Бұл жердегі Ф
ш — үшінші өзекшенің - магниттік шунттың ағыны. Шунт магнит өткізгіштің басқа бөлігінен ауа саңылауы арқылы бөлектенген, және осының әсерінен, шунтта қанығу болмайды, сон-
дықтан, бастапқы орама тогының артуымен Ф
ш ағыны сызықтық заң бойынша артады.
Егер, бастапқы орамаға берілетін кернеу синусоидалды болса (
и1 лездік мәнінің уақытқа тәуелді болу кестесі 7.4 суретте көрсетілген), онда Ф
1 магнит ағыны да синусоидалды болады. (Мұндай пікір (5.1) және (5.2) жуық теңдіктерін есепке алумен, (4.3) өрнегінен туын- дайды). Магниттік шунт болған жағдайда, (7.4) теңдігі орындалады, және Ф
1 мен Ф
2 ағындары әрқалай өзгеру мүмкіндіктеріне ие бола- ды. 2 өзекшенің Ф
2 ағыны,
белгілі мәнге жете отырып, магниттік қанығудың себебінен, жарты кезеңнің үлкен бөлігі ішінде тұрақты болып қала береді, бұл 7.4 - суретіндегі тиісті кестеде көрсетілген.
Екінші реттегі ораманың ЭҚК электрмагниттік индукция заңы- на бағынады (4.1 өрнекті қараңыз), ол заңға сәйкес, магнит
ағы- ны өзгеріссіз болса, ЭҚК ықпалдандырылмайды, және ол өзгерген жағдайда ғана пайда болады. Нәтижесінде,
е2 екінші орамасының ЭҚК лездік мәнінің уақытқа тәуелді болу кестесі 7.4. суретте көр- сетілгендей, кезең сайын қайталанып тұратын шыңдар түрінде бола- ды. Пик-трансформатордың шығыс кернеуі де осындай формаға ие ((5.2) теңдеуді қараңыз.).