Лобзин с. А. Электр машиналар



бет124/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

146


(5.33)
Қысқа тұйықталу режиміндегі қуат коэффициентін келесідей жа- замыз
(5.34)

Төмен қуатты трансформаторлар үшін (бірнеше кВ·А дейін), өт- кізгіш қимасының ауданы кіші болғандықтан Rк75 қысқа тұйықталу- дың белсенді кедергісі Xк75 индуктивтіден көп болады. Тиісінше, Uа қысқа тұйықталу кернеуінің белсенді құрамдас бөлігі Uр реактивті құрамдас бөлігіне қарағанда үлкен болады. Бұл жағдайда фазалық ығысу бұрышы φк < 45° және cosφк> 0.707 құрайды. Жүз және мың киловольт-ампер қуаты бар трансформаторлар үшін қарсы теңсіздік- тер орынды болады.


Егер қысқа тұйықталу тәжірибесінің сұлбасында (5.6-суретті қа- раңыз) бастапқы ораманың кернеуін нөлден қысқа тұйықталудың номиналды кернеуіне дейін немесе құрал көрсеткіштерін есептеу- мен шамалы жоғары мәнге дейін реттесек, трансформатордың қысқа тұйықталу сипаттамаларын алуға болады - бастапқы орамада кер- неуден қысқа тұйықталу тогының, шығындар қуатының және қуат коэффициентінің тәуелділігі.


5.4.

ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ МЕН БОС ЖҮРІС ТӘЖІРИБЕЛЕРІНДЕ АНЫҚТАЛАТЫН ПАРАМЕТРЛЕРДІҢ ӘСЕРІ

Жүктемеге жұмыс жасау кезінде трансфоматор кернеуінің өзге- руі.
Электротехника курсынан белгілі болғандай, электр энергия (жүк- темені) қабылдағышына жұмыс істейтін қуат көзінің қысқыштарын- да U кернеуі, r қуат көзінің ішкі кедергісінде ΔU кернеуінің төмен- деу шамасына бос жүріс режимінде Uх кернеуінен төмен болады:
U = Uх – ΔU, әрі ΔU = Ir, мұндағы I — қабылдағыш пен ішкі кедергі
бойымен өтетін ток. Uх кернеуі саны жағынан ЭҚК көзіне тең. Қысқа тұйықталу ремимінде кернеу нөлге, ал қысқа тұйықталу тогы Iк=Е/r тең болады. Сонымен, көздің ішкі кедергісі, көздің қысқа тұйықталу
режимінде токты анықтайтын кедергі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет