Егер конденсаторлық қозғалтқыштың қосылуы білікке аз жүк- теме түскен кезде орын алатын болса, қосу иінкүшін қолданыстағы конденсаторға параллель түрде арттыру үшін қосу конденсаторын қосу қажет. Қозғалтқыш екпін алған соң қосу конденсаторын сөндіру қажет, өйткені аз сырғу кезінде индуктивті және ыдыстық кедергісі бар статор орамасының тізбегінде кернеулердің резонанс жағдайы туындауы мүмкін, ол кезде орама мен конденсатордағы кернеу желі- дегі кернеуден 2-3 есе артып кетуі мүмкін.
10.3.
АТҚАРУШЫАСИНХРОНДЫҚОЗҒАЛТҚЫШ
Атқарушы асинхронды қозғалтқыш басқару және реттеу жүйе- лерінде электр сигналын механикалық қозғалысқа түрлендіру үшін арналған (тұрақты токтың атқарушы қозғалтқыштары 3.9-бөлімде қарастырылған).
Атқарушы асинхронды қозғалтқыштар механикалық сипатта- маларының тура сызықтығымен, үлкен қосу иінкүшімен, айналу жиілігін кең шектерде бірқалыпты реттеу мүмкіндігімен, үйкелетін түйіспелердің жоқ болуымен ерекшеленеді. Бұл қозғалтқыштар ватт үлесінен жүздеген ваттқа дейінгі қуатқа және 50 Гц-тен 500 Гц-ке дейінгі кернеу жиілігінен жасалады (соңғы жағдайда 30 000 айн/ мин-қа дейін айналу жиілігі қамтамасыз етіледі).
Атқарушы асинхронды қозғалтқыштың статорына кеңістікте 90 эл. градусқа ауытқыған екі бір фазалы орама орнатылады. Екі орама- ның токтары арасында фазалық ауытқуды қамтамасыз ету үшін әдетте бір орамадан жүйелі түрде конденсатор қосылады. Атқарушы қозғал- тқыштың аталған ерекшеліктері конденсаторлық қозғалтқыштың негізгі ерекшеліктерін қайталайды (10.2-бөлімін қараңыз). Алайда соңғысына қарағанда атқарушы қозғалтқыштың статорының екі орамасы сол бір фа- залы желіден емес әртүрлі екі көзден қуат көзін алады. Ораманың бірі — қ о з д ы р у о р а м а с ы — үнемі бір фазалы желіге қосулы болады. Осы ораманың тізбегіне жиі жағдайда конденсатор қосылады. Екінші орамаға — б а с қ а р у о р а м а с ы н а — басқарушы кернеу беріледі. Ол басқару жүйесінің күшейткіші арқылы жүзеге асырылады. Күшей- ткіш арқылы сонымен қатар қажетті фазалық ауытқуды туғызуға бо- лады және бұл жағдайда қоздыру тізбегінде конденсатор болмайды.
Бұрын атқарушы асинхронды қозғалтқыштың механикалық си- паттамасының турашылдығы – электрмагнитті иінкүштің сырғуға тәуелділігі атап өтілген болатын (9.5-бөлімін қараңыз). Тік механи-