Лобзин с. А. Электр машиналар



бет177/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

209


(9.5, а сурет) трансформатордың векторлық диаграммасымен салы- стырған дұрыс болады (5.4 суретін қараңыз).
Назарымызды екі жағдайға аударайық. Біріншіден, трансфор- матордың диаграммасымен көбірек салыстыру үшін асинхронды қозғалтқыштың ток диаграммасы (9.19) теңдігінің тікелей салдары
болып табылатын, I1+I'2s = I0 түріндегі токтар теңдеуіне сәйкес құра- стырылған. (Мұндай жазбада магниттеу тогына жақын бос жүріс тогы статор мен ротордың МҚК біріккен әрекетінің нәтижесі ретінде
көрініс табады.)
Екіншіден, трансформатордың диаграммасында U'2 векторы E'2, (–I'2R'2) және (–jI'2X'2) үш векторының сомасы ретінде құралған, бұл (5.23) түріндегі екінші реттегі ораманың кернеулер теңдеуіне сәй- кес болады. Сонымен бірге, (–I'2R'2) векторының бағыты I'2 векторы бағытына қарама қайшы келеді. (9.23) теңдеуіне сәйкес, асинхронды қозғалтқыш диаграммасында E'2 векторы I'2sR'2/s және jI'2sX'2 векторла- рының сомасы ретінде көрініс табады.
Ток пен кернеу арасындағы фазалардың жылжу бұрышын φ әріп- пен белгілейді, ал ток пен ЭҚК арасындағы фазалардың жылжу бұрыштарын көбінесе ψ әріппен белгілейді. Осыған сәйкес, 9.5 су- ретінде φ1 және ψ2 белгілері пайдаланылған.
Асинхронды қозғалтқыштың векторлық диаграммасына 9.5, б -
суретінде көрсетілген, алмастыру сұлбасы жауап береді, ол жердегі статор мен ротордың электрмагниттік байланысы электрлікке ауы- стырылған (5.5, б суретімен салыстырыңыз). Алмастыру сұлбасы бойынша келесі тұжырымдаманы жасаймыз.

  1. Алмастыру сұлбасын құрастыру кезінде, статор тогы бос жүріс тогына және ротор тогына бөлініп көрсетілген, (9.19) түріндегі ток- тар теңдігі пайдаланылды.

  2. I0 бос жүріс тогы, өз кезегінде, магниттік шығындармен пайда болған, (5.8) теңдеуіне сәйкес, Iбелсенді құраушы және магниттеу ағынын анықтайтын, I реактивті құраушы ретінде көрсетілген. I0

тогымен алмастыру сұлбасының тармағына және осы тармақтың R0
және X0 элементтеріне қатысты пікірлер векторлық диаграмма мен бос жүріс режиміндегі трансформатордың алмастыру сұлбасын қа- растыру кезінде (5.1 бөлімін қараңыз) айтылады.

  1. Асинхронды қозғалтқыш пен трансформатордың алмастыру сұл- басының ұқсастығын R'2/s белсенді кедергісін екі кедергі сомасында көрсету толықтырады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет