Егер ҚТ тәжірибесін суық трансформатормен жүргізсе, онда қысқа тұйықталу параметрлері 75 °С жұмыс температурасына әке- леді. Метал кедергісі температураның ұлғаюымен жоғарылайды және 75 °С кезінде қысқа тұйықталудың белсенді кедергісі болады:
мұндағы α – 1°С-ке температура өзгергенде материалдың элек- трлік кедергісінің қатысты өзгерісін көрсететін кедергінің темпе- ратуралық коэффициенті (мыс пен алюминийде α = 0,0041/°С); ҚТ тәжірибесі өткізілетін °С-нің θ — температурасы.
Ораманың орамдар санына, оның геометрикалық параметрлері- не және сейілудің магнитті ағынның күш сызықтары тұйықталатын қоршаған орта материалдарына қатысты индуктивті сейілудің ке- дергісі, орама температурасына мүлдем тәуелді емес.
Қысқа тұйықталудың 75 °С температурасына келтірілген толық кедергі, табылған
Rк75 және
Хк белгілері бойынша есептеледі:
(5.32)
Қысқа тұйықталудың номиналды кернеуі мен оның құрамдас бөліктерін, әдетте, бастапқы ораманы қуат берудің номиналды кер- неуінен пайызбен көрсетеді. Осы 75° C температураға дейін кел- тірілген шамалар, формулалар бойынша есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: