Трансформаторлар орамаларының құрылымы. Жоғарғы қу- атты трансформаторлардың орамалары тік бұрышты қималы сым- нан жасалады. Басқа жағдайларда, дөңгелек қималы сымдарды пай- даланады. Үлкен токтарға орамаларды жасау үдерісін жеңілдету үшін дөңгелек қималы сымдардың параллельді жалғануын пайда- ланады. Сымдар мақта-маталық иірімжіппен немесе сым қағазбен оқшауланады. Орамаларды көбінесе мақта-бакелитті цилиндрде ор- наластырады. Механикалық және электрлік беріктікті қамтамасыз ету үшін бұл цилиндрге тақтайша, бұрыштық шайба және басқа да элементтерді бекітеді. Магнит өткізгіште орналасу тәсілі бойынша, орамалар дисктік және шоғырлы болып бөлінеді.
Тек қана кейбір арнайы қызметті трансформаторларда қолданы- латын д и с к т і к (кезектесетін) о р а м а л а р бірдей диаметрлі жеке диск тәріздес шарғылардан жасалады. Сонымен қатар, жоғары кер- неулі шарғылар (орамалардың бөліктері) ең төменгі кернеулі шарғы-
125
4.3.-сурет. Орамалардың кейбір түрлері:
а— дисктік; б — бұрандалы; в— шиыршықты
лармен кезектесіп отырады (4.3, а- сурет).
Ш о ғ ы р л а н ғ а н о р а м а л а р д ы цилиндрлер ретінде симме- трияның жалпы осьпен бір-бірінің үстіне (мұндай орамалар 4.1 - су- ретте көрсетілген) орналастырып орындайды. Шоғырланған орама- лар, өз кезегінде, цилиндрлік, бұрандалы және шиыршықты болып бөлінеді.
Ц и л и н д р л і к о р а м а д а ғ ы орамдар бір біріне тығыз ора- лады. Әр айналым бір немесе одан да көп параллельді өткізгіштер- ден тұрады. Орамдар көп болған жағдайда, орамалар шоғырланған шарғылардың екі немесе одан да көп санына бөлінеді, бұған қоса, шарғылар арасында (орамалар қабаттарының арасында) тік салқын- датқыш арналарды қалдырады. Ең алдымен, мұндай орамаларды, 35 кВ дейінгі кернеуге ЖК орамасы ретінде қолданады.
Б ұ р а н д а л ы о р а м а құрамында (4 тен - 20 дейін) тік бұрышты қиманың бірнеше параллельді өткізгіштерін қосатын орамдардан тұрады. Сонымен бірге, параллельді жалғанған өткізгіштер шоғы- рланған түрде орналасады (4.3, б- сурет). Сымды цилиндрлі ора- ма жағдайындағыдай, бұрандалы сызық бойынша орайды, бірақ, биіктігі бойынша орамдар арасында суытуға арналған көлденец арналарды қалдырады. Жеке параллельді өткізгіштер концентрлі түрде орналасқандықтан, олардың ұзындықтары және де белсенді кедергілері әр түрлі болады. Бұдан басқа, бұл өткізгіштер сейілту магнит ағынына қатысты, әр түрлі жағдайда орналасады (4.1 - та- рауды қараңыз). Нәтижесінде, бір орамның жеке параллельді өткіз- гіштеріндегі ток әр түрлі мәнге ие болады. Сонымен бірге, трансфор- матордағы шығындар артады. Мұны болдырмас үшін, параллельді өткізгіштердің әрқайсысы орамдағы барлық орындарға алма-кезек орналасатындай етіп (яғни, бірде ішінде болса, бірде аралық орын-