Лобзин с. А. Электр машиналар



бет131/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

153


Бұл ретте орамалары ортаңғы өзекшеге орнатылған В фазасының (5.2-бөлімді қараңыз) магниттелетін тогы басқа екі фазаның магнит- телетін тогынан кем болады, себебі осы фазаның магнитті күштік желілерінің ұзындығы шеткі екі фазаға қарағанда аздау. Шынында, А мен С фазаларының күштік желілері тиісті өзекшелердің бойымен және үстіңгі және астыңғы жармалардың жартысынан өтеді, ал В фазасының күштік желілері тек өзекшенің бойымен өтеді. Күштік желілердің аздау ұзындығына ең аз магнитті кедергі сәйкес келеді, демек, аталған магнитті ағынды жасау үшін ең аз магниттейтін ток қажет. Бұрын айтылып кеткендей (5.2-бөлім), магниттейтін ток дер- лік бос жүрістің тогына тең келеді, сондықтан В фазасындағы бос жүріс тогы басқа екі фазадағы бос жүріс тогынан кем шығады. I0 үш фазалы трансформатордың бос жүріс тогының мәні ретінде үш фазадағы токтың орташа арифметикалық мәні алынады:

I I0a I0b I0c .
0 3
(6.1)

Маймен салқындатылатын трансформатор (майлы трансфор- матор). Бұл – қуатты трансформатордың негізгі түрі. Оның орама- лармен бекітілген магнитті өткізгіші екі функция атқаратын транс- форматор (минералды мұнай) майы құйылған бакқа орнатылған. Біріншіден, май ауаға қарағанда диэлектрлі беріктігі неғұрлым жоға- ры оқшаулауыш орта болып табылады.

6.1.-сурет. Қуатты майлы трансформаторлар.


154


Бұл трансформатордың майын электрдің тесіп өтуінің ауаның тесіп өтуіне қарағанда электр өрісінің анағұрлым жоғары кернеу- де болған кезінде туындайтынын білдіреді. Осы жағдайды ескере келе, ток жүргізу және жерге тұйықтау бөліктерінің арасындағы, сондай-ақ орамалар арасындағы оқшауланған арақашықтықты азай- ту мүмкіндігі пайда болады. Екіншіден, трансформатор майының салқындату қабілеті ауамен салыстырғанда өте жақсы. Аталған қу- атты беру үшін бұл орауыш сым мен магнит өткізгіштің қималарын кішірейту есебінен материалдардың шығысын азайтуға мүмкіндік береді (қажетті қималар қызу жағдайларымен анықталады).
Майдың қоршаған ортамен жылу алмасуы бактың қабырғалары арқылы жүреді. Қуаты 30 кВ.А дейінгі трансформаторлардың бак- тары тегіс болып жасалады. Қуат жоғарылаған кезде салқындату қарқындылығын арттыру үшін, бактың қабырғалары ойлы-қырлы (6.1-сурет) немесе құбырлы етіліп жасалады. Қуатты трансформа- торлардың майы үдемелі түрде салқындатылады: бактағы май со- рғымен сорылып, сумен немесе ауамен жылу алмастырғыш арқылы айдалып, бакқа қайтып оралады.
Трансформатор іске қосылған кезде орама мен магнитті өткізгіш қызып, майды қыздырады, бұл ретте май ұлғаяды. Осы себептен майдың үстіңгі көлемі бос қалуы қажет. Алайда, егер осы көлемді бактың бүкіл бетіне қалдыратын болсақ, онда майдың ауамен шек- тесу ауданы үлкен болады, бұл майдың қарқынды түрде тотығуы- на және соның салдарынан оның қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқтырады. Майдың бос бетін айтарлықтай кішірейту үшін бактың үстіне м а й к е ң е й т к і ш орнатылады. Май кеңейткіш трансфор- матордың багына құбырмен жалғанған болат цилиндр резервуар түрінде келеді (6.1-суреттегі астыңғы бөлікті қараңыз). Май кеңей- ткіштің көлемі бактың көлемінен шамамен 10%-ды құрайды. Май кеңейткіштің үстінде трансформатордың багына май құйылатын май құю қылтасы болады. Майдың көлемі температураның ықтимал өзгеруі кезінде бакты толық толтыратындай және майдың деңгейі тек май кеңейткіште өзгеретіндей болуы тиіс. Кеңейткіштегі майдың деңгейін бақылау үшін әйнекпен жабылған жіңішке тік саңылау – м а й к ө р с е т к і ш қарастырылған.
Трансформатордың жұмыс үдерісінде қызуы тек май көлемінің ұлғаюына ғана әкеп қоймайды. Қандай болмасын шамадан тыс қызу кезінде трансформатордың қандай да бір бөлігінен оқшаулама мен май ыдырай бастайды. Ыдыраудың нәтижесінде газ тәрізді өнім- дері пайда болады. Трансформатордың ішіндегі температураның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет