токтың атқарушы қозғалтқышының іші қуыс роторына ұқсас жұқа қабырғалы алюминий стакан түрінде орындалады. Осылайша, тағы бір қозғалтқыштыңазинерциялығынқамтамасызетумәселесішешіледі. Мұндай қозғалтқыш белгіленген айналу жиілігіне тез же- теді. Оған елеулі қосу иінкүші ықпал тигізеді. 1-сипаттамаға сәйкес әлі айнала қоймаған қозғалтқыштың айналдыратын иінкүші (сырғу бірлікке тең болған кезде) қозғалтқыш тік бағытта айналатын кезге қарағанда неғұрлым жоғары мәнге ие болады (бірліктен кем болатын сырғу кезінде).
Іші қуыс роторы бар атқарушы қозғалтқыштың екі статоры бар: сыртқы және ішкі. Сыртқы статорға орамалар орнатылған, ал іші қуыс ротордың ішінде болатын ішкі орама магнитті кедергіні азайту үшін қызмет етеді.
10.4.
АСИНХРОНДЫ МАШИНАЛАРДЫҢСИНХРОНДЫБАЙЛАНЫСЫ
Машиналардың синхронды байланысы механикалық түрде бір-біріне байланысы жоқ екі немесе одан көп біліктердің бір уақыт- та айналуын («электрлік білік» жүйесі) не болмаса біліктердің беріл- ген бұрышқа бір уақытта бұрылуын («бұрыш беру» жүйесі) қамта- масыз етеді. Мұндай жүйелер қашықтықтан басқару, бақылау және реттеу үшін қолданылады.
«Электрлік білік» жүйесі.Бұл жүйе 10.4-суретте көрсетілген. Фазалық роторы бар бірдей М1және М2асинхронды қозғалтқышта- ры бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан және жалпы білікпен байланыса алмайтын қолданыстағы механизмдерді қозғалысқа кел- тіреді. Бұл ретте механизмдердің айналу жиіліктерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет.
«Электрлік білікке» қол жеткізу үшін бір қозғалтқыштың ротор орамасының әрбір шығуы екінші қозғалтқыштың ротор орамасы- ның тиісті шығуына электрлі жалғанады. Егер роторлар синхронды