Қоздыружүйелерітуралыжалпыкөзқарас. Синхронды генера- торлардың ротор орамдары (қоздыру орамдары) қуат беру көзін өзіне қоздырғыштардеп аталатын тұрақты кернеу көздерінен алады. Қоз-
283
дырғыш қуаты генератор өндіретін қуаттың 0,3...3%-ын құрайды. Қу- атты генераторлардың қоздыру тізбегінің кернеуі 650 В-тан аспайды. Қоздыру тогын реттей отырып, синхронды генератор ЭҚК-ін өзгертеді. Көмекші және реттеуші қондырғылардың қоздырғыш жиынтығы қоз- дыру жүйесі деп аталады.
Қоздыру жүйелері екі топқа бөлінеді: т ә у е л с і з қ о з д ы р у ж ү й е л е р і, онда тұрақты кернеу көздері не тура қондырғы- лары бар ауыспалы кернеу көздері қолданылады және ө з д і г і н е н қ о з у ж ү й е л е р і, олар ток көзін негізгі синхронды генератор- дан бәсеңдетуші трансформаторлар мен түзулеткіш қондырғылары арқылы алады. Маңызды күйді аз қуатты т ұ р а қ т ы м а г н и т- т е р і бар генераторлар алады, онда ротордың орамасы жоқ, тұрақты магнит болып саналады. Мұндай машиналарды шартты түрде өзді- гінен қоздыру генераторларына жатқызады, себебі, олар бөтен энер- гия көзін қажет етпейді.
Электр станцияларында орнатылған синхронды генераторлар параллельді жұмысқа қосылған. Параллельді жұмыстың ерекшелік- тері 12 - бөлімде қарастырылады. Мұнда айта кетуге болатын жайт, генераторлардың қоздыруын реттеу олардың параллельді жұмысы- ның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде, қысқа тұйықталуларда орын алатын желідегі кернеудің терең төмендеуі кезінде параллельді жұмыстың тұрақтылығын сақтау үшін қозды- руды үдету, яғни жоғарғы мәнге дейін қоздыру кернеуінің тез артуы. Қоздыру жүйелерінің маңызды параметрлеріне үдету дүркінділігі жатады, яғни жоғарғы кернеудің Uв.потноминалдыға Uномқатынасы
және қоздыру кернеуінің өсу жылдамдығымен анықталатын жыл-
дам әсер ету. Турбогенераторлардың үдету дүркінділігі 2-ден кем болмау керек, ал гидрогенераторлардың дүркінділігі – 1,8-ден кем болмау керек. Турбогенераторлар мен гидрогенераторлардың қозды- ру кернеуінің өсу жылдамдығы секундына 1,3 Uв.ном кем болмау ке- рек. Алыс электр берілістеріне жұмыс істейтін қуатты гидрогенера- торлардың үдету дүркінділігі 3.4 және қоздырудың өсу жылдамдығы секундына 10 Uв.номдейін болуы керек.