ҮШ ФАЗАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬ ЖҰМЫСЫ
6.1.
ҮШФАЗАЛЫҚУАТТЫТРАНСФОРМАТОР-ЛАРДЫҢКОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
Трансформаторлықтопжәнеүшфазалытрансформатор. Үш фазалы ток тораптарында электр энергиясын трансформациялау үшін, бір фазалы үш трансформатордан құралатын трансформатор- лық топтар, сондай-ақ өзіндік үш фазалы трансформаторлар қолда- нылады.
Трансформаторлықтоптар(топтық трансформаторлар) тек
жоғары (60 МВ.А асатын) қуат болғанда ғана қолданылады. Топтық трансформатордың бір аппарат түрінде жасалған үш фазалы транс- форматордан артықшылығы мынада: топқа кіретін әрбір бір фазалы трансформатордың габариттік өлшемдері мен салмағы топтың жалпы қуатына конструкцияланған үш фазалы бір трансформаторға қараған- да кішірек болады. Осының арқасында топтық трансформаторды тасымалдау - оңай. Бұдан бөлек, егер трансформаторлық топ пайда- ланылатын болса, онда резервте бір фазалы бір трансформатор тұр- са жеткілікті. Алайда, трансформаторлық топтың құны бірдей қуатқа есептелген үш фазалы трансформатормен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, жалпы габариттік өлшемдері үлкен және ПӘК-і аз болады.
Бір аппарат түрінде жасалған үш фазалы трансформатордың кон- струкциясы 4.1, г-суретте сұлба түрінде көрсетілген. Оның магнитті өткізгішіне үш өзекше салынған, солардың әрқайсысына бір фазаға тиесілі жоғары және төмен кернеудегі орамалар орнатылады. Жеке- леген фазалардың магнитті ағындары тұйықталуы мүмкін қосымша өзекшенің қажеті жоқ, өйткені бұл өзекшенің ағыны нөлге тең болар еді. Шын мәнінде, орама фазаларының ағындары бірін екіншісіне қатысты алғанда, фаза бойынша 120° бұрышқа ығыстырылған және жиынтық ағын нөлге тең:
ФA+ ФВ+ ФС= 0.