Лобзин с. А. Электр машиналар



бет210/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

246


10.5.-сурет. «Бұрыш беру» жүй- есі.





наластыру қолданылады, ол кезде бір фазалы қоздыру орамасы роторға, ал синхрондау орамасы статорға орнатылады.)
Сельсиндердің қоздыру орамаларында бір фазалы ток өткен кез- де өтіп тұрған магнитті өрістер пайда болады. Олар синхрондау орамаларының әрбір фазасында ЭҚК индуциялайды. Осы ЭҚК фаза бойынша сәйкес келеді (өйткені бір уақытта индуциялайды), бірақ синхрондау орамасының әрбір фазасының қоздыру орамасына қа- тысты алғанда орналасуына байланысты болатын мәндер бойынша ерекшеленеді. Мысалы, егер сельсин-датчиктің А фазасында Етcosαд
амплитудамен ЭҚК индуциялайтын болса, В және С фазаларын-
дағы ЭҚК амплитудалары бұл ретте тиісінше Етcos(αд–2π/3) және Етcos(αд–4π/3) мәндеріне тең болады (мұндағы Em— қоздыру ора- масы өрісінің осі синхрондау орамасының бір фазасы өрісінің осіне сәйкес келгенде орын алатын максималды ЭҚК амплитудасы).
Егер датчик пен қабылдағыштың роторлары қоздыру орамала- рына қатысты бірдей орналасқан болса (αд = αп), датчик пен қабыл- дағыштың синхрондау орамаларының бірдей фазаларында тең бола- тын ЭҚК индуциялайды. Датчиктің әрбір фазасы қабылдағыштың тиісті фазасына жалғанғандықтан, ЭҚК бір-бірін жұптарымен тең- геретін болады және байланыс желілерінде ток болмайды. Роторлар- дың мұндай орналасуы келісілген орналасу деп аталады.
Егер датчиктің роторын αд және αп бұрыштарының тепе-теңдігін бұза отырып бұратын болсақ, ЭҚК-ның бұрынғы тепе-теңдігі бол- майды. Синхрондау орамалары мен байланыс желілерінде теңдеуші токтар пайда болады. Екі сельсиннің синхрондау орамаларының маг- нитті өрістерінің қоздыру орамаларының магнитті өрістерімен өзара

247


әрекет ету нәтижесінде сельсиндердің роторын олар қайта келісілген орында болатындай етіп бұруға тырысатын, айналып тұратын, син- хрондайтын иінкүштер пайда болады. Егер сельсин-датчиктің ро- торын белгілі бір қалыпта ұстап тұрып, ал сельсин-қабылдағыштың роторына айналуға мүмкін беретін болса, ол бұрыштардың те- пе-теңдігін қалпына келтіре отырып бұрылады.
Алайда датчикте берілген ад бұрылу бұрышын қабылдағыштың роторы үйлесімсіздік бұрышы деп аталатын кейбір қателікпен шыға-
рады: θ = αд – αп. Мойынтіректер мен жылжымалы түйіспелерде үйке- лу күштеріне, ал жеке жағдайларда сельсин-қабылдағышқа түсетін пайдалы жүктемеге де негізделген қарсы әрекет ететін иінкүштер-
ден өту қажеттілігі үйлесімсіздік себебі болып табылады.
Үйлесімсіздік бұрышын түйіспесіз сельсиндерді қолдана отырып азайтуға болады, оларда бұрын сипатталған түйіспелі сельсиндерге қарағанда жылжымалы түйіспелер болмайды. Түйіспесіз сельсин- дерде қоздыру және синхрондау орамалары статорға орнатылады, ал ротор электртехникалық болат табағынан жиналған магнитті емес материалдан (алюминийден) аралықпен екі полюске бөлінген цилиндр болып табылады. Магнитті емес аралық ротордың осі пер- пендикуляр емес, қиғаш орналасқан. Мұндай роторды айналдырған кезде ораманың қозғалмауына қарамастан кеңістікте қоздыру орама- сымен туындаған магнитті өрістің бағыты өзгереді. Түйіспелі сель- синдермен салыстырғанда бұрышты шығарудың неғұрлым жоғары дәлділігінен бөлек түйіспесіз сельсиндер жоғары сенімділікпен си- патталады.



10.5.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет