Электр машиналары арасында үш фазалы синхронды генера- торлар (әлемдегі электр энергиясының негізгі көзі) және үш фаза- лы асинхронды генераторлар (конструкциясы бойынша неғұрлым сенімді және қарапайым электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіргіштер) айрықша орын алады.
Барлық айнымалы ток машиналарын жылжымайтын бөлік – с т а т о р д ы ң жалпы конструкциясын біріктіреді. Айнымалы ток- тың синхронды және асинхронды машиналарының ерекшеліктері ең алдымен айналатын бөліктің – р о т о р д ы ң конструкциясына қатысты. Синхронды машинаның роторы электр магнит болып ке- леді. Ротор айналған кезде оның магнитті өрісі ротор орамасының сымдарынан өтеді және оларда ЭҚК айнымалы шамасы болады.
Мұнда синхронды генератор мен тұрақты ток генераторының не- гізгі бөліктері, рөлдерінің орнын алмастыратындығын байқауға бо- лады: синхронды генератор конструкциясының неғұрлым таралған тұрпатында магнитті өрісті қоздыру орамасы роторда, ал зәкірдіңорамасы — статорда орналасқан (зәкір деп генератордың ЭҚК ор- наласқан бөлігі аталатындығын еске салайық, айнымалы ток генера- торында айналатын бөлік ретінде зәкір қызмет атқарады, ал статорда қоздыру орамасы орналасқан (1.1, 1.2-бөлімдерін қараңыз)).
Синхронды және асинхронды қозғалтқыштар жұмысында статор орамасымен жүріп өтетін токтармен туындайтын айналып тұратынмагниттіөріс маңызды рөл атқарады.
Синхронды машинада статордағы магнитті өрістің айналу жиілі- гі ротордың айналу жиілігіне тең болады, ал асинхронды машинада бұл жиіліктер тең болмайды.
Айналып тұратын магнитті өріс пайда болатын жағдайларды қа- растырайық.
8.1, а суретінде үш фазалы токтар жүйесінің уақытша диаграм- масы көрсетілген. Әрбір токтың лездік мәні төмендегідей уақытқа байланысты: