206
жағдайда, (9.4) теңдеуінен шамамен келесі теңдікті алуға болады U1 ≈ –Е1, бұл жерде U1 — желінің фазалық кернеу кешені ((5.1) теңдігін қараңыз). Осылайша, өзгермейтін жеткізу кернеуі кезінде, Е1 ЭҚК жасайтын, магнит ағыны да өзгеріссіз қалады.
Асинхронды қозғалтқыштың б о с ж ү р і с і кезінде, яғни, нөл- ге жақын s жылжу мәні кезінде (ротор шамамен статор өрісінің ай- налмалы жылдамдығымен жылжыған кезде), I0 статордың бос жүріс тогы I0т1kоб1w1 магнит қозғаушы күшін жасайды, бұл жердегі статор фазасының саны т1 = 3. Бос жүріс режиміндегі ротор тогы аз, мұны (9.10) және (9.11) теңдеулерінен байқауға болады.
Магнит ағынын жасау кезінде, қозғалтқыш жүктемесі режимінде (s ≠ 0 кезінде) статордың да, ротордың да тогы қатысады. Жалпы МҚК машинаның екі бөлігі орамасының кешенді МҚК сомасынан анықталады (I0т1kоб1w1 + I2sт2kоб2w2). Жүктеме режиміндегі магнит ағыны бос жүріс кезіндегідей болғандықтан, келесіні жазуға болады
I0т1kоб1w1 + I2sт2kоб2w2= I0т1kоб1w1.
(9.16)
Көрсетілген теңдеу трансформатордың МҚК теңдеуіне ұқсас (5.16), асинхронды қозғалтқыштың МҚК теңдеуі болып табылады.
т2 ротор орамасының фазалар сандарының мағынасын түсін- дірейік. Фазалық ротор орамасы статор орамасына ұқсас, және де екі ораманың саны да үшке тең. Қысқа тұйықталған роторға келетін болсақ, онда оның орамасы фазаларының саны ретінде әрқайсысы екі өзектен тұратын, оның айналым санын қабылдауға болады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндай ротор фазаларының саны «Беличья клетка» өзектері жұптарының санына тең. Онда, бір фазаның w2 айналым саны бірге тең екендігі айқын болады (фазалар саны ретінде кейбір кезде өзек сандарын алады, сонда фаза орамдарының саны 0,5 тең болады, себебі, т2w2 көбейтіндісі де сондай болу керек).
(9.16) теңдігін т1kоб1w1 бөле отырып, алатынымыз:
Соңғы теңдіктің мағынасы келесідей: статор тогы ротор тогының
магнитсіздендіру әрекетін алмастырады және өзгермейтін магнит ағынын тудырады.
Келесі белгіні енгізейік
(9.17)
ki шамасы токты трансформациялау коэффициенті болып табы- лады. Осыны есепке ала отырып, алдыңғы теңдеуді қайта жазайық:
Достарыңызбен бөлісу: |