар шашылуы;

  • темперамент;

  • құмар арту;

  • агрессивтік;

  • би уақыт жылдамдығына, оның қарқынына және үдемелі қалпына жақындай түсті.

Варьете әсіресе Францияда көп таралған. Парижде әлемге әйгілі «Лидо», «Мулен руж» секілді және де басқа варьете бар.

  1. Дискотекалар - танымал музыка бағытында жылдам ритммен орындалатын заманауи жастар биі. Әдетте мейрамханаларда демалыс күндері өткізіледі, онда негізгі келушілер санын жастар құрайды.

  2. Танымал әртістерді шақыру, авторлық кештер - мейрамханалардың барлығы дерлік осындай шараны қолдана алмастығына қарамастан мәдени бағдарламалардың ең престижді формасы. Әдетте мұндай бағдарламалар алдын ала хабарландырлады, кірә үшін әрбір клиенттен қосымша ақша алынады.

Осының нәтижесінде клиент танымал және жаңадан бастап келе жатқан эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалау мүмкіндігіне қол жеткізеді, сонымен бірге олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі туады.
Авторлық кештер сондай-ақ ақындардың, жеке орындаушылардың, барлық бағытындағы орындаушылардың қатысуымен де өткізіледі.

  1. Караоке - мейрамаханада музыкалық қызмет көрсетудің тағы бір формасы. Келушілерге «бұқара алдында өнер көрсету» мүмкіндігі беріледі, орындаушының дауысын мелодияға сай бейімдейтін арнайы кұрылғада жазылған жазба арқылы өлең айту мүмкіндігі. Караокені өткізілетін іс- шаралармен дискотекаларда пайдалануға болады.

10. Мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша жұмысты әдетте арнайы қызметкер атқарады - артменеджер немесе артдиректор (ірі мейрамханаларда).
Мейрамханада мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша белгілі ережелер болады.
Іс-шараның басталуы:

  • келушілерді белгілі бір уақытта кіргізген жөн;

  • бағдарламаны мейрамхана залын ашқаннан соң бір сағат артқа тастап бастаған жөн;

осы уақытта:

  • өткізілетін іс-шараның атмосферасын құратын жағымды музыка ойнайды;

  • даяшылар тапсырыстар қабылдайды;

  • кешігіп қалған келушілер келе бастайды;

  • қызметкерлер және келушілер қозғалысы;

  • тапсырыстар туралы келіссөздер жүргізіледі.

Бір сағаттан соң бәрі тынышталып бағдарламаны қабылдауға бет бұрады. Егер уақыттан ерте басталса онда бағдарламаны қабылдау төмендетіледі немесе тіпті кейбір жағдайларда ол бүкіл бағдарлама бойы бұзылып та кетуі ықтимал.
Егер келуші арнайы музыкалық немесе шоу-бағдарламаға келген болса, онда ол қызметкерлерден бәрін сұрап алады.
Әрбір қызметкер келушіге мәлімдеп беруге тиісті:

  • бағдарлама жайлы;

  • оның жақсы жақтары туралы;

  • бұқара қайтарымы;

  • көргендердің пікірлері туралы және т.б.

Бұл ауызша жарнаманы пайдаланудың жақсы бір әдісі болып табылады.
Қызметкерлердің қайсы бірі клиентке дұрыс емес, түсініксіз, сенімсіз немесе ұғарлық емес жауап беретін болса, онда клиент сасқалақтап, бағдарламаны немқұрайлықпен тамашалауы мүмкін.
Содан соң келуші өзінің таныстары мен достарына , туысқандарына мейрамханаға барғаны туралы таңқалдырарлық емес түрмен айтып берер, ал оның өзі мүмкін болар бірнеше клиенттерден айырылу дегенді білдіреді.
Қызметкерлер мінез-құлқы жиналған қауымның мінез-құлқын қалыптастырады. Егер қызметкерлер бағдарламаға немқұрайлы қарайтын болса, келушілер де дәл сондай көзқараста болады.
Сондықтан клиенттерге қызмет көрсетуге тек олар тамақ қабылдап жатқанда ғана емес, сондай-ақ мәдени бағдарламалар өткізу кезінде де ерекше назар аудару қажет.
12. Мейрамханашыға берілетін негізгі кепілдемеліктер:

  • мейрамханалық істе ең негізгісі - өзіне атақ алу және басқа да мейрамханалар мен мейрамханашылар арасында ерекшелену, яғни жақсы жақтан көзге түсу;

  • жақсы мейрамхана бос болмауы керек;

  • мейрамханада ең бастысы - қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • тәжірбиелі және қырағы қызметкерлер - клиенттерді тартудың негізі;

  • қызметкерлермен келушілер арасында орнайтынг қарым-

қатынас - осының өзі мейрамханалық бизнес болып табылады;

  • жемістіктің басты шарты - кімге қызмет көрсеткің келетінін нақты түсіну;

  • жылдамдық - мейрамхана қызметкерлерінің ең маңызды және басты дарыны болып табылады. Қызмет көрсету жылдамдығы мейлінше бәсең болса, солай ақ келушінің көңіл күйі нашар бола түседі.

  • даяшының жұмысы үлкен назар аударуды қажет етеді. Даяшы жылы қабақ танытып қарсы алуы үшін ол жеткілікті түрде жақсы демалған болуы тиіс;

  • мекеме иесінің қонаққа деген тұрақты назары және шын ниетінен артық ештеңе жоқ;

  • демалыс уақытын жұмыста өткізу - мейрамханашының емес, қолбасшының жаман әдеті;

  • мейрамхана аша салысыммен ең алдымен қандай ас-бөлмені таңдау керек екені туралы мәселе шешіледі;

  • ас-мәзірін құрудың басты ережесі - ол мейрамхананың барынша көбірек кіріс көзіне апаратын жолға бағдарлануы тиіс, яғни, тұрақты түрде сұраныс жоқ тағамдардан арылу;

  • мейрамханашының бірінші қастары - азық-түлік жеткізу тұрақсыздығы және нашар қызметкерлер;

  • жақсы сервис - бұл қонақтарды қанағаттандыру. Керемет сервис - келушілерді олардың күткенінен асыра қызмет көрсету;

  • жақсы мейрамхана деп басқаларға ұқсамайтын мейрамхананы атауға болады;

  • келуші ауыр болуы мүмкін, бірақ ол жаман бола алмайды, неге десек төлейтін сол келушінің өзі;

  • мейрамхана имиджі немесе қызмет көрсету мәдениеті ұсақ түйектерден қалыптасады;

  • адамдар өзінің қабылдайтын тағамдарына емес, керісінше өздерінің маңыздылығын түсінгені үшін төлейді;

  • қаладағы ең жақсы мейрамхана деп өзінің қонағының атын білетін мейрамхананы атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет