ды.
Егер реттегіштің трансформация коэффициенті k= 1 болса, яғни
Е2= Е1= U1болса, U2min= 0 және U2max= 2U1болады.
Фаза реттегіш (бұрмалы трансформатор). Көздердің
қысқыштарындағы кернеулер мен жүктеме арасындағы фазалардың ауытқуын 0-ден 360°-қа дейін өзгерту үшін арналған. Фаза ретте- гіш индукциялық реттегіштен қосу сұлбасымен ғана ерекшеленеді: оның статор орамасы үш фазалы желіге, ал ротор орамасы жүкте- менің үш фазасына жалғанады. Осылайша, индукциялық реттегіш- ке қарағанда автотрансформаторлық емес трансформаторлық қосу сұлбасы қолданылады. Бұл жағдайда роторды бұрамдықты беріліс арқылы бұрған кезде кірме және шықпа кернеу арасындағы фаза өз- гереді, бірақ шығыс кернеудің мәні өзгермейді.
Фаза реттегіштер автоматика құрылғыларында фазалық басқару үшін қолданылады.
10.2.
БІР ФАЗАЛЫ ЖӘНЕ КОНДЕНСАТОРЛЫҚАСИНХРОНДЫҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу қағи-дасы. Егер қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың стато- рын бір фазалы орамамен жабдықтап, оны бір фазалы синусоидалық кернеу көзіне қосатын болсақ, ол синусоидалық заң бойынша өзге- ретін айналмайтын өтіп тұрған магнитті ағынды туғызады. Мұндай ағын әрбір жарты кезең сайын өз бағытын 180°-қа өзгертеді.
Үдерістерді талдау үшін бір фазалы қозғалтқышта қарсы бағытта айналатын бірдей шамадағы екі ағынды қабаттастыру нәтижесі ретін- де өтіп тұрған магнитті ағынды ұсыну қолайлы. Мұндай ұсыну келесі ұғынысқа негізделген: егер Вмодулі бар екі вектор қарсы бағытта бір- дей жиілікте айналатын болса, олардың жиынтығы болып табылатын вектор синусоидалық заң бойынша өзгереді; оның модулі 0-ден 2 В-ға дейін мәнге жетеді және құрамдас векторлар айналатын әрбір жарты кезең сайын ол өз бағытын қарсы бағытқа өзгертетін болады.
Осылайша, бір фазалы орамада туындаған Ф магнитті ағын- ды шамасы бойынша бірдей айналатын екі ағынға бөлуге болады:
Фпртіке ағын және Фобркері бағыттағы ағын, бұған қоса қосымша жағдайларды жүктемей-ақ бұл ағындар тең құқылы және тіке бағыт өздігінен таңдалады.
Қозғалтқыштың роторына қарама-қарсы бағытта айналатын екі