Лобзин с. А. Электр машиналар



бет132/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

155


шамадан тыс көтеріліп кетуінен қорғау (жылудан қорғау) бак пен май кеңейткішті жалғап тұрған құбырға орнатылатын г а з р е л е - с і н і ң көмегімен жүзеге асырылады. Газ релесінің негізгі бөлшек- тері ұстағыштарға бекітілген, тік жазықта орын ауысуға қабілетті екі қалтқы және басқару тізбектерінің түйіспелі жүйесі болып табы- лады. Бірінші қалтқы көлденең ернемектің астындағы газ релесінің үстіне орнатылған. Трансформатор қалыпты жұмыс істеп тұрған кез- де реле майға лық толып, қалтқы үстіңгі қалыпта болады. Қалтқының жанындағы ұстағышқа өзіне жылжымалы түйіспенің пластинасын тартатын тұрақты магнит бекітілген; бұл ретте соңғысы ескерту сиг- налдарын басқару тізбегінің тұйық күйде болуын қамтамасыз етеді (басқару тізбегі жылжымалы және жылжымайтын түйіспелер ажы- раған кезде сигналдар қосылатындай етіліп орнатылған. Мұндай сұл- балық шешім реле жұмысының сенімділігін арттырады). Бөлінетін газ көлденең ернемектің астындағы реленің үстіңгі бөлігіне жиналады да, майдың деңгейін төмендетеді. Осының салдарынан бірінші қалтқы магнитпен бірге төмен түсіріледі. Түйіспелер ажырап, ескерту сигнал- дары іске қосылады. Бұл ретте трансформатор сөніп қалмайды. Егер газ бөліну үдерісі неғұрлым қарқынды сипатта болса, майдың деңгейі тіптен төмендеп кетеді, яғни екінші, астыңғы қалтқының төмен түсуі- не және трансформатордың авариялық сөндірілуін қамтамасыз ететін басқару тізбегіндегі түйіспелердің ажырауына әкеп соқтырады.
Мысалы, қысқа тұйықталу барысында туындауы мүмкін газдың тым қарқынды түзілуі кезінде трансформатордың герметик багын- дағы қысымның өсетіні соншалықты болғаннан, бак деформацияла- нып кетеді. Деформацияны болдырмау үшін қуаты 1 000 кВ.А және одан жоғары трансформаторларға түтіндік құбыры орнатылады. Құбырдың астына бактың қақпағына бекітіліп, соған байланысады. Үстінен әйнек пластинамен жабылады. Қарқынды газ түзілімі кезін- де пластина бактың зақымдануынан бұрын жаншылады.
Майдың температурасы әртүрлі тұрпаттағы термометрлермен бақыланады. Қуаты 1 000 кВ-А дейінгі трансформаторларда бактың қақпағына металл жиектемемен орнатылатын сынапты термометр- лер пайдаланылады. Қуаты 1 000 кВ.А асатын және одан жоғары трансформаторларда бактың қапталына бекітілетін т е р м о м е - т рик а лық сигна лиза т ор бар. Қуаты 7500 кВ.А бастала- тын және одан жоғары үш фазалы трансформаторларда және қуаты 3000 кВ.А және одан жоғары бір фазалы трансформаторларда өлшеу нәтижелерін басқару қалқанына беруге арналған қашықтан темпера- тура өлшегіш болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет