Лобзин с. А. Электр машиналар



бет198/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

232


айналымдағы роторды динамикалық тежеу кезінде де, статор өрісі роторға қатысты айналымда болады.
Ротор орамасында ықпалдандырылатын ЭҚК айналмалы жиілі- гінің төмендеу шамасына қарай қысқарады, сондықтан, тежелу сәті де қысқарады.
Тежелу сәтін реттеу үшін фазалық роторы бар қозғалтқышта ротор тізбегіндегі кедергілердің кедергісін өзгертеді, ал қысқа тұй- ықталған қозғалтқышта тұрақты ток тізбегіне қосылған кедергінің кедергісін өзгертеді.
Асинхронды қозғалтқыштар үшін, сондай-ақ, динамикалық теже- удің бір түрі болып табылатын және машинаның өздігінен қозуына негізделген конденсаторлық тежеуді қолданады. Өздігінен қозуды туындату үшін ротор өзегінің қалған магнит ағыны пайдаланылады. Егер, айналып тұрған қозғалтқышты желіден ағытсақ, онда статор орамасының ЭҚК нөлге тең болмайды, себебі, ротордың қалған ағы- ны фаза бойынша π/2 артта қалған, статордың әр фазасында қалған ЭҚК индукциялайды. Егер, желіден ағытумен қатар, статор орама- сын конденсаторлар батареясына қосса, онда қалған ЭҚК әрекет ету әсерінен ЭҚК фаза бойынша π/2 алда болатын ток жүреді, мұндай сыйымдылықты жүктеме кезінде болады. Нәтижесінде, осы токпен туындайтын магнит ағыны фаза бойынша қалған магнит ағынына сәйкес болады, мұның нәтижесінде жалпы магнит ағыны артады. Ағынның артуы статордың ЭҚК артуына әкеледі және ауқымдық ке- дергідегі кернеуінің төмендеуімен ЭҚК теңгерілмейінше үдеріс ары қарай жалғаса береді (2.4 - бөлімде баяндалған, тұрақты ток генера- торының өздігінен қозуымен салыстырыңыз).
Өздігінен қозумен пайда болған статор өрісі ротор орамасында токтың болуынан туындаған оның өрісімен өзара әрекетте болған кезде тежелу сәті пайда болады. Тежелу шамасына қарай, екі өріс те бәсеңдейді және олармен қоса тежелу сәті де төмендейді.
Кері қосумен тежеу. Статор өрісінің айналмалы бағытын өзгер- тумен жүзеге асырылады. Бұл үшін статор орамасын үш фазалық желімен байланыстыратын үш сымның екеуінің орындарын ауы- стырып-қосқыш арқылы ауыстырады. Асинхронды қозғалтқышты үдететін себептер енді оның тежелуін туындатады: ротор айналып тұрған статор өрісінің соңымен жүруге бағытталады.
Кері қосумен тежеу үдерісі кезінде, ротордың және статор өрісінің айналмалы бағыттары қарама-қарсы болады және де сырғу бірден артық болады ((9.2) өрнегі мен 9.6 суретін қараңыз). Сонымен қатар,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет